?зін-?зі танудан саба? жоспары Тіл табыса білейік 1 сынып


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып:Тіл табыса білейік.
Құндылық:Дұрыс әрекет.
Қасиеттер:Қарым-қатынасты бұзбау,ата-анаға,мұғалімге және үлкендерге деген құрмет,тыңдау
Мұғалiм:Нурбикенова Асемгуль Жанабаевна. Cынып.1 «Ә» Оқушылар саны:26
Сабақ мақсаты: Татулық туралы ұғымдарын кеңейту арқылы,дұрыс әрекет құндылығына тәрбиелеу.
1. Білімділік: Қарым-қатынасты бұзбау арқылы,дұрыс әрекет туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Жақсы әдеттерді сақтауға,басқалар жайлы жаман сөз айтпауға,үлкендерді тыңдауға дамыту.
3. Тәрбиелік:Ата-ананы,мұғалімдерді және үлкендерді құрметтей білуге тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Слайд,,аудиоәуен
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәтi. №1 «Нұрға бөлену»
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Өсиет әңгіме»әңгімесі
Сұрақтар:
1. Адам, Ат, Ит үшеуі қандай келісімге келді?
2.Жапалақ неліктен жалғыз қалды?
3.Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?


Сабақ барысын талқылау:
Дәйек сөз:Келісіп пішкен тон келте болмас.(мақал)
Дәйек сөздің мағынасын ашу.
Сұрақтар:
Не себепті келісу керек деп ойлайсыңдар?
Тіл табысу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгiмелеу (сұхбат).
Піл мен Маймыл
Ертегі
Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты.
– Дүниеде менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! – дейді Піл мақтанып.
– Ағаштан-ағашқа мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! – дейді Маймыл тез-тез сөйлеп.
Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең соңында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен.
280606539497000– Уа, данышпан, Үкі! – дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып.
– У-у-х! Өй! – деп Үкі шошып кетеді. – Не болып қалды? Айта беріңдер!
– Піл: «Дүниедегі ең күшті менмін», – деп мақтанады. Ал мен оған: «Дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін. Төрелігін өзің айтып бер.
– Бір сөзбен айтқанда, – дейді Піл сөзге араласып. – Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма?
Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады.
– Мына өзеннің арғы жағында бір зәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, –дейді Үкі.
Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл:
– Өзеннен қалай өтеміз? – деп уайымдайды.
– Уайымдама! Кел арқама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! – деп Піл Тұмсығын көкке көтеріп, мақтана қышқырып алады.
Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді.
Зәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп:
– Алманы қалай жинаймыз? –деп уайымдайды.
– Сен осы жерде тұр, – дейді Маймыл қуанып. – Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой!
Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді.
Үкі тағы да көпке дейін көзін ашпайды.
– Уа, ормандағы құс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, – дейді Маймыл.
– Сен өзеннен өзің өттің бе? – дейді Үкі көзін ашпаған күйі.
– Піл өткізді.
– Епті едің ғой, ебің көмектеспеді ме?
– Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді.
– Ал, Піл, сен зәулім биіктегі жемісті қалай тердің?
– Маймыл көмектесті.
– Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма?
– Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім.
– Дұрыс, – дейді Үкі. – Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат – достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістеріңді өздерің жей қойыңдар. – Мен мүлде алма жемеймін.
Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен.
Сұрақтар:
1. Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай қол жеткізді?
2.Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді? 3.Ренжіскенде қандай көңіл күйде боласыңдар?




2.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1 топ. «Байланыстырғыш» суреттері арқылы шағын әңгіме құрастыру/Ағаштар,күн,доп,су құйғыш/
2 топ.Сюжетті суретті пайдаланып,әңгіме құрастыру.
3 топ.Жеке суреттерді бір-бірлерінен ажыратып,екі топқа жапсыру/дұрыс және бұрыс ажырату/.
Мұғалімнің оқушыларға сыйы:Мультфильм «Что такое хорошо,что такое плохо.» Үй тапсырмасы.
Конвертке жақсылық туралы материалдарды жинақтау.
Топпен ән айту. Бала тiлегi
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Кел, достарым, әндетiңдер, билеңдер,
Гүлденсiн деп атамекен – қара орман.

Болашақтың иесiмiз бәрiмiз,
Туған жердiң түрлендiрер нәрiмiз.
Алтын бесiк — ұлан-байтақ елiмде,
Жарқын болсын шырқап айтар әнiмiз.

Қалықтаған көгершiнi көгiнде,
Мұңаймасын ешбiр бала елiмде.
Ата берген батаменен көркейсiн,
Ұлы Отаным, тiлегiм сол менiң де
Соңғы тыныштық сәтi.
Мұғалімнің сөзі:-Балалар,барлығымыз көздерімізді жұмып,бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттер өмір бойы сендерге қуаныш әкелсін және де сол қасиеттерді мәңгілік жүректеріңде сақтаңдар..Енді көзімізді ашайық.Өте жақсы сіздерге көп рақмет!
Тыныштық,тыныштық,
Тыныштық барлық жерде
Тыныштық барлық әлемде