№3 «А? желкен» орта??ы тобыны? «т?й-т?й технологиясы» бойынша «Су асты патшалы?ына саяхат» атты ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? кестесі


МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі қазақ гимназиясы
№3 «Ақ желкен» ортаңғы тобының «тәй-тәй технологиясы» бойынша
«Су асты патшалығына саяхат» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің кестесі


«Математика» орталығының жетекшісі ата-ана:Хасанова Л,
«Ғылым» орталығының жетекшісі: Амирова Н,
«Көркем әдебиет» орталығының жетекшісі: Унаялиева М,,
«Өнер» орталығының жетекшісі: Нұрмағанбетова А.
Құрық селосы
2014ж
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта», «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет, Жапсыру, Айналамен танысу,Құрастыру.
Тақырыбы: «Су асты патшалығына саяхат»
Мақсаты: Су асты әлемі туралы білімдерін тереңдету, ертегі көрнекіліктеріне көңіл қойып, мазмұнын түсіне білуге үйрету, геометриялық пішіндерден су астындағы тіршіліктерін құрастырып және жапсыруда ұқыпты жұмыс істеу іскерліктерін дамыту,
балықтарды тәжірибе жүзінде зерттеу жұмысына дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Су асты патшылығының тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Көрнекілік: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер, ноутбук, аквариум және оның балықтары, қатырылған балық су астына байланысты үлестірмелі материалдар.
Қажетті заттар: Айқұлақтар, ермексаз, қиылған түрлі-түсті қағаздар, балықтың қабыршақтары, уылдырығы, омыртқа сүйегі мен қылтандары, қиылған геометриялық пішіндер, қыстырғыштар.
Алдын-ала жұмыс: су асты патшалығымен таныстыру.
Билингвизм: балық, су,ата, әже.
Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.
Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Өнер», «Ғылым», «Математика»
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың
іс-әрекеті
Мотивациялық - қозғаушы
Балаларды ертеңгілік жиынға шақырады:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Бір, екі, үш қатамыз,
Су асты патшалығын аралап,
Ғажайынқа батамыз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстырып, орталықтарда өткізілетін жұмыс түрлерімен атап, орталыққа
байланысты карточкаларды өз таңдаулары бойынша алып, әр орталыққа бөлінуді ұйымдастырады. Ертеңгілік жиынға жиналып, қимыл-қозғалыспен көрсетеді.Қонақтармен амандасады.
Өз таңдаулары бойынша карточ
каларды алып, әр орталыққа бөлінеді, орталыққа сәйкес киімдерді киеді.
Іздену
ұйымдастырушы.
«Көркем әдебиет» орталығы
(Ноутбук арқылы балықтардың суреттерін көрсетеді)
Суда өседі, өнеді, сыртқа шықса өледі. (балық)
«Алтын балық» ертегісін ноутбук пен слайд арқылы әңгімелейді.
Ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз әрекеттерін ажыратады.
Шал – мейірімді, қайырымды, айтқан сөзіне тұрады.
Кемпір – тойымсыз, қатыгез, билікқұмар.
Алтын балық – сұлу, мейірімді, ақылды, қайырымды.
Ертегі желісі бойынша балалардан қайта сұрайды.
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
«Өнер» орталығы
Су асты патшалығын өте бай, оның қол астында мыңдаған түрлі балығы, жәндіктері және балдырлары болады.
Балықтар су астында және аквариумда мекендейді.
Таңғажайып сәт: Аквариумдағы балықтарды көрсетеді.
- Аквариумда нелерді көріп тұрмыз?
- Балалар, бұлардың барлығы не үшін қажет? Олар шөптердің арасына кіріп тығылады, жем іздейді.Аквариумдағы балықтар үнемі адамдардың қамқорлығында болады. Қалай ойлайсыңдар балықтардың қарны ашпас үшін оларға не керек?
Мынадай қалтадағы жемдерді береміз. Балықтар тағы не жейді деп ойлайсыңдар?- Жарайсыңдар! Аквариумдағы балықтар күніне таңертең кешке екі шымшымнан ғана ас жей алады, одан артық беруге болмайды.
Жиектелген көк қағазды пайдаланып аквариумдағы балықтарды және оның балдырларын айқұлақтан жапсыруды ұйымдастырады.
Балалардың жұмыстарын қадағалайды
Жасаған жұмыстарына тақпақ айтады.
Ақ балық – ау, ақ балық,
Үйрек балық, сақ балық
Суды үнемдеп тазалап,
Балықтарды сақтайық.
Жасаған жұмыстарын мадақтайды.
Айғұлақпен нені жапсырдық?
Балықтар қайда мекендейді екен?
Аквариумдағы балықтар немен қоректенеді?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
