Та?ырыбы:Жеті атаны білу, парыз т?рбие са?аты


.Сабақтың тақырыбы: Жеті атаны білу, парыз ІІ.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, арғы бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, жеті ата жолы туралы түсінік беріп, ұғымдарын қалыптастыру. ІІ.Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, брошюралар, кітаптар.
ІІІ.Сабақтың барысы: Ашылуы. Мұғалім: - Бабалықтан тараған ұрпақ жеті атаға толды. Қазақтың жеті атаны қолдауы –өте жақсы заң. Мұны қазіргі Неке заңына кіргізу керек. Мұндай жазылмаған заң әлемде жоқ. Оңтүстік Кореяның ғалымдары дүниежүзіндегі халықтардың қанының құрамын тексеріпті. Сонда ең таза қан-қазақтың қаны деп тауыпты. Жеті атаны ұстанады екен деген. Осында қазақтың қырық үш руының қанын тексергенде, әлгі қырық үш рудың қаны бір әкенің қанындай болып шыққан. Бұл-жеті атаның қасиеті. Жеті атаны ұстайтын қазақтан өзге ел жоқ. Ұйғыр халқы немересін алады. Өзбек немересін алады. Татар мен түрікмен де немересін алады. Немере дегеніміз-туыс. Немерені алған соң адамның қаны бұзылады да, түрлі аурулар көбейеді. Нәсіл өзгереді. Ән орындалады: 2-оқушы:- «Ақылды болуға жетелейтін үш жол бар: біріншісі-тәжірибе жолы, ол-ащы жол, екіншісі –ұқсау жолы, ол-ең жеңіл жол, үшіншісі-ойлау жолы, ең-таза жол», - дейді қытайлар. Бұл айтқандарымыздың бәрі ақылды адамға ой салады, ақылсыз адамға шыбын шаққандай болмайды. Алма ағашы жемісті көп салған сайын басы төмен иіле береді. Ақылды адам да солай. Тәрбиенің басы ұл мен қыздың теңін тауып, тегін зерттеп отау құруында. Бұл жерде ата-ананың, ағайын-туыстың атқарар ролі зор. Ән орындалады: 3-оқушы:-«Үйінде бақытты адам –ең бақытты адам» дейді дана халық. Өзіңді қоршағандарды таластырмай, ұрыстырмай, нала қылмай жүргенде ғана жігітсің. Жігіттік те оңай емес. Жігіт деп онымен пікірлескенде өзіңді жігітше сезіне алатын адамды айтуға болады. «Ер жігіттің қадірін, жақын білмес жат білер» деген де мақал бар. Халқымызда бүкіл әулет ұлдан тарайтын болғандықтан, оған қаталдықпен қараған. Жігітті шешімді, парасатты, ойлы, тапқыр болуға баулып отырған. «Әкенің үлгісіздігі-балаға, баланың нашарлығы-әкеге сор» дейді. Тегіңнің нашарлығын ойласаң, арғы –бергі, туыс-нағашыларыңды қатар күйтте. Күй орындалады: 4-оқушы:- Қазақты не үшін «Қарға тамырлы қазақ» дейді екен дегенге жауап іздеп таба алмадық. Қазақ халқы өз туыстарын атауды бірнеше салаға бөледі. Ата-баба туыстары, жеті ата туыстары, өз жұрты туыстары, нағашы жұрты туыстары, қайын жұрты туыстары жиен туыстары, бабалас туыстар, ұлы аталас туыстар, аталас туыстар, ұлы әкелес туыстар, әкелес туыстар, бала, немере, немерелес туыстар. Шөбере, шөберелес туыстар, шөпшек, шөпшек туыстар, немене, немене туыстар, туажат туыстар, тумайжат туыстар, жүрежат туыстар, жекжат туыстар болып бөлінеді. Бір атадан тараған ұрпақ-үрім-бұтақ, одан әулет немесе зәузат, зүрият, тек, арыс. Арыс-ру, тайпа болады. Ән орындалады: 5-оқушы:-Қазақ-мұсылман елі. Қазақ елінде ең алғашқы мұсылмандық жыл санауымыз бойынша 642 жылы басталды. Қазақтың Тәңір діні ислам діні қазақтың салт-санасы негізінде, бір-бірімен қабысып, жіктелмейтін дәрежеде үйлестіріледі.Қазақтың ұлттық салт-санасын қайшылықсыз толықтырады. Қазақта Жеті ата заңы тым ерте, тіпті қазақ қазақ болып жіктелместен бұрын бар нәрсе. «Жеті ата» заңы –биологиялық ғылым. Мұны бұзуға болмайды. Терме орындалады: 6-оқушы:- қазақ салт-санасында жігіттің үш жұрты болады деп есептейді.Бір ата-бабадан тараған, қандас, тектес, әлі жеті атаға толмаған, өзара қыз алысуға жетпеген өз туыстары-өз жұрты болып аталады. Өзара бірін-бірі мақтайтын, өзара бірін-бірі күндейтін, өзара салыстырғыш, теңдескіш, бықсық, бұлданғыш келеді. Қалай десең де, бұл-өз жұртың. Жігіттің қайын жұрты бар. Қолының ұзын-қысқалығына қарай міншіл, күншіл, сыншыл келеді.Табашыл. Жігіт қайын жұртындағы әйелінен кіші қыздар мен ұлдарға –балдыз, үлкендеріне қайнаға, қайын апа дейді. Жігіттің нағашы жұрты бар. Жақсы болсаң сүйінетін, жаман болсаң күйінетін, жігітке ылғи тілектес болатын нағашы елі. Қамқорың. Ән орындалады: ІV.Сабақты қорытындылау.