Аралар мен ??мырс?алар — ?о?амды? буна?денелілер


Бекітемін:
Күні: 31.01.2017
Сыныбы: 7 «А»
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар – қоғамдық бунақ денелілер.
Сабақтың мақсаты:  Аралар мен құмырсқалардың тіршілігі мен отбасы құру ерекшеліктері және мінез — құлықтары мен түйсігі жайлы мәлімет алу.
Оқушылардың тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын ізденушілікке бағытталған тапсырмалар беру арқылы дамыту.
Тәрбиелік мәні — олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жайлы білу, өмірдегі пайдалы жақтарын білуге үйрету және тіршілік иесін қорғай білу.
Құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, слайдтар, бейнефильмдер, түрлі-түсті суреттер.
Сабақтың өтілу барысы:
 І. Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушыларды суреттер арқылы  4-топқа бөлу. Карточкалар берілген реттік санымен, санның артында гүлдер бейнеленген.
1 топ «Алоэ»
2 топ «Кактус»
3 топ «Фикус»
4 топ «Шефлера»
ІІ. Әр топ өз ортасынан 1 топ басшы, 2-3 спикер, 1 дизайнер, 1 программист сайлайды. Төмендегі бағалау парағы бойынша топ басшысы өз мүшелеріне баға қойып отырады.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы бойынша Жаңа тақырыпты меңгеру Жаңа тақырыпты бекітуде Барлық ұпай саны Топтық ұпай саны
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Үй тапсырмасы: Осы отрядтардың өкілдері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілер—адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу.
Топтар тақтада берілген ұяшықтарды таңдап ішінде берілген тапсырмаға толықтай тоқталып өтеді. Үй тапсырмасын айтқан оқушыны топ басшысы бағалау парағына түсіріп отырады.

ІІІ. Жаңа тақырып
Бос ұяшықтан төмендегі жұмбақ көрсетіледі.
Тыру — тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
(Ара)
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
(Құмырсқа)
Мұғалім:  Топтасып тіршілік етуіне байланысты мінез — қылығы күрделене түскен осындай бунақденелілер қоғамдық  деп аталады. Олай болса біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Аралар мен құмырсқалар — қоғамдық  бунақденелілер деп аталады.
Мұғалім жалпы түсінік береді. Мәтінмен жұмыс жүреді.
Жаңа сабақты баяндау (слайд арқылы)
IV. Жаңа сабақты бекіту
Ұяшықтарда сұрақтар берілген. оқушылар өздері таңдау арқылы жауап береді.

Рефлексия «Өрмекші стратегиясы»
 Оқушылар шеңбер жасап тұрады да бүгінгі сабақта не білгендері жайлы айтып шығады.
V. Бағалау және үй тапсырмасы.