Проект по теме Каспий те?ізі бойында?ы ?сімдіктер жамыл?ысы


Б.Жұмалиев атындағы орта мектепҒЫЛЫМИ ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫ: КАСПИЙ ТЕҢІЗІ бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы»
ЖЕТЕКШІ: Баймағанбетова Бағила.
ЖОБА АВТОРЫ: Бақтығали Нұршат.
Шетпе селосы
2015 ж
Мазмұны
I. Кіріспе :
Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны 5
II. Негізгі бөлім:
​ Каспий туралы мағлұмат.............................................................6
​ Каспий теңізі бойындағы өсімдіктер
жамылғысы мен экологиясы......................................................7
III. Қорытынды:
​ Өсімдіктерді сақтау, қорғау- келешек ұрпақ міндеті
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Түйін
Ғылыми – зерттеу жұмысы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы аясында және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында көрсетілгендей «Жасыл ел» бағдарламасына сай жүргізілген.
Жас жеткіншектерге тиянақты білім беру жолдарының бірі – жергілікті материалдарды сабаққа қолдану болып табылады. Соның ішінде өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны биологиялық жағынан ерекше сипатталып, халық медицинасындағы маңызы аталып көрсетілген. Оқушы өз еңбегінде экологиялық жағынан да білімдарлығын көрсете білген. Бұл жұмыс болашақта оқушының дәрігер болуына жол ашары сөзсіз.
Тақырыбы: «Каспий теңізі бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы »
Ұраны: «Табиғатым-тағдырым»
Белгісі:
Мақсаты:
Туған ауылымыздың іргесіндегі өсетін өсімдіктер және олардың экологиясымен танысу барысында іздену, шығармашылық ойлау, зерттеу қабілеттерімді айғақтау, ғылыми-ізденіс жолында байқампаздық қабілеттерімді дамыту барысында ғылыми көзқарасымды қалыптастыру.Жобаның негізгі мақсатына сай төмендегідей міндеттерді жоспарладым.
- Жергілікті жеріміздің табиғат байлықтарына қамқорлық жасап, табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғынып,өсімдіктер дүниесін зерттеу, көбейту және санын сақтау.
- Туған өлкені сүюге, табиғи ортаны аялап, жанашырлық сезіммен қарауға үйрену, табиғат байлықтарын қорғауға деген сезімді қалыптастыруға машықтану.
- Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану жолында экологиялық саналылығымды тәрбиелеу.
- Жергілікті экологиялық проблемаларды шеше білуге дағдылану.
- Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндеттерді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру, немқұрайлыққа қарсы күресе білу.
- Айналадағы жақсарту іс-әрекетінің барлық түріне белсене қатысу, табиғатты қорғау қажеттілігін тұжырымдау.
- Өсімдіктердің халық медицинасында одан әрі қолданылуын насихаттау.
Әдістері: Табиғи жинама материалдарды, кеппешөп даналарын және биологиялық таратпа материалдарды қолдану арқылы саралау, зерттеу, сипаттау әдістерін жүзеге асыру.
Жобаның өзектілігі.
Жас жеткіншектерге тиянақты білім беру жолдарының бірі – жергілікті материалдарды пайдалану. Бұл ұстаным, әсіресе, ауыл мектептері жағдайында қажет-ақ.
Ауылда өсіп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған біздер үшін маңайдағы заттар, жануарлар мен өсімдіктер, жер бедерін, ондағы құбылыстарды күнделікті көре өсу, ол туралы өзіндік білім қоры болары сөзсіз. Осы білімді мектепте ғылыммен ұштастыра білсек есімізде ұзақ уақыт сақталады.
Өсімдік – табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол – тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізі осы өсімдіктерден алынады, өсімдіктерден тұрады.
