АДАМНЫ? ДЕНЕ М?ШЕЛЕРІ 5-СЫНЫП


5-сынып. Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Адамның дене мүшелері Сабақтың мақсаты: Білімділік: Адамның дене мүшелері туралы толық мәлімет беру, жаңа сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрету. Дамытушылық: Күрделі тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру, дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек. Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына байланысты тәрбиелік мақсаттағы әңгімелер жүргізу.Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, дене мүшелеріне байланысты слайдтар.Пәнаралық байланыс: валеология, математика Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, сабақта жоқ оқушыны белгілеу) ІІ. Үйтапсырмасынсұрау. Үйтапсырмасынтексерумақсатындаоқушыларғакеспеқағаздартаратып, ондаберілгенбұйрықтардыорындатамын. Мысалы: Оң қолыңды көтер. Сол аяғыңды көрсет.Оң қолыңа қалам ал. ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Сөздікпен жұмыс: - бір неше рет сөзді оқимын, түсіндіремін. - оқушылар мұғалімнен кейін қайталайды. - жаңа сөздерден сөз тіркестері құралады. - сурет бойынша жұмыс. -оқылым. -жазылым. (слайд арқылы дене мүшелерін көрсетемін) 1. Жаңа тақырып бойынша жұмыс. Бүгінгі жаңа тақырыбымыз – адамның дене мүшелері. «Адам» деген сөзге қандай сұрақ қоямыз? Кім? Ереже 1-2 баладан сұрау. 1. Слайд бойынша тапсырма беріледі. Тапсырмада көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып, сөздер жазады. Ол сөздер адам мүшелеріне қатысты. Мысалы: Б...с (а), м....рын (ұ). 2. Оқулықпен жұмыс. Тақырыпты қайталау, жаңғырту үшін 2-тапсырманы өздік жұмыс ретінде орындау. Тапсырманы тақта алдында жазбаша тексеру. Сергіту сәті. Берілген өлеңд ібірнеше реет оқып, оны қимылдармен өрнектеу. Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. 3. «Топтай біл» ойыны. Балалар берілген сөздерді үштопқа бөліп жазады. 1 – адамның дене мүшелері, 2- жеміс-жидектер, 3- оқу құралдары. 4. Ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Қайсысы артық? Неге артық?» деген слайдпен жұмыс. Берілген суреттерден артығын табады. Суретте доп, ауыз, көз, құлақ берілген. Сонымен қатар неге артық екендігін түсіндіреді. 5. Оқулықтағы 3- тапсырманы ауызша орындау. Сөйлеп үйрену. ІҮ. Сабақты бекіту. Адамның дене мүшелерін жеке-жеке қойып, орысша дене мүшелерді айтып тұрып, оқушыларды тақтаға шығару арқылы адам суретін құрау. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыға тиісті баға қоямын. ҮІ. Үйгетапсырма. Сөздік жаттау. 79 –бет, 5-тапсырманы жаттау.