О?ыту ж?не о?у т?жірибесіне Ба?дарламаны? жеті модулі ?алай ы?палдастырыл?аны к?рсетілген тізбектелген саба?тар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау бойынша жазба


Оқыту және оқу тәжірибесіне Бағдарламаның жеті модулі қалай ықпалдастырылғаны көрсетілген тізбектелген сабақтар топтамасын орташа мерзімді жоспарлау бойынша жазба.
2014 жылдың 03-наурызы мен 29-наурызы аралығы бойынша мектептегі іс-тәжірибеден өтуге келдім. Мектеп директоры, оқу ісінің меңгеріушісімен және әріптестермен кеңесе отырып, өзімнің 7а-сыныбымды алдым.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы орта мерзімді жоспарлау бойынша сабақтарымды орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні бойынша бірінші бағанда, "Қасым хан", "Хақназар хан", "Тәуекел хан" және "Қайталау сабағы" тақырыптарын кіргіздім.
Екінші бағанда, оқып үйренудің негізгі мақсаттарын көрсеттім.
Үшінші бағанда мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерім: топтық, жұптық, жеке жұмыстар, Джиксо, суретпен жұмыс, ой түрткі, сұрақ-жауап, бағалау, кері байланыс, крестиктер-нөлдіктер, постермен жұмыс, сәйкестендіру тесті, мозайка, хронологиялық кесте, карта ойыны әдістерін енгіздім. Мысалы, бірінші сабақта "Крестиктер мен нөлдіктер" ойынын ойнатамын, бұл әдісім келесі модульдермен байланысты: Оқытудағы мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері оқушылардың топ бойынша бірлесіп жұмыс істеу арқылы топтық диалог жасау, көшбасшылыққа ұмтылу, түрлендіріліп қойылған және жетелейтін сұрақтарға жауап іздеу.
Төртінші бағанда-әр сабаққа қолданған әдістеріме сай кіріктірілген жеті модульдіде жаздым.
Бесінші бағанда-осы әдістер мен модульдердің кіріктірілуі нәтижесінде жететін нәтижелерімді көрсеттім. оқушылардың танымдық белсенділігін және іскерлік әрекетінің білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау, оқытудың жаңа әдістерін пайдалану.
Алтыншы бағанда-бағалаудың түрлерін көрсеттім. Мұнда бағаға наразылық болмас үшін сабақтарымда критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау әдістерін енгіземін.
Жетінші бағанда қолданңан әдістерім арқылы, оқушыларға қандай іс-әрекет жасататынымды көрсеттім.
Сегізінші бағанда сабақ өз нәтижесіне, мақсатына жетуі үшін қолданатын негізгі дереккөздерді енгіздім. Мұндағы мақсатым: оқушылардың танымдық белсенділігін және іскерлік әрекетінің білім жүйесіндегі орны мен мәнін анықтау, оқытудың жаңа әдістерін пайдалану..