“Өсімдіктер дүниесі – табиғаттың өндіргіш күші іспеттес”-деп, ғалым М.И.Галенкин тегін айтпаса керек. Олар үнемі өсіп-өніп, молығып тұрады. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал азықтық, дәрілік қасиеттері бар өсімдіктердің өзі біздің табиғи ресурстардың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да олар өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады, ауыл мен қалаларды көгалдандыруға, топырақты құнарландыруға пайдаланылады. Өсімдіктердің көбі азық-түліктің қайнар көзі, халықтың байлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының территориясындағы өсімдіктер жамылғысын зерттеу, шөптесін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін толық біліп, тіршілік формаларына ғылыми тұрғыдан сипаттама беру үшін олардың белгілі бір жағдайдағы онтогенездік морфогенезін білу өте қажетті, өзекті мәселе.
Жалпы алғанда өсімдіктердің ішінде қажетке жарамсызы жоқ, улы өсімдіктердің өзі де шикізаттың қайнар көзі болып отыр. Соған байланысты ауылымыз Боранның табиғатын қорғау үшін, онда өсетін өсімдіктердің тіршілігі мен маңызын тереңірек түсіну барысында әсем, сұлу табиғатымыздың аясындағы Ертіс өзені бойындағы өсімдіктерге ғылыми-зерттеу жұмысын жүргіздім.
Жобаның ғылыми жаңалығы.
Жергілікті жердің өсімдіктерін зерттей келе, олардың биологиялық ерекшеліктерін біліп, медициналық тұрғыдан да білімімді тереңдете жетілдіре түстім. Өз бетіммен қажетті нәрсені іздеуге бағытталдым. Бұл биология ғылымы үшін аз да болса қосқан ұлы ісім!
Ғылыми жобаның практикалық негізі ретінде белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі фактілері, өзге баспасөз бетінде жарияланған биология саласындағы ғылыми-практикалық және публицистикалық материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, фотосуреттерден, табиғи нақты деректерден тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі 29 бет.
Кіріспе
Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрлері бар. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осындай байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар.
Адамдар мен жануарларға оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауа қабатына оттегін бөліп шығарады, ауаны шаң мен улы газдан тазартады және ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Өсімдік айналадағы ортаны жақсартады: ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.
Адам мен жануарлардың тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі адамдар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады.
Өсімдіктер әлемінен органикалық заттар өте көп өндірілуде, бірақ халықтың саны жедел өсіп барады. Сондықтан табиғи өсімдіктерден алынатын өнімдерді молайтып, халықты тағаммен, өнеркәсіптік шикізатпен, малды жемшөппен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын маңызды бола түсуде.
Өсімдіктердің медицинада алатын орны да орасан зор. Өсімдіктің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Оларды адам сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.
Ауаны, суды, топырақты тазартуға да өсімдіктің әсері мол. Елімізде барынша кең таралған кәдімгі теректің газ бен түтінге өте шыдамды екені анықталды.
1 га жердегі жас теректердің жапырақтарын жаз бойы 300 килограмнан артық шаң басады. Терек ауадағы көмірқышқыл газын сіңіру жағынан қалған ағаштардың қай-қайсынан да алда тұр. Теректің жапырақтары мен бүршіктерінде ауадағы зиянды микробтарды өлтіретін ұшқыш зат болады, олар ұдайы ауаға таралады. Осылай өсімдіктердің тірі ағзалар ішінде алатын орны ерекше болып саналады.
