Орта мерзімді жоспар Тізбектелген саба?тар топтамасы


«Бекітемін» «Келісемін»
№198 ЖББМ директоры оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі
Канапьянова А. С Искакова Ж
________________ _____________________
Физика пәнінің мұғалімі Нурбекова Гульжан Айдархановнаның «Жылу құбылыстары» тарауына 8 «а» сыныбына жасалған орта мерзімді жоспар
№ Сабақтың тақырыбы
Негізгі сабақ мақсаты Тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер Күтілетін нәтижелері Оқушыларды қажеттілігіне қарай оқыту.
Инклюзивті оқыту. Көшбасшылық және басқару Формативті бағалау Қолданылған құралдар
1 Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы.
Жылу мөлшері, заттың меншікті жылусыйымдылығы ұғымдарын меңгеру, оның қандай шамаларға тәуелді екенін айқындау, өлшем бірліктерін анықтау. 1.Топқа бөлу . «Диффузия, температура, жылуөткізгіштік, сәулелену»
2. Ой сергіту. « жылы сөздермен амандасу»
3. Ой қозғау. «серпілген сауалдар » тәсіл арқылы тақырыпты ашу
4.ЖИГСО тәсілі
5. «кім жүйрік»тәсілі (есеп шығару)
6. Бағалау. Өзін-өзі бағалау
7.Үй тапсырмасы: 6 жаттығу (1-5 есептері). Шығармашылық тапсырма (тақырып бойынша ашық, жабық сұрақтар даярлау)
8. кері байланыс жасау үшін «БББ» кестесі беріледі Табыс критерийлері:
1.Оқушылар жылу мөлшерінің және меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын білуі, 2.формуласын, өлшем бірлігін түсінеді
3. есеп шығаруда қолдану А, Б, С деңгейлік есептерін өз бетінше, ешкімнің көмегінсіз орындайды,
А, Б деңгейлерінің есептерін шығарады.
А тобының есебін шығарады Оқушылар қолдарына берілген критерий арқылы озін – өзі бағалайды АКТ, стикер, үлестірме , ватман, түрлі-түсті маркер, меншікті жылу сыйымдылығының кестесі, бағалау парағы
2 Отынның меншікті жану жылуы.Отынның знергиясы.
Отын жанғанда энергияның бөлінуін түсіну, отынның меншікті жану жылуы және оның өлшем бірлігін, отын жанғанда бөлініп шығатын энергияны есептеу, формуласын білу.
1.Топқа бөлу ( әр оқушы заттарын салу арқылы бөлінеді)
2. Ой сергек. «Қарама-қарасы сап»
3.Үй тапсырмасын тексеру Тест сұрақтары. Жеке жұмыс
4.«Бірік, ойлан, бөліс» әдісімен Отынның энергиясы тақырыпты өздігінен меңгеріп, топта талқылап, басқа топтарға таныстыру.
5.Постер қоғау. (Әр топқа жаңа тақырып бойынша тақырыпшалар беріледі)Алған білімдерін қолданып, есептер шығарады: жеке жұмыс, топта шығарады, жариялайды. Әр топқа есептер беріледі
6. Кері байланыс «Күту ағашы»
7. Үй тапсырмасы: 7-жаттығу 4-7 есептерін шығару. Отын энергиясы: кешегі күні, бүгіні, болашағы тақырыбында « табиғат ресурстары» журналына мақала жариялау
8. Өзін-өзі бағалау критерийлер арқылы бағаланады 1.Отынның меншікті жану жылуы ұғымын меңгеруі
2. өз ойын еркін жеткізуі
3.танымдық белсенділігі артуы
4.білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамуы. Отынның түрлеріне, меншікті жану жылуының түрлеріне қарай талдау жасайды.
А, Б, С деңгейлік есептерін өз бетінше, ешкімнің көмегінсіз орындайды,
Постер қорғау барысында есептерін түсіндіріп кетеді
А, Б деңгейлерінің есептерін шығарады. А тобының есебін шығарады Фортативті бағалау. Кері байланыс
Нені үйрендім?
Жаңадан нені білдім?
Нені білгім кледі?
(ең соңында стикерге жазып тақтаға жабыстыру)
АКТ, стикер, ватман, стақан, су, кесте
3 Механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы.
Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу заңын тұжырымдай білу, энергияның айналу процесінің маңыздылығын ұғыну,бұл заңның ашылу барысында ашылған жаңалықтарды анықтау.
1.Топқа бөлу.
( механикалық, биологиялық, электрлік энергия)
2. «Қар борату» әдісі
Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан бір оқушыдан шығып, есепті түсіндіреді. Ұжымдық талқылау арқылы шығармашылық жұмыстарын жариялайды
3. Ой қозғау
Жаңа тақырыпты оқи отырып, 7-сыныпты еске түсіру мақсатында электронды оқулықтан арқылы жаңа тақырып мәнін ашу, мен сөйлеймін әдісі арқылы.
