?аза? ?дебиеті п?нінен Абай та?ырыбына жазыл?ан ?ыс?а мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Сабақтың мақсаты : : Ақынның өмір жолымен таныстыру, ақын өлеңіндегі ақынға, сөз өнеріне қояр талабы мен шарты, эстетикалық жаңа принципін, халық өнерінің қорғаушысы, сол өнерге қызмет етуші екендігін таныту, талдау сөз өнері туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, шығармашылық ізденісін дамыту.оқушы бойына сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін сіңіре отырып, мақтаныш сезімін тудыру, ұлыларымызды құрметтеу, даналардың даралығын бағалауға, бір-бірінің пікірін тыңдай біліп, шешім шығаруға, қорытынды ой қалыптастыруға баулу;
Күтілетін нәтиже : Тақырыпты түсіне отырып оқушы жаңа тақырып туралы мағлұмат алады, сөздік қорлары молайып сол сөздерді өмірде қолдануға үйренеді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады, талдайды, пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды отанын сүюге тәрбиеленеді.
Көрнекілігі : Суреттер, стикер, маркер, ватмандар, слайдтар.
Әдіс тәсілдер Мозайка, Айналмалы бекет, сәйкестендіру, сұрақ жауап, миға шабуыл, карлы кесек әдісі
7модульдің енгізілуі 1.Жас ерекшелігіне сай оқыту 2.Сыни тұрғыдан ойлау. 3.АКТ 4. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 5.Оқытудағы басқару ж/е көшбасшылық. 6. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 7. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Кезеңдер Уақыт Мұғалімнің іс –әрекеті Оқушының іс- әрекеті Дерек-көздер
Ұйымдастырыу кезеңі
Кіріспе 3 минут
Топқа бөлу Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Психологиялық дайындық
Қайырлы күн досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі дүйсенбі күні
Тек шаттыққа толсын
Біздің алар бағамыз
Кілең бестіктер болсын
Үйге тапсырманы сұрау
Келе жатқан мейрамдар туралы өлең жаттайды
Мозайка арқылы топқа бөлінеді. Сурет арқылы
Білу 8 минут Лото ойыны сұрақ жауаптар Әр топтан оқушылар сұраққа жауап береді. АКТ
Түсіну 8-минут “Білімпаздар қалашығы”
“Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы”өлеңін мәнерлеп оқы.
Жаңа сабақты түсінеді Постер маркер
Қолдану 5 минут
“Тапқырлар аялдамасы”
Өлеңнен көркем, айшықты сөз тіркестерін теріп жаз.
Топтар берілген тапсырманы орындайды сүреттер
Сергіту сәті 1-минут Көзімнің қарасы әнін айту
Көңіл күйлері көтеріледі АКТ
Жинақтау 10-минут Пікірталас
Тіл тазалығын ұстанған ақынның кейбір өлеңдерінде неге араб, парсы, орыс сөздері кездеседі?

Тапсырманы орындайды дәптермен жұмыс жасайды «пікірталас» бойынша тапсырманы орындайды. Тақтаға топ мүшелері шығып қорғайды. Стикер, маркер, ватман- дар
Бағалау
Кері байланыс 5 минут Бағалау парақшасы арқылы бағаланады
Бүгінгі сабақта көңіл-күйлерің қандай?

Үйге тапсырма өлеңді жаттап келу
Топ басшысы бағалау парақшасында ұпайларды есептеп, бағасын айтады. Бағалау парақшасы