Т?рбие са?аты Т?уелсіздікке 25 жыл


Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік!
Мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарын қойылым арқылы ерлігі жайында түсінік беру. Патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
Қазақастан Республикасының рәміздері, карта, Н.Ә.Назарбаевтың суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, жалаушалар.
Тәуелсіздікке байланысты плакаттар.
Шарлар, музыкамен жабдықталған.
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Біздің «Қарлығаш» тобының «Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік» атты ертеңгілікке қош келдіңіздер. Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күніне тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!
Ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер. Балалар залға жалаушамен кіріп отырады.
Амандасу хормен:
Қайырлы таң, ашық аспан,
Қайырлы таң, жер-ана!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Біз қазақтың баласы.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, сүйікті балалар. Егеменді еліміздің Тәуелсіздік алғанына 25 жыл толды. Тәуелсіз еліміздің болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіздер!
Ән ұран.
Жүргізуші: Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасында ерен еңбегімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі Ләззат және Қайрат. Қайрат қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі Қайраттың көрінісі.
Жүргізуші: Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған жігерлі ер азамат Қайрат Рысқұлбековтың соты болар күнде жетті.
Тергеуші: Айыпкер Рысқұлбековты тергеуге әкеліңдер! Айыпкер Қайрат қылмыскер деп тағылып, жазалаудың ең ауыр түрі өлім жазасына танылсын.
Айыпкер ақтық сөзіңді айт.
Қайрат: 21-де жасым бар,
Күнәдан таза басым бар,
Алам десең, алыңдар,
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Атам десең, атыңдар.
Тергеуші: Алып кетіңдер мынаны.
Жүргізуші: Азаматтарымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Халқымыздың ар-намысы үшін қаза болған ұл-қызының еңбектері аяқталды.
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл.
Он бір әріп не мағына береді?
Ал талдайық жеткенінше қызыл тіл
Т – білдіреді теңдікті
Ә – әдептілік ерлікті
У – уайымсыз уақытты
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді
І – ілтипат пен ізет қой
З – зиялылық тілек қой
Д – шақырады достыққа
І – ілкіледі боп сақтыққа
К – дейді күн бол көктегі
Жүргізуші: Мен бақытты баламын
Қазақстан елінде
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары – деп
Би: «Көк тудың желбірегені»
Жүргізуші: Балалар, бізге қонаққа дымбілмес келді. Дымбілмеске білмейтін нәрсені үйретейік.
Біздің Отанымыз қалай аталады?
Президентіміз кім?
Қазақстан тәуелсіз ел. Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық рәміздер пайда болды. Еліміздің рәміздерін атайық.
1.Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында ою-өрнек.
2.Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар, жоғарғы жағында жұлдыз.
Жүргізуші: Кәне балалар, Дымбілмеске, қонақтарға тәуелсіздікке арнаған тақпақтарды айтайық.
Айжан:Жарқырады тәуелсіздік нұр таңы
Жаңа ғасыр жарқын жолын бастаған
Егеменді елімнің мен ұрпағы.
Естай:Анамыздай тілеуі – ақ
Отан бізде біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан
Сағат:Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікке.
Айзере:Қазақстан елім менің
Қазақстан жерім менің
Елордасы Отанның
Мақтанышым – Астанам
Ерназар:Алтай – Жайық арасы
Жарты әлемдей даласы
Ол – біздің Қазақстан
Аяна:Кенге толы қойнауы
Төлге толы жайлауы
Ол – біздің Қазақстан
Нұртілек:Қазақстан туы
Көк аспандай көкпеңбек
Ақерке:Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолына
Менің Қазақстаным
Меруерт:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн
Таңшолпан:Алаңға шығып жастарым
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын
Содан барып тоңы еріді кеңестік
Содан кейін еркіндікті бастадым
Гаухар:Бақыт, Бірлік күн талабы
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны
Дина:Президентің кім деп сұраса
Біз дейміз ел Нұр ата
Әр үй, балабақшаның
Төрінде күліп тұр ата.
Сезім:Елбасымыз жолдайды
Халқы оны қолдайды
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды
Жүргізуші: Мынау Қазақстан картасы, Дымбілмеспен бірге Қазақстан картасына гүлдерді қыстырып, гүлдендірейік.
Ойын: «Гүлденген Қазақстан»
Жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына.
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті.
Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағатты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары, - дей келе бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,
Халқымыздың еңсесі жоғары,
Егемендігіміз баянды болсын!
Балалар ән ырғағымен маршпен жалаушаларды желбіретіп, қоштасады.