4. ЖИГСО
ПРЕС әдісі арқылы іске асады ( өз ойы, себеп, мысал, қорытынды))
5. «Есептер» тізбегі»деңгейлік тапсырма
6. «Қатені түзету» дұрыс, бұрыс жауаптарын айтады
7. Өзін-өзі бағалау
8.келесіге тапсырма «энергия» тақырыбында эссе жазу
9.Кері байланыс «басбармақ» Энергияның сақталу заңын білу, маңыздылығын түсіну оның қолданылу аясын, , өз ойын еркін жеткізіп,талдау, білімін синтездеу, , іскерлік қабілеттерін бағалау А, Б, С деңгейлік есептерін өз бетінше, ешкімнің көмегінсіз орындайды, А, Б деңгейлерінің есептерін шығарады. А тобының есебін шығарады Өзін-өзі бағалау АКТ, презентация, бағалау парағы, электронды оқулық
4 Практикалық жұмыс «Сапалық және мәтінді есептер шығару»
Физикалық ұғымдардың мазмұны мен маңызын еске түсіре отырып, теориялық сұрақтарға жауап беру, электронды оқулықтан эксперименттік тапсырмаларды көре отырып, тұжырымдама жасай алу арқылы, есеп шығара білуді уйрету.
Топқа бөліну. Түрлі-түсті қағаз қиындылар арқылы бөлінеді.
Ой сергіту.«Досыңды кімге теңейсіз?»
«Сауалдар тізбегі» әдісі Ертегі әлемінде Алдар көсе қонақта
«Сен білесің бе?» проблемалық сұрақтар
«деңгейлік есептер тізбегі»
«Ыстық орындық»
«Шығу парағы» әр топ спикері өз мүшелерін бағалайды.
Кері байланыс «Екі жұлдыз бір тілек» және смайликтермен көрсету
Келесіге тапсырма Тараудың мәселелері. Шығармашылық тапсырма: «жылу мөлшері» тәжірибе 1.Оқушылар өткен тақырыпта өтілген формулалар мен теориялық ережелерді еске түсіреді
2. Оқушылар видео бойынша температуралары әртүрлі сұйықты араластырғанда, ыстық судың берген, суық судың алған жылу мөлшерінің есептеп шығару арқылы тең екенін көз жеткізуі
3.Қоспаның температурасының ыстық судың температурасынан төмен болатынын түсіне отырып, топпен, жұппен, жеке жұмыс жасауды үйренеді, қорытынды жасайды А, Б, С деңгейлік тапсырмалар Әрбір топта өз бақылаушы болады. Ол өз тобындағы болаларға баға береді
,мұғалімнің жиынтық бағалауы АКТ, стикер, топтың бағалау парағы, смайликтер,слайд, үлестірме парақтар
Орта мерзімді жоспарлау бойынша жазба
В1 есеп
Мен физика пәнінен 8 сыныпта «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша жеті модульмен ықпалдастырылған жадыны дамытуға арналған бірнеше стратегиялық әдіс-тәсілдерді пайдаланып төрт сабағыма зерттеу жүргіземін. « Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы» атты сабағымда жаңа сабақ болғандықтан ой қозғау үшін «серпілген сауалдар » әдісімен тақырып бойынша ашық және жабық сұрақтар қойылады. Ал ЖИГСО әдісін не үшін алдым? Себебі оқушылар топтық жұмыста бірлесе жұмыс жасауына ықпал ететін болса, «кім жүйрік?» әдісін сабақты қорытындылау үшін А,Б,С деңгейлік тапсырмалар беріледі. Онда талантты және дарынды балаларды оқыту мен жас ерекшелікке сәйкес оқыту модулі іске асты. «Отынның меншікті жану жылуы» тақырыбында «бірік, ойлан, бөліс» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты оқушылар бірігіп оқып, бір-біріне түсіндіріп, ой бөліседі де одан әрі жаңа сабақты түсіну үшін әр топқа берілген тақырыптар арқылы , «постер қорғау» әдісі орындалады.Сонда сабақта сын тұрғысынынан ойлау модулі мен диалогтық оқыту модулін қатар пайдаланамын. Үшінші тақырыпта: «механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы». Сабаққа алдымен өткен сабақты еске түсіру мақсатында «қар борату» әдісін аламын. Жаңа тақырыпқа «ой қозғау» әдісі электронды оқулықтан видео тәжірибе көресетемін. Сонымен қатар «қатені түзету» әдісінде дұрыс және бұрыс жауаптарды табу болса, кері байланыс «басбармақ» әдісімен орындалады. Соңғы тақырып: «Практикалық жұмыс .Сапалық және мәтінді есептер шығару». Сабақта « сауалдар тізбесі» әдісін алдым, мұнда оқушылар оқиға барысында туған Алдар көсе қойған сұрақтарға сын тұрғысынан ойлау арқылы жауап береді. Сонымен қатар « сен білесің бе?» әдісі тәжірибелер көрсету арқылы оқушыларға ізденуге бастайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, ой-өрістерін жинақтайды.
Сабағымнан қандай нәтиже күтемін:
- Сабақтарымды блум таксономиясы бойынша білім ала отырып, зерттеп, жинақтап, бағалануды;
- Жеті модуль идеясын жүзеге асыру үшін сабақ тақырыбына сәйкес жаңа тәсілдерді біріктіру;

Сабақтың барысындағы қолданылатын жеті модуль :
Сыни тұрғыдан ойлау дағдылары
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
АКТ
Көшбасшылық және басқару
Диалогтік оқыту және оқу
Жас ерекшеліктері
Формативті бағалау