Механикалы? ж?не жылу процестеріндегі энергияны? са?талу ж?не айналу за?ы.( 8 класс )


Күні. 29.09.15ж Бекітемін
Класы.8а,8ә Сабақ №9
Сабақ тақырыбы §12. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Мақсаты -Топтық әңгіме барысында Механикалық және жылу процестеріндегi энергияның сақталу және айналу заңы туралы жалпы түсініктерді білу.
- Өзара бірлесіп жұмыс жасау арқылы, топтық жұмыстың ерекшеліктерін байқату;
- Сыни ойлануына түрткі болу мақсатында түрлі дәрежедегі сұрақтарды қоя отырып, табиғат құбылыстарының сырын түсінуге деген қызығушылықтарын ояту.
Күтілетін нәтиже Топтық әңгіме барысында оқушылар жалпы түсініктерді біледі. Бірлесіп жұмыс жасау арқылы, топтық жұмыстың ерекшеліктерін байқайды және сыни ойлануына түрткі болу мақсатында түрлі дәрежедегі сұрақтарға жауап беру барысында табиғат құбылыстары-ның сырын түсінуге деген қызығушылықтары оянады.
Негізгі идея
Ресурстар
слайд, стикерлер, Тірек карта, маркер, термометр, стақан, ыстық су. бағалау парағы,сурет қиындылары,бейнеклип,алюминий ыдыс, таразы, кірлер.
Бағалау
Үш шапалақ, ым-ишара Бағдаршам, смайлик
Сабақ кезеңдері Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
(мұғалім және оқушы немен айналысады)
Кіріспе бөлімі
І.Ұйымдастыру
Сәлемдесу. Түгелдеу
Класс оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Үй тапсырмасы. Блум түймедағы. Білу. Жуан,жіңішке сұрақтар арқылы алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру.


Механикалық, электр және биологиялық энергия мысалдары келтірілген сурет қиындыларын топтастырып, топтарға бөліну. бейнеклипін көрсету арқылы сабақ тақырыбына шығу және сабақ мақсатын шығару
Жаңа материалды қолдану
Түсіну. Топтық «ДЖИГСО» диалогы арқылы мына Механикалық және жылу процесіндегі энергияның сақталу және айналу заңы тапсырмасын орындауға бағыттаймын.
Қолдану. Деңгейлік есептер шығару,
А деңгейі-3,5,6;
В деңгейі-3,5; С деңгейі-6. Әр топ А есебін шығарса қызыл шарды, В есебін шығарса-көк, С есебін шығарса- жасыл шарды босатады.
Талдау. Эксперим. тапсырма:
І топ-Массалары бірдей алюминий ыдыстардағы бірдей массадағы ыстық және суық суды арастырғанда қандай температура орнайтынын термометр көмегімен анықтау. Суды құю әдісі осыған әсер ете ме?
ІІ топ-таразы, кір және термометр көмегімен стақанның 60-70 градустағы 50 г су құйғандағы температурасын анықтау.
Қорытынды
Жинақтау. Шығармашылық тапсырма:Суды мұзбен қайнату мүмкін бе?-ия дегендер 1 топқа, жоқ дегендер екінші топқа бірігіп , өз пікірелерін дәлелдейді.
Шығармашылық тапсырма:Суды мұзбен қайнату мүмкін бе?-ия дегендер 1 топқа, жоқ дегендер екінші топқа бірігіп , өз пікірлерін дәлелдейді.
Бағалау. кері байланыс: БББ кестесі арқылы сабақ бойынша алған білдерін түйіндейді
Үйге тапсырма §12 Оқу Тексеру сұрақтары.
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? Топпен жұмыс жасау барысында көшбасшылықты дамыту, Кеңейтілген тапсырмаларды.
Сабақ №6
Сабақ тақырыбы Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер. (Су көлiгi)*.
Мақсаты -Денелердің жүзу шарттары. Ареометрлер. Су көлiгi ұғымдарын терең меңгерту.
- дүние танымын кеңейту, есептер шығарту арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Сын көзбен қарауға үйрету.
-дербес ойлауға, ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Өмірмен байланысын түсіну.
Күтілетін нәтиже -Жаңа ұғымдарды түсінеді. дүние танымын кеңейтеді, есептер шығарту арқылы іскерлік дағдыларын арттырады.
- ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Өмірмен байланысын түсінеді.
Негізгі идея Денелердің жүзу шарттары оның ауырлық күші, ығыстырушы күшке тәуелділігі. Ареометрлердің қолданылуы. Су көлiгiнің құрылысы..
Ресурстар
үлестірме материалдар, слайд, медиаобьект, плакат, стикиер.
Бағалау
үш шапалақ, Критерий арқылы өзін-өзі бағалау, смайлик арқылы, жетон.
Сабақ кезеңдері Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
(мұғалім және оқушы немен айналысады)
Кіріспе бөлімі
І.Ұйымдастыру (3 минут)
Амандасу. Әр елдің салтымен көрсету.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу (мозайка құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасы.
Топтық жұмыс. «Өкіл»Топ тапсырманы орындап болғаннан кейін, әр топтан бір адам «өкіл» ретінде таңдалып, түсіндіріп және жинақтау үшін, және басқалардың идеяларын анықтау үшін басқа топқа жіберіледі. Сосын не білгенін айту үшін өкіл өз тобына қайта оралады.
1.Массасы 0,5 кг альюминий өзекше керосинге батырлған. