Батырлар к?ніне арнал?ан ерте?гілік


«Жігіт сұлтаны» сайысының сценарийі
Мақсаты: Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, тәрбиешілер, оқытушылар және біздің балабақшамыздың бүлдіршіндері.
2 жүргізуші: Армысыздар ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар, жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі сайысты біз бастайық
Сайыста көңілменен қол соғалық.
Біздерде ойын-сауық басталады,
Қазақтың қасиетті Жігіттері,
Жанына нұр дарыған, жыр дарыған.
Дария ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас алмас қылыш атанғандар.
Балабақша қасиетті Жігіттері,
1 жүргізуші: Олай болса Жігіттеріміздің батырлығын, ептілігін, білімдерін, ақылдығын тамашалайық. Құрметті тәрбиешілер, оқытушылар! Бүгін біз Батыр күніне арналған балабақшалық «Жігіт сұлтаны» байқауына жиналып отырмыз.
Бүгінгі байқауға қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік:
..........................................................................................
2 жүргізуші: Байқауымызды ашық деп жариялап, Жігіттерімізді ортаға шақырамыз.
Қошеметтеп шақырайық ортаға 1 топтың Жігіттерін .....................................
1 жүргізуші: Шақыралық қошеметпен ортаға 2 топтың Жігіттерін................
2 жүргізуші: Ортамызға 3 және 4 топтың Жігіттерін шақырамыз.........................
 Жігіттер келіп жетті танысуға,Бойындағы бар дарынды дамытуғаҚорықпастан ортаға келіп жеттіӘдеппен сіздерменен танысуғаЖігіттеріміз өздерін таныстырып өтсін.Ал әділқазылар алқасы берген бағаларын
айтып өтсін.
1 жүргізуші: - Енді сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейік:
Сайысымыз 6 бөлімнен – аялдамадан тұрады.
1 Интеллектуалды «Ескірмейтін есті сөз» - сұрақтар
2 Спорттық - «Күш атасын танымас» - «Әтештер күресі», «жастықпен төбелесу».
3 Музыкалық аялдама – «Әнді кім таниді»
4 Әзіл-сықақ аялдамасы - жануарды көрсету
5 Би аялдамасы – қара жорға, рэп
6 сурет салу аялдамасы – батырдың бейнесін салу
2 жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.1 жүргізуші: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызда аяқталып келеді. Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.