«Математика» орталығы
Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер «Математика» орталығына келдіңдер.
Бүгін мен сендерге су асты патшалығымен таныcтырамын.Су астында балықтар, сегізаяқ, теңіз жұлдызы, балдырлар, шөптер болады.
Ендеше балалар қиылған геометриялық пішіндерден балық пен су асты тастарын құрастырамыз.
Ол үшін: алдымыздағы сопақшадан балықтың денесін, үшбұрыштан жүзбе қанаттары мен құйрығын, дөңгелектен тастарын құрастырамыз.
- Жарайсыңдар, балалар, әр- түрлі әдемі балықтар жасап шығардыңдар
Әр баладан қандай геометриялық пішіннен құрастырғанын сұрайды.
Дидактикалық ойын: «Балыққа не жетпейді»
Мақсаты: Қыстырғышпен балықтың қанатын құрастыру
Балықтардың дене бітімі қандай пішінге ұқсас екен?
Су астында балықтан басқа не болады екен?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
«Ғылым» орталығы
(слайдпен каспий теңізі мен балық түрлерін көрсетеді)
Каспий теңізімізде бекіре, табан, сазан, итбалық деген балықтар бар.
Балықтар негізінен су тіршілігіне бейімделген, олар жүзу жағынан өзге жануарлардан асып түседі.
Жануарлар мен жәндіктер жерде тіршілік етіп көбейсе, ал балықтар суда тіршілік етіп, уылдырығы арқылы көбейеді.Жалпы балықтардың 22 000 астам түрі бар.Оның иіс сезу, көру, есту, сезім мүшелері жақсы дамыған.
Күміспен апталған,
теңгемен қапталған. (сазан)
Сазандар – қамысты жерлерге жиылып жайылады. Олар өсімдіктермен, құрттармен қоректенеді. Өзен, көлдерде өмір сүреді.
Қатырылған балықтың дене мүшелерімен таныстырады. Ол үш бөліктен тұрады: Бас, кеуде, құйрық.(басы, желбезегі, құйрығы,жүзбе қанаттары, балықтар өкпе арқылы емес, желбезегі арқылы дем алады, арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары арқылы суда еркін жүзеді)
Сазанның ішкі дене мүшелерімен таныстырады (уылдырық, омыртқа сүйегі, қылтандары)
Балықтың басында дем алатын несі болады?
Балықтың денесіне жалғасқан қандай мүшесі жоқ?
Балықтың денесінің сыртында не болады?
Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ» әні бойынша қимыл жасауды ұйымдастырады.
.
Қызығушылық танытып, естерінде сақтайды.
Жұмбақ шешуін табады.
Мұқият тыңдайды
Естерінде сақтайды
Түсінгендерін айтады
Бойларын сергітеді.
Мүқият тыңдайды.
Қызығушылық танытады.
- Балықтар, тастар, шөптер,
Әдемілікке.
-Тамақ керек
- Құрттар, жасыл шөптер.
Естерінде сақтайды.
Айғұлақтан балық және балдыр жапсырады.
Тәрбиешіні тыңдайды
Тақпақты тәрбиеші
мен бірге қайталайды.
Мақтан етеді.
Түсінгердерін айтады
Бойларын сергітеді
Мұқият тыңдайды
геометриялық пішіндерден балықты және тастарды құрастырады.
мақтан етеді.
Геометриялық пішіндерді атайды.
Сопақшаға, үшбұрышқа.
Құрастырғышпен
балықтың қанатынь құрасытрады
Әр түрлі тастар.
Бойлары сергітеді
Қызығушылық танытады.
Естерінде сақтайды.
Жұмбақ шешуін табады
Естерінде сақтайды.
Желбезек
Мойны
Қабыршақ
Бойларын сергітеді
Рефлекісті
коорекциялаушы Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрғызады.
Әуенмен сергіту сәті өткізіледі
«Өнер» орталығында айқұлақтардан нені жапсырдыңдар?
«Математика» орталығында геометриялық пішіндерден нені құрастырдыңдар?
«Көркем әдебиет» орталығында қандай ертегімен таныстыңдар?
«Ғылым» орталығында балықтың дене бітімі нелерден құралады екен? Орталықтарға арналған карточкарларды өз орнына салып, шеңберге тұрады.
Аквариумдағы балықтар мен балдырларды.
Балық пен су асты тастарын.
«Алтын балық» ертегісі
Қабыршақ, қылтан, омыртқа, уылдырық
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек:
Су асты әлемі туралы білімі, ертегіні түсіне білу,геометриялық пішіндерді ажыратып, су астындағы тіршіліктерін құрастыра және танып білу, су асты балықтарың дене бітімін танып білуі керек.
Қолынан келеді:
Су асты әлемі туралы біледі, ертегіні түсінеді және әңгімелейді, геометриялық пішіндерді ажыратып, су астындағы тіршіліктерін құрастырады, су асты балықтарың дене бітімін таниды және ажыратады.

«Математика» орталығының жетекшісі ата-ана:Хасанова Л,
«Ғылым» орталығының жетекшісі: Амирова Н,
«Көркем әдебиет» орталығының жетекшісі: Унаялиева М,,
«Өнер» орталығының жетекшісі: Нұрмағанбетова А.