Негізгі бөлім
Каспий туралы мағлұмат
КАСПИЙ ТЕҢІЗІ (ежелгі каспи тайпаларының атауынан шыққан) — Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Әзербайжан және Ресей мемлекеттері аумағындагы тұйық теңіз. Аумағына, көлеміне, даму тарихына, физ.-геогр. сипатына қарағанда теңіз қатарына жатады. Ежелгі тарихи аттары (72 атауы болған); Чиркан, Хвалын, Хазар, т.б. Еуразия құрлығының ішкі шөлейт және шөлді аймағында орналасқан. Теңіз дүниежүз. мұхит деңгейінен төмен жатыр. Айдын суының деңгейі оның су жинайтын алабының ылғалдануына қарай өзгеріп отырған (500 жылдық циклді). Әрбір 250 — 260 жыл ішінде теңіз деңгейі көтеріліп және түсіп отырған. Сондықтан оның жазық солт. және солт.-шығыс бөліктерінде ел тұрақтамаған. К.т. солт-тен оңт-ке қарай 1200 км созылған, орташа ені 320 ш, жағасынын ұз. 7 мың к.ч, оның 630 км жағалауы Қазақстанның үлесінде. Теңіз денгейінен ~ 28 м орналасқан жағдайдағы ауд. 376 мың км, көлемі 78 мың км3, ең терен жері 1025 м. Ірі шығанақтары: солт-нде Кизляр. Комсомол, шығысында Маңғыстау. Кендірлі, Қазақ, Қара-Буғаз-көл, Түрікменбаши, батысында Аграхан, Баку (Бакы) қойнауы. Оңт-нде таяз лагуналар көп. Теңізде 50-ге жуық аралдар бар. Олардың жалпы ауд. 350 км2. Ірілері: Құлалы, Тюлен, Шешен, Артем, Жылыой, Булла. К. т-не солт-тен Терек, Еділ, Жайық, Жем (Ембі), батысынан Су-лак, Самур, Кура, оңт-нен Горган, Сераз, Сефидруд өзендері құяды. Шығыс жағалауында тұрақты ағынды өзендер жоқ. Солт. жағалауы ойпатты жазық келген. Мұнда теңіз суының шалқып-шегінуі әсерінен кең алқапты қайраң қалыптасқан. Өзен сағаларында (Еділ, Жайық, Терек) атыраулық жаға ұлғаюда. Батысы мен шығысындағы Маңғыстау жағалауы жарқабақты, батыс жағалауының кейбір жерлері, Қара Бұғаз-Көл қайрандары, Түрікменбаши түбегінен бастап оңт-ке қарай аккумулякты жаға болып келеді. К. т. түктік бедері мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай Солт.Каспий, Орт. Каспий және Оңт. Каспиге бөлінеді.
Каспий теңізі бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы.
Табиғат – адам бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын әсемпаз сұлулық пен өсімдік әлемі. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында ең күрделі мәселе тұр. Ол өзіміз тіршілік етіп отырған қоршаған ортамызды келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай өсімдіктері мен жануарларына зиян келтірмей жеткізу болып табылады.
Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай, елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың басында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы заң қабылданды.
Елімізде қабылданған бұл экологиялық кодекстің 7-ші бөлімі “Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық” деп аталады.
Қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы экологиялық жағдайлардың күннен күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және т.б. жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат. Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық, өте күшті су тасқындары, сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отыр.
Табиғат-өзара байланысты құбылыстардың тұтас, өте күрделі комплексі. Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті, оны аялау – адамның азаматтық борышы. Ол табиғатпен үздіксіз бірлесе әрекет жасайды. Демек,өзіне қажетті ауа, су, тамақ және өндірістік шикізаттарды адам табиғаттан алады.
Біздің планетамызда өсімдіктер және жануарлар әлемі биосфераның маңызды бір бөлігі болып саналады.Егер өсімдіктер тамыры арқылы топырақтан, күн сәулесі есебінен органикалық емес заттардан әр түрлі химиялық элементтерді пайдаланып органикалық заттар түзсе, жануарлар өсімдіктерді жеп, ондағы химиялық элементтерді өз денесіне сіңіреді.Сөйтіп, тірі организм табиғаттың дамуы мен тіршілігінде орасан зор және алуан түрлі роль атқарады.
Атам заманнан-ақ адамзат табиғат тамашаларына еліктеп келеді. Ежелгі мақсаты ізденіске негізделген адам табиғаттан тәлім алып, күнделікті тұрмысына қажеттісін пайдалануымен бірге, алақанға салып аялауды, оның асыл мұрасын қадір тұтып, мол байлығын қорғай білуді де естен шығарып көрген емес.
