??стар айтысы урок для 3 класса


Сабақтың тақырыбы: Құстар айтысы.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Халық ауыз әдебиетінің үлгілерімен тереңірек танысып, ертегінің тақырыбымен идеясын, мәтінге сүйене отырып, идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту.Білім дағдыларын қалыптастыру.Сөздік қорын молайту.Өзіндік талдау, жинақтау жасау.Өз ойын әдеби тілмен машықтандыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларымен қызықтыру арқылы ынтымақтыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.Қоршаған ортаны табиғатты сүюге, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғат көрінісі.Құстар суретінің жинағы, буклет, қима қағаздар.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақ түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ-жауап, сөздік, ой қозғау, «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Қолданылатын технология: «Сын тұрғысан ойлау» технологиясының түрлері.
Сабақтың жүрісі: 1. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3.Ой ашар. Жаңа сабақ.
4. Ой қозғау.
- Мәтінмен жұмыс.
-Өздік жұмыс.
-Сөздікпен жұмыс.
-Шығармашылық жұмыс.
-Дәптермен жұмыс.
-Сабақты қорыту.
-Үй тапсырма.
-Бағалау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық жүргізу.
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар мәтінді жоспар бойынша әңгімелеу.
А) Ғалым мен жылан;
Ә) Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы;
Б) Олардың жеміс ағашына жолығуы;
В) Итке жолығуы;
Г) Балаларға келуі;
3. Ой ашар. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу.
Қанаты бар тышқан
Жасырынып күндіз,
Қараңғыда ұшқан. (үкі)
Он екі айдың біреуі
Мына менің атымда
Деп, жар салып жүреді. (көкек)
Үкі мен көкектің суретін тақтаға ілу.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-Табиғатта қандай құбылыстар болады?
-Біздің жерімізде қандай қыстап қалатын құстарды білесіңдер?
«Құстарға қамқорлық» мәтін құрастыру.
Мысалы: Қыс мезгілі.Айнала аппақ қар.Құстарға жем табу қиын болады. Сондықтан балалар ағашқа жем шашар жасап ілді. Құстар жемге келіп, қона бастады.Балалар құстарға қамқорлық көрсетті.
Жаңа сабақ . Құстар айтысы.
Ой қозғау.
Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
-Көрініс арқылы мәтіннің мазмұнымен оқушыларды таныстыру.
Өздік жұмыс
-Мәтінді іштей оқу.
Сергіту сәті.
Аппақ болып таң атып,
Түтін тіке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биік ұшады.
-Оқушыларға дауыстатып тізбектей оқыту.
Сөздікпен жұмыс.
Енжарланып- жалқауланып
Сұрақ-жауап алу.
Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
Құс аулаушы торды не істеді?
Шығармашылық жұмыс.
-Ертегідегі оқиғаға байланысты қандай қорытынды ой айта аласың.
-Ертегіні «Ынтымақ», «Ала ауыздық» деген бөліктерге бөліп, сол бөліктердің жігін ажырату.
-Құстардың аттарын атау.
- «Бірлік болмай тірлік болмас», «Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер» деген мақалдардың ертегідегі оқиғаға қатысты екенін айту.
6. Сабақты қорыту.
Ойын : «Сыйға- сый»
Суретке байланысты құстардың аттарын табу, сол құстардың берген тапсырмасын орындау.
1.Бірлік,ынтымаққа байланысты мақал айту.
2. Жұмбақ шешу.
Бар жерді қаптап,
Етеді аппақ.
Жазға қарай су болады,
Онан әрмен бу болады. (қар)
3.Бейбітшілік құсты ата.
Қай рәмізде қандай құс бейнеленген
Достық туралы мақал айт.
Құстардың қандай пайдасы бар?
6.Үй тапсырма.
Оқу ,мазмұнын айту.Бірлік,достық,ынтымақ туралы мақал- мәтел жинақтау.
Бағалау.