?аза? тілі п?нінен ?аратпа с?здер та?ырыбына жазыл?ан ?ыс?а мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға қаратпа сөз туралы түсінік бере отырып,
жаттығулар орындау арқылы сөйлем ішінен оларды
таба білуге үйрету;
Оқушылардың ойлау және шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
Күтілетін нәтиже : Тақырыпты түсіне отырып оқушы жаңа тақырып туралы мағлұмат алады, сөздік қорлары молайып сол сөздерді өмірде қолдануға үйренеді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады, талдайды, пікірлерін дәлелдейді, тапсырмаларды орындайды отанын сүюге тәрбиеленеді.
Көрнекілігі : Суреттер, стикер, маркер, ватмандар, слайдтар.
Әдіс тәсілдер Мозайка, Айналмалы бекет, сәйкестендіру, сұрақ жауап, миға шабуыл, кластер әдісі
7модульдің енгізілуі 1.Жас ерекшелігіне сай оқыту 2.Сыни тұрғыдан ойлау. 3.АКТ 4. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 5.Оқытудағы басқару ж/е көшбасшылық. 6. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау. 7. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Кезеңдер Уақыт Мұғалімнің іс –әрекеті Оқушының іс- әрекеті Дерек-көздер
Ұйымдастырыу кезеңі
Кіріспе 3 минут
Топқа бөлу Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Жарқын болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз.
Үй тапсырмасын сұрау.
5-жаттығу. Оқушыларға оқытып, соңғы сөйлемді талдау.
Несі? Қашан? Қандай? несін? Не істейді?
Жидектері де қыс мезгілінде қызыл түсін сақтайды.
Сұрақ – жауап.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
Тұрлаулы мүшелер неден тұрады, тұрлаусыз мүшелер неден тұрады?
Бастауыш пен баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Жалаң сөйлем неден жасалады? (бастауыш, баяндауыш)
Жайылма сөйлем неден жасалады? (кімге? неге?)
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы Тұрлаусыз

Жалаң Жайылма
Бастауыш, баяндауыш кімге? неге? кімнің? ненің?
кімнен? неден? т.б.
Келе жатқан мейрамдар туралы өлең жаттайды
Сурет арқылы
Білу 8 минут Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ребус шешу.
Қарға, сағат, балапан, сиыр, көз.
«Қаратпа сөз».
Әр топтан оқушылар сұраққа жауап береді. АКТ
Түсіну 8-минут 1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, салыстыру. Мағыналарын айырып, тыныс белгілеріндегі айырмашылықты табу.
Бағдат ертегі оқыды.
Оқушылар мектепте тәртіп сақтауға міндетті.
Әжем кесте тігуді үйретті.
Бағдат, ертегі оқы.
Оқушылар, мектепте тәртіп сақтаңдар.
Әже, кесте тігуді үйретші.
Сурет салады постер қорғайды Постер маркер
Қолдану 5 минут
Сөйлегенде біреудің назарын өзіне аудару үшін айтылатын сөздер болады. Ондай сөздер қаратпа сөз деп аталады. Мыс: Балам, дәптеріңді таза ұста.
2. Оқулықпен жұмыс.
2-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жазып, қаратпа сөздің астын сыз.
Қаратпа сөзден кейін қандай тыныс белгісі қойылған?
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен рөлге бөліп оқы.
сүреттер
Сергіту сәті 1-минут Сергіту сәті.
Аяқпенен топ – топ – топ,
Ал, қолменен хлоп – хлоп – хлоп
Бір оңға, бір солға,
Айналайық, кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп, басымызды шайқайық
Бір оңға, бір солға,
Ойнайықшы кел мұнда.
Көңіл күйлері көтеріледі АКТ
Талдау 10-минут 3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, қаратпа сөзі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
5-жаттығу. Суретке қарап отырып ертегі құрау. Сөйлемнен қаратпа сөздерді табу.

Тапсырманы орындайды дәптермен жұмыс жасайды Тақтаға топ мүшелері шығып қорғайды. Стикер, маркер, ватман- дар
Жинақтау 5 минут Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Берілген сөйлемдерді қаратпа сөздермен толықтыру.
Саған мектептің туған күні ұнады ма?
Алақай, терезеге қарашы, қар жауып тұр!
Тәуелсіздік күніне арнап концерт қоятын болдық.
Жарайсың, деді – әкем.
Ертегі айтып берші.
ҮІ. Қорытынды.
1. Тест
Қарағым, қайдан келдің? Қарамен жазылған сөз:
А) қыстырма сөз
Ә) одағай сөз
Б) қаратпа сөз
Сөйлемдердің ішінен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді табыңдар:
А) Алыста Рим деген қала бар
Ә) Әлтай нанға тоймаушы еді
Б) Апа, отырыңыз, - деп шанасын көлденең тартты.
Сара, сен сабақ оқыдың ба? Мына сөйлемде қаратпа сөз:
А) айна
Ә) Сара
Б) сабақ
Көп нүктенің орнына қаратпа сөз жазыңдар: Құстың жемін әкелші...
А) қорада
Ә) қызым
Б) үйге
Тілде біреудің назарын өзіне аудару үшін қандай сөз қолданылады?
а) одағай сөз
ә) ыстырма сөз
б) қаратпа сөз
2. Кесте.
Сөйлем Сөйлемдегі орны
Балам, мына лебізің қандай жақсы еді. ...
Кел, балалар, оқылық! ...
Айтыңыз, әке. ...
Бағалау 5 минут Формативті бағалау «Басбармақ», бағалау парақшасы
Бағалау парағы
Аты Үйге тапсырма Жаңа сабақ Қорытынды Мұғалім
бағасы
Бағалау шкаласы
13- 12 ұпай «5»
11-9 ұпай «4»
8-6 ұпай «3»
4-3 ұпай «2»
Үйге тапсырма мәтін мен жұмыс жасау, аудару.
Кері байланыс : «Қара жәшік»
Сабақта саған не ұнады?
Сабақта не ұнамады? Топ басшысы бағалау парақшасында ұпайларды есептеп, бағасын айтады. «Қара жәшік» арқылы керібайланыс орнату. Мұнда топ сабаққа керібайланыс жазады.Мысалы:1-топ қояды. 2- топ оны алып жауап береді. 3- топ барлығымызға тілек айтады. Бағалау парақшасы
«Қара жәшік»