Адам баласы көп уақытқа дейін планетамыздағы мекендейтін жануарлар және өсімдіктер әлемін табиғаттың таусылмас қоры деп қарады. Олар “табиғатты бағындыру” дегенді желеу етіп, ормандағы ағашты балтамен шапты, құнарлы жерді темір тісті қарапайым құралдармен берекесіз қопарып, табиғатқа қиянат жасаған кездері де болды.
Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Осы ата-бабамыздан мирас болып қалған қасиетімізді біздер, яғни жас ұрпақтар санамызға құя білуіміз керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы жылдарда күшейді, сондықтан адамзат баласы экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алуы керек.
Табиғат байлықтарының бір тобы жасыл желекті орман-тоғайлы алқап.Орман-тоғайдың, жайылымға қажетті өсімдіктердің де жеке түрлерінің қадір-қасиетін халқымыз жақсы білген. Тіпті, жаһан түзде өсіп тұрған жалғыз ағаштың өзін “әулие-ағаш” деп, дәріптеп, оны кесуге мүлде рұқсат етілмеген бұл бабаларымыздың жазылмаған заңы болған.Әсіресе мал шаруашылығына қажетті жайылымдарды дұрыс пайдалануға ерекше көңіл бөлген екен. Асыл сөздің шебері Саққұлақ шешеннің мына айтқан сөзін мысалға келтірейін: «Орман тоғай – жер сыны, бетеге – жусан – бел сыны, көкорай шалғын – көл сыны, ебелек -ермен – шөл сыны». Мұнда бабамыз әрбір жердің табиғатында өзіне тән өсімдіктер тобы болатындығын атап көрсеткен.Осы айтылған ойды басшылыққа ала отырып, Каспий теңіз алқабында өсетін біраз өсімдіктерімен таныстырып өтейін:
Долана-Бояршник-Crataegus.

Биологиялық ерекшелігі: Биіктігі
қызғылт-қоңыр түсті, жылтыр, тікенді, жапырағы ірі, жұмырқа пішіндес, ұзындығы 2-6 см, тақтасының үстіңгі беті қою жасыл түсті, астыңғы жағы ақшыл-жасыл түсті, қалың түк басқан, жиектері тіс тәрізді, иректелген, өркен бойына кезектесіп орналасады. Жеке гүлі 5 тостағанша жапырақшадан, ақ, қызғылт түсті 5 күлтеден, 20 аталық, 3-4 жеміс жапырақшадан тұрады. Мамыр және маусым айларында гүлдейді, жемісі ақшыл қызыл түсті, жидек ішінде 3-4 сүйегі бар, тамызда піседі. Қар жауғанда ағаш басында түспей тұра береді.
Қолданылуы: Жүйкені тыныштандырады, қан қысымын төмендетеді, жүрек бұлшықеті мен ми нейрондарын оттекпен қамтамасыз етеді.
.
Жусан-Полынь-Artemisia.

Биологиялық ерекшелігі: Биіктігі бір жарым метрге дейін жететін, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Сабағы қырлы-қырлы түзу, бұтақтары көп. Тамыр жапырақтарының сағақтары ұзын, қауырсын тәрізденіп 2-3 тілімделген. Сабақ жапырақтарының сағақтары қысқа, ең жоғарғылары отырмалы. Өсімдіктің барлық бөлігін сұр түсті жібек сияқтанып қалың түк қаптаған. Гүлдері майда, сары түсті түтікшелерден тұрады. Олар шар тәрізденіп, төмен қарай иіліп өседі, шілде тамыз айларында гүлдейді.
Қолданылуы: Жусаннан жасалған дәрілердің асқазан бездерінің жұмыстарын күшейтетін, тамаққа тәбетті қоздыратын қасиеттері бар. Ол асқазан тұсының қыжылдағанын азайтып, ауыздан және мұрыннан шыққан жағымсыз иістерді кетіреді және сонымен қатар іштің кеуіп желденгенін басып, іш өткенді тыяды.
Бақ-бақ-Одуванчик-Taraxacum Wigg.

Биологиялық ерекшелігі: Көп жылдық, сабақты, жапырақтары тамырынан түптеніп өсетін өсімдік. Гүл шоғыры корзинкаға жинақталған. Қос жынысты, тұқымының ұшында шатыр тәріздес айдары болады. Биіктігі 40 см-ге жетеді. Тамыры жуан, жерге бойлап өседі. Жапырағының ұзындығы 5-30 см, көлденеңі 5-15 см, жерге жабысып өседі. Гүлі сары түсті, тұқымы қоңыр. Айдарының ұзындығы 6-8 мм, ақ түсті. Сәуір, мамырда гүлдейді. Маусымда жеміс береді.
Қолданылуы: Халықтық медицинада сулы тұнбасы тәбет ашатын, асқазанның жұмысын жақсартатын дәрі деп есептейді. Кейбір деректерге қарағанда ол өт пен бүйректі тазартады.
Меңдуана-Дурман-Datura.

Биологиялық ерекшелігі: Шөп сабақтас өсімдік. Жапырақтары бүтін,не тілімделген. Гүлдері біртегіс сары түсті. Ерекше иісі болады. Биіктігі 20-115 см-ге жетеді. Сабағның сыртын ақ желімді түктер қаптап тұрады. Сол түктерінен жағымсыз иіс білінеді. Жапырақтары қошқыл жасыл, ал төменгі жағы түктеріне байланысты бозғылт болып келеді. Басқа өсімдіктерге қарағанда бұлар көзге ерекше түседі. Өсімдік мамыр айынан тамызға дейін гүлдейді. Қыркүйек айына таман жеміс береді. Жемісі қорапшалы, ішінде көптеген дәні, тұқымы болады.
Қолданылуы: Бұл өсімдік ерте заманнан бері дәрі-дәрмектік қасиетімен белгілі. Орта ғасырда бұл өсімдіктен алған дәріні хлороформмен ауыстырған. Халықтық медицинада бұл өсімдіктің жапырағы түрлі ісіктерге және кейбір ауруларға қарсы пайдаланылады. Ыстықты төмендету үшін де қолданылады.
Ошаған-Дурнишник-Xanthium.

Биологиялық ерекшелігі: Бір жылдық, шөп сабақтас, күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 20-100 см. Сабағы тік бұтақты. Сырты ұсақ түктерге толы. Шілде, тамыз айларында гүлдейді.
Қолданылуы: Халықтық медицинада сілекей безінің ісігіне қарсы дәрі ретінде қолданылады. Сондай-ақ халықтық медицинада ошағанның шырыны теріде болатын түрлі қотыр, теміреткі, іріңді ісіктерге, тамақта болатын баспа ауруының ісігіне қарсы пайдаланылады.
Жүзген-Жузген
Биологиялық ерекшелігі: Ағаш, не жартылай бұта құрайтын өсімдік. Жапырақтары бүтін, кезектесіп орналасады. Тал шыбықтардан көбейе алады. Тал отын ретінде, әсемдік ағашы ретінде пайдаланылады. Талдан сондай-ақ илі заттар, қол өнерінде пайдаланылатын шикізаттар алынады. Биікгігі 16 метрге жететін, 75 жылдай өмір сүретін ағаш. Ескі ағаштарының қабығы боз, тілімделген, ал бір жылдық бұтақтары қошқыл немесе сарғыш. Жас бұтақтары ерекше иісті. Мамыр, маусым айларында гүлдейді.
Қолданылуы: Талдың қабығын іш тоқтататын дәрі ретінде пайдаланады. Жапырақтарынан сары түсті бояу алынады.
Итмұрын-Шиповник.

