Математика п?нінен саба? жоспары: Арифметикалы? ж?не геометриялы? прогрессия?а есептер шы?ару (9-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың практикалық қолданылуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың білімдерін бекіту, қорытындылау. Нақты мысалдар арқылы алгебраның жалпы адамзаттық мәдениеттің бөлігі екеніне көз жеткізе отырып, практикалық мазмұндағы есептерді шешу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, ойлау қабілетін дамыту, зерделігі мен зеректігін айқындау, логикалық қасиеттерін арттыру. Математика мен айналадағы өмірмен байланысын көруді үйрету, математика тілінде сауатты сөйлеуді үйрету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: оқушылардың көпмәдениетті тәрбиелік танымын дамыту, қоғаммен санаса отырып, жан жақты тұлға қалыптастыру, белсенділігін, ынтасы мен жауапкершілігін арттыру.
Құрал жабдықтар: компьютер, презентациялар, есеп мәтіндері жазылған кеспе қағаздар, бағалау парақтары.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу;
- Оқушыларды тугендеу;
- Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру
“Біз нені білеміз” ( сұрақ- жауап арқылы)
Сан тізбегі деген не?
Қандай тізбекті арифметикалық прогрессия деп атайды?
Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды айтады?
Қандай сан тізбегін геометриялық прогрессия деп атайды?
Геометриялық прогрессияның еселігі деген не?
Арифметикалық прогрессияның n-мүшесінің формуласын жаз?
Геометриялық прогрессияның n-мүшесінің формуласын жаз?
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы «Кім жылдам?» тапсырмалары (кеспе қағаздарды формулаларды құрастыру)
an = a1 + ( n-1)d
bn = b1• qn-1
Sn =.
Sn =
S =.
an = .
bn= 
d = an + 1 – an.
q = 
«Тапқыр болсаң, тауып көр!» есептер шығару
1. а1=5, а3=15, а2=? d=?
2. а11=23, а21=43, а50=?
3. а4=9, а9=-6, Sn=? n=?
4. а1=14, d=2, а2 , а3 , а4 =?
5. а1 + а6 =26, а2 + а3 =18 а1 =?
6. 3,13,23,33...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?
7.-15, -5, 5, 15, ...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?
8.3, 33, 333, 3333...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?
9.4/2, 4/5, 4/7, 4/9...; -тізбек арифметикалық прогрессия бола ма?
10.в1=3, в3=48, в2=? q=?
11. в1=5, q=3, Sn=200, n=?
12. в1=18, в3=2, в2=? q=?
«Өз күшіме сенемін!» әр оқушыға жеке-жеке есептер
9 сыныптың оқушысы оқу жылының басында 300 дәптер сатып алды. Ол апта сайын 6 дәптер пайдаланады. 6 апта соңында оқушының қанша дәптері қалды?
Жауабы:
Қаланың халқы 2009 жылы 25000 адам болды. Жыл сайын 300 адамға өседі. Қаланың халқы 2013 жылы қанша болды?
Жауабы:
3)Дүйсенбі күні Марат машинасының багіне 40 л жанармай құйды. Сейсенбі күні ол 4 л жанармай жұмсады. Келесі күндері 2 л жанармай жұмсап отырды. Аптаның әр күнінде бакта қанша жанармай қалады?
Жауабы:
4)Қанаттың 10 теңгесі бар. Оны күн сайын 2 теңгеге көбейте алады. 20 күннен кейін Қанаттың ақшасының қанша болатынын есептеңдер
Жауабы :
Сабақты қорытындылау
Балалар сабақты аяқтамастан бұрын қорытындылап кетейік:
Не білдік? Не үйрендік? Нені Қайталадық?
Прогрессия дегеніміз не?
Неше түрі бар?
5. Анкета

6. Үй тапсырмасы: №253, 55бет; №266, 56 бет
7.Бағалау