»??стар — бізді? досымыз»


Айналадағы әлеммен танысу оқу іс – әрекетінің ұйымдастыру технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным,қатынас, шығармашылық
Бағдарлама тараулары: -------------------------------------------------------------------------------------------------Тақырыбы: Құстар біздің досымыз
Мақсаты: Құстар түрлерімен және олардың тіршілігімен таныстыру. Жұмбақ шешу, жаңылтпаш айтқызу арқылы тілдерін, ойлау қаблеттерін дамыту.Құстарға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Құрал – жабдық: құстардың суреті, үнтаспа,слайдтар,құстың дене бөліктерінің суреті,
бояуға арналған көгершіннің суреттері ,сулы бояу, сүлгі
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотива -
циялық
қозғау -
шы ке -
зең
Амандасу.
Балалардың орманға саяхатқа баратындықтарын хабарлау.
Суреттер көрсетіп , сұрақтар қою. Балалар біз орманға саяхатқа барамыз.
Қане барлығымыз қол ұстасып автобусқа мінейік.орындарымызға отырайық. Автобус ішінде тыныштық сақтаңыздар.Көзімізді жұмайық, көзімізді ашайық.Міне орманға да келіп жеттік.Тыңдаңдаршы құстардың дауысын ай, тамаша сайрайды екен.
Балалар қазір қай мезгіл ? көктем.
Көктемде құстар қайдан келеді?
Жылы жақтан. Өте тамаша.
Жүріңдер, мына жақта қандай құстар бар екен?
Қандай құстар туралы тақпақ білесіңдер?
Іздену -
ұйым -
дастыру -
шылық
кезең
Сергіту сәті:
Жұмбақтардың шешуін табуды ұсыну.
Құстардың дене мүшелерін атау.
Басы, денесі, құйрығы, қанаты, аяғы, тұмсығы, көзі. Дене бөліктерін жапсыру.
Құстардың басқа жануарлардан қандай ерекшелігі бар? Олар ұшады.Балапандары жұмыртқадан шығады.
Олар қандай екі топқа бөлінеді?
Үй және дала құстары болып бөлінеді.Үй және дала құстарының слайдтарын көрсету.
Орнымыздан тұрайық ,
Қанатымызды жазайық.
Қарлығаш боп ұшайық,
Қыран болып самғайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Мына өзеннен қалай өтсек болады екен ?
Жұмбақтардың шешуін табайық.
Құйқылжытып дала күйін, үй ішінде салады үйін (қарлығаш)
Тұмсығы қашау, кәсібі ұя жасау, Ағашты қорғап, құрттарды асау. (тоқылдақ)
Орманшы атаймен танысу.
Жаңылтпаш айту.
Ойын: «Ұшты, ұшты» Су бетін сызып, Аққұман жүр жүзіп (аққу)
Күндіз соқыр не деген, түнде қандай көреген. (үкі)
Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ. (қарға)
Мынау кімнің үйі екен, орманшы атайдың үйі ғой. Ол кісі орманды қарап жүреді.ондағы аңдар мен құстарға қамқор болады.
Қане атайға жаңылтпашымызды айтып берейік.
Атай мен бірге ұшты , ұшты ойынын ойнайық.
Сау болыңыз атай.
Тобымызға оралайық.
Рефлек –
сивті
корри -
гиялық
кезең
Сабақты
қорытындылау.
Сұрақтар қою.
Құстардың дыбыстауы
Көгершінді бояу
Тақпақ айту.
Белсенділік танытқан балаларды мақтап, мадақтау. Қандай құстарды білесіңдер?
Құстарды қорғау туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Құстардың дыбыстауы:
Торғай – чрык –чрык
Сауысқан – шық –шық
Қарға – қар – қар.
Көгершін – гур – гур
Көкек – кө – кек – кө – кек
Қаздар – қаңқ – қаңқ
Көгершіндерді бояу.
Қандай құсты білесің
Торғай отыр томпиып Үнсіз бір сәт тұрмайды,
Құйрықтары шолти Әнші бұлбұл жырлайды.
Сауысқаның сақ Көкек: кө-кек, кө- кек! – деп,
Жапалағың тағы отыр. Өз атын көп бұлдайды.
Ұзақ отыр үңіліп, Адамзаттың жақыны,
Қарға қарар түңіліп. Қарлығаш та ақылды:
Байғыз зарлап жылайды Көгершін мен екеуі
Екі көзі жұмылып. Жайлайды бір шатырды.
Білу керек: құстардың түрлерін атай білу керек.олардың дене бөліктерін білу керек.
Құстар туралы тақпақтар білу керек, жұмбақтар шеше алу керек. Олардың қалай дыбыстайтынын және пайдасын білу керек.
Қалыптасқан әдет: түсіндіру, әңгімелесу, саяхатқа шығу, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту, тақпақ айту, ойнау, жапсыру, бояу.
Істей біледі: Құстарды атай біледі олардың дене бөліктерін атай біледі. Құстар туралы тақпақтар біледі, жұмбақтар шеше алады. Құстардың қалай дыбыстайтындарын біледі. Құстардың пайдасын және оларды қорғау керектігін біледі.