 Биологиялық ерекшелігі: Биіктігі 110-120 сантиметрге жететін, қалың бұтақталған, тікенді бұта. Жапырағы жұп қауырсын тәрізді, күрделі,ұзындығы4-5 см, әржапырағында 6-8-ден жапырақшалар бар. Гүлдері 3-5-тен жиналып қалқанша гүл шоғырын құрайды.Мамыр, маусымда гүлдеп, шілде-қыркүйекте жеміс береді. Жемісі жұмыртқа пішіндес қара-қоңыр түсті.
Қолданылуы: Гемофилия, көкжөтел, дифтерия, өкпе ауруларын емдеу үшін дәрі жасайды. Жөтелге пайдаланатын холосас тұнбасы осы итмұрынның жемісінен жасалады.
Адыраспан-Гармала-Peganum Harmala.

Биологиялық ерекшелігі: Көп жылдық түйе табандар тұқымдасындағы шөп тектес өсімдік. Сабағы бұтақшалы. Тамыры діңгекті. Жапырақтары тілімделген, кезектесіп орналасады. Тостағаншасы - 5. Күлтесі бес бөлімді. 15-16 аталығы, 1 аналығы болады. Жемісі дөңгелек, көп тұқымды қоңыр түсті. Қазақстанда адыраспанның бір-ақ түрі өседі. Биіктігі 20-60 см. Мамыр айында гүлдейді. Шілде, тамыз айларында жеміс береді. Жалпы адыраспанды дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Шөбін ұрық салу кезінде қыркүйек айында жинайды. Улы өсімдік, сондықтан сақтықпен пайдалану керек.
Қолданылуы: Дәрі алу үшін кепкен шикізатты, яғни шөптерін фармацевтік заводқа өткізеді. Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Мұны нерв ауруларына және параличке қарсы қолданады. Қазақтың халықтық дәрігерлері құяңмен ауырғанда адыраспан шөбімен булауды ұсынады.
Қамыс-Камыш-Scirpus Phragmites Adans.

Биологиялық еркшелігі: Гүл шоғыры шашақты. Көп масақты, шөп сабақтас өсімдік. Масағы қос жынысты, көп гүлді, гүлдері отырмалы. Аталығы 3, аналығы 1. Тұқымы жаңғақша, үш қырлы. Биіктігі 40-120 см. Жер асты сабақты, шөп сабақтас өсімдік. Сабағы үш қырлы. Қырлары түкті, жапырақтары жалпақ, таспа тәрізді. Жалпақтығы 2 см, жиектері ирек. Гүлінің ұзындығы 10-20 см. Мамыр, маусым айларында гүлдейді.Қамыстың сабағында крахмал болады.
Қолданылуы: Қамыстың сабағынан түрлі төсеніш, корзинка тоқиды. Сондай-ақ целлюлоза қағаз өндірісінде де пайдаланылады.
Қоға-Рогаз-Typha.

Биологиялық ерекшелігі: Гүлдері гүл шоғырына жинақталған, аналық гүлдері гүл шоғырының төменгі жағына, ал аталық гүлдері жоғарғы жағына орналасады. Биіктігі 100-150 см, көп жылдық, жер асты сабақты өсімдік. Сабақтары дөңгелек, жуан, жапырақтары таспа тәрізді. Көбінесе шілде, тамыз айларында жеміс береді.
Қолданылуы: Германияда қоға бірден-бір тағамға өсімдік. Одан кисель жасайды, қара бидайдың ұнын қосып нан пісіреді.
Ауылымызда ағып жатқан Каспий жағдайы да жақсы деп айтуға болмайды, жағада әр түрлі қоқыстар, үйінділер шашылып жатыр.Олардың ішінде пенопластан, пластмассадан жасалғандары қаншама жыл өзгеріссіз шірімей жатады. Ауыл болған соң халық міндетті түрде мал ұстайды, олар қора-қопсыларының көңін, қалдық шөптерін су жағасына апарып тастайтын күндері де болады. Тағы бір жағдай малды иесіз қадағаламай жаю.Оның жағымсыз нәтижесі топырақты таптау және тақырға айналдыру, сонымен бірге өсіп келе жатқан жас ағаштар мен өсімдіктердің қабығын кеміріп, сыдырып тастау. Егер өсімдіктердің қабықтарына зиян келсе, ол өз-өзінен қурап, ары қарай тіршілігін жалғастыра алмайтыны сөзсіз.
Жаз уақыттарында кезекті демалыстарын алып, Каспий суына шомылып, құмына қыздырынып қайтатындар қатары да артады.Осы кезде көптеген келеңсіз жағдайларды кездестіруге болады.Мысалы, ішілген шарап-сыралардың құмыралары, жағылған оттың орны, шылым мен оның қорабының қалдықтарын көптеп кездестіруге болады. Олар суға түссе, қандай зиян келтіретінін тұрғындар ойлай ма екен? Осы заттар табиғи жолмен өңделу үшін өте көп уақытты қажет етеді.
Мысалы:
-​ шыны құмыралар 1 млн жыл;
-​ консерві банкілері 50-80 жыл;
-​ аяқ – киімнің резеңке табандары 40 – 50 жыл;
-​ нейлон 30 – 40 жыл;
-​ полиэтилен пакеттері 10-20 жыл;
-​ темекі қалдықтары 1 – 5 жыл;
Сенбіліктер кезінде немесе танымжорықтар мен топсеруендерге шыққанда керексіз заттарды жинап, арнаулы шұңқырларға жеткізіп отырамыз.
Енді ауылымыздың экологиялық жағдайына тоқтайтын болсам, машина мен адам жүрісінен көтерілген шаң да ауаға қосылады, неше жылда жиналған керексіз қоқыстар түрлі ылғалдың әсерінен шіріп, зиянды заттар, ұнамсыз иістер ауаға тарайды.. Оның қалдық бөліктерін ауылдың маңайынан, мал жайылымдарынан жинастырған тұрғындар наразылық танытып, табиғатқа тигізетін экологиялық зардаптарына алаңдатушылық білдірді.Өйткені, әркімге де жағармайдың құрамында аса улы амил, гептил заттарының барлығы белгілі. Осының барлығы атмосфераны ластап, барша халықтың және өсіп тұрған өсімдіктердің тіршілігіне зиян келтірмесіне кім кепілдік бере алады. Топырақтың қара түсті құнарлығына, ауаның тазалығына, желдің ылғалды да, салқын болуына кері әсерін тигізері сөзсіз. Осы келеңсіз жағдайлардың барлығы да өсімдіктер тіршілігіне зиянын тигізеді. Осы жағдайларды басшылыққа ала отырып, 100 адамнан біздің ауылымыздың экологиялық жағдайы қандай деген сауал жүргіздім. Оның диаграммасы төмендегідей болды.
Қазақстанның, сонымен бірге өзімнің туған өлкемнің экологиясын жақсарту үшін “Жасыл желектер” экологиялық ұйымын құрып, оған мүшелер қабылдап, жоспар бойынша жұмыс атқарып жатырмын.
Экологиялық ұйымның мүшелері Каспий бойына топсеруендерге, танымжорықтарға шығып, шығармашылық қабілеттерін дамытып отырады.
“Су өткен жерге өсімдік шығады”-деген қазақтың нақыл сөзі көп нәрсені ұқтырып тұр. Үлкен адамдардың айтуымен тұратын ауылымыз бен Ертіс өзені аралығында кезінде бұлақ болып сарқырап аққан тұманың көзі бар екенін біліп, сол жерге барып бұлақтың көзін ашып, молдір де таза суынан дәм татқан болатынбыз.
Мына слайдтардан көріп отырған боларсыздар фотосуреттердің барлығы Каспий бойында түсірілген.
Енді, назар салып қарасаңыздар кезінде ата-аналарымыздың айтуы бойынша Каспийдің екі жағасы аң тұмсығы батпайтын қалың ну орман болған екен. Қазір ол ағаштардың саны сиреген,сонда да көктем және күз айларында орман шаруашылығының қызметкерлерімен ағаш отырғызу жұмыстарына қатысып тұрамыз.
Ауыл экологиясын көркейту үшін үйдің айналасын таза ұстап, ауылымыздағы өзен суының ластануына жол бермеуіміз керек. Ол үшін халықта бірлік болу керек. Бірлік болса ғана нәрседен нәтиже шығады.
Қорытынды
Өсімдік -тіршілік негізі. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. Өйткені адам баласы өзіне қажетті қорек, ауа, киім, баспана, дәрі-дәрмек және басқа күнделікті өмірде кәдесіне жарайтын нәрселердің көбін өсімдіктерден алады.
Қазақстан Республикасы заңдарында табиғатты аялап, оның байлықтарын қорғау мәселелері қарастырылуда. Табиғат – адамзаттың қажетін қанағаттандыратын негізгі байлық көзі. Табиғи қорлар азайса байлық та кемиді. Сондықтан бүгінде күн тәртібінде табиғат-байлығын сақтау, қорғау, көбейту мәселелері тұр.
Өсімдіктердің табиғи ресурстары сарқылмайтын қазына емес, оларды орынды пайдаланып, қорғап отырғанда ғана, ұзақ уақыт керекті заттарды алуға мүмкіндік туады.
Адам баласы өзіне қажетті нәрселердің барлығын өсімдіктерден алатын болғандықтан, оны барынша аялап қорғай білу-әрбір адамның борышы.
Иә, өсімдіктердің қай-қайсысын болса да қорғау қажет, өсімдік атаулының бәрі де пайдалы. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы, одан жанға шипа дәрі-дәрмек жасалады. Каспий жағасы мұндай өсімдіктерге аса бай өлкелердің бірі. Біз мұны мақтан тұтамыз. Сондықтан тұрғылықты жерде өсімдіктерге деген ерекше қамқорлық қажет. Мұны әр адам түсінуге тиіс. Сондықтан өсімдіктер жайлы, оларды қорғау жайында мынандай кеңестер ұсынамын:
1. Орман ағаштарын кеспеңдер!
2. Өсімдіктерді тамырымен, тамырсабағымен, пиязшықтарымен жұлмаңдар!
3. Көктемгі, күзгі маусымдарда көше бойына, тынымбақтарға, үй іргесіне ағаш отырғызыңдар !
4. Жасыл желекті қолмен жұлмаңдар!
5. “Жасыл ел” бағдарламасының орындалуына күш-жігерлеріңді аямаңдар!
Мен, өзімнің жүргізген зерттеу жұмысыма өте ризамын. Өйткені, жергілікті жердің өсімдіктерін зерттей келе, медициналық тұрғыдан да білімімді тереңдете түстім. Өз бетіммен қажетті нәрсені іздеуге бағыт алдым. Бұл биология ғылымы үшін қосқан аз да болса ісім ғой! Және бір жағынан төл табиғатымызды қорғауға ат салысқаным болар еді. Адамзатқа өсімдіктердің пайдасы зор, сондықтан олардың табиғаттағы түрлерін азайтпай, қамқорлық жасап, молайту әрбір адамзаттың борышы деп түсінемін!
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.​ Әлімқұлова Р. Ә., Тәртенова М.А. Өсімдік – табиғат қазынасы. /Қайнар,1984
2.​ Биология және салауаттылық негізі. /Ғылыми-әдістемелік журнал, №2-2004.
3.​ Бултачеева А. М., Жанұзақова Қ. Т., Хачикян Г. Я. Оқушылардың ғылыми қоғамдарын ұйымдастыру және ұлттық ғылыми жоба жарыстарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар./Алматы, 2001.
4.​ Қажымұратов М. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер. /Алматы: Қайнар,1975.
5.​ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндерме сөздігі. Биология. /Алматы: Мектеп, 2002.
6.​ Қожабеков М., Қожабекова Г. Дәрілік өсімдіктер. /Алматы: Қазақстан,1982.
7. Иманбаева А.А, Қосараева О.Н Маңғыстау өсімдіктер әлемі. \Ақтау 2006.