Презентация по казахскому языку на тему Жай б?лшек. Жай б?лшектерді о?у ж?не жазу


Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазуСабақтың мақсаты: Оқушыларға «Жай бөлшектер, оларды оқу және жазу»
Білімділік: туралы түсіндіру. Оқушылардың есептер шығарудағдысын жетілдіру. Жай бөлшектердің оқылуын жәнежазылуын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығынарттыру. Ауызша, жазбаша тез есептеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққатәрбиелеу. Топпен жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағыСабақ әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, компьютер слайды, тірек - сызбалар.
Сабақ барысы: І ҰйымдастыруА) Сынып тазалығы, оқушылардың сабаққа қатысуыБ) Оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Өтілген тақырыпты пысықтау«Тест бойынша біліміңді тексер»
І Топқа1. Ең үлкен ортақ бөлгіш деген не? ЕҮОБ
Ж: а және в сандары бөлінетін ең үлкен натурал сан.
2. ЕҮОБ (6; 12) =
ЕҮОБ (15; 225) =
ЕҮОБ (16; 64) =
ЕҮОБ (4; 44) =
ЕҮОБ (5; 35) =
ІІ Топқа1. Ең кіші ортақ еселік деген не? ЕКОЕ
Ж: Осы сандарға еселік болатын ең кіші натурал сан.
2. ЕКОЕ (3; 8) =
ЕКОЕ (2, 5) =
ЕКОЕ (8, 11) =
ЕКОЕ (6, 7) =
ЕКОЕ (10, 100) =
ІV Жаңа сабақ1. Электронды оқулық арқылы түсіндіру2. Мысалы: Жер телімі 9 бөлікке бөлінген. 4 гүлшіде - көк, 3 гүлшіде - сары,
2 гүлшіде - қызғылт жұлдызгүл тұқымы болады. Әрбір гүлші бір атызға ғана отырғызады. Сұрақ: Жер телімі бірдей қанша атызға бөлінді?
?- қызыл,?- сары,?- қызғылт1/9; 4/9; 3/9; 2/9 бөлшектің алымы, бөлімі, оқылуын түсіндіру.
Ереже:
Жай бөлшектің бөлімі бүтіннің қанша тең бөлікке бөлінгенін, алымы ол бөліктердің нешеуі алынғанын көрсетеді. 1: 9=1/9
Бөлшек сызығы бөлу дегенді білдіреді.
4/9; 4 - бөлінгіш, 9 - бөлгішБірнеше мысалдар арқылы тақырыпты түсіндіремін.
1 см қанша дм болатынын табайық:
1дм=10см. Демек, 1 дм - дің 1/10 бөлігі 1 см - ді құрайды.
Жауабы: 1 см=1/10 дмЖай бөлшектердің оқылуы:
12 - ден сегіз және 12 - ден тоғызЕсептер шығару: №358 -№359 ауызша№360 -№362 есептерді сурет бойынша орындап, жай бөлшектерді жаздыру.
№360
Әр шаршының боялған бөлігін жай бөлшекпен жазу керек.
№361
Фигуралар берілген.
Фигуралардың қандай бөлігі боялғандығын анықтап жазу керек.
№362
Фигураның боялған бөліктері жай бөлшекпен дұрыс көрсетілген бе?
1 - дұрыс 2 - дұрыс 3 - дұрыс емес 4 - дұрыс емес№363
Алтыдан бес 5/6
Он үштен сегіз 8/13
Отыз сегізден үш 3/38
Қырықтан он бір 11/40
Тоқсан жетіден жиырма 20/97
Үш жүзден алпысекі 62/300
№364 есепті орындау2: 17=2/17 72: 113=72/113
6: 19=6/19 324: 1001=324/1001
31: 100=31/100 500: 501=500/501
22: 25=22/25 721: 999=721/999
Өздігінен жұмыс:
Әрқайсысың 5 жай бөлшек жазыңдар№365
1) 2/23 = 2: 23 7/400= 7: 400
2) 10/47 = 10: 47 11/3462= 11: 3462
3) 65/73 = 65: 73 400/523= 400: 523
4) 205/333 = 205: 333 1489/5555= 1489: 5555
Шығармашылық тапсырма:
Үш таңбалы сан ойлаңдар. 123
Ойлаған санға осы санның өзін тіркеп жаз. 123123
Екінші оқушыға бер.
Қағазға жазылған санды 13 - ке бөліп, шыққан санды үшінші оқушыға бер.
Ол санды 11 - ге бөліп, 4 - ші оқушыға бер.
4 - ші оқушы 11 - ге бөлінген санды 7 - ге бөліп, шыққан санды оқиды. Бұл сан бірінші ойлаған оқушының саны болады.
№366 есепті шығартамын.
У. Қорытындылау1. Жай бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
2. Жай бөлшектің алымы нені білдіреді?
3. Екі натурал санның бөліндісін жазу тәсілдері қандай?
4. Натурал санды жай бөлшек түрінде жазуға бола ма?
УІ. Үйге тапсырма: №367 есепУІІ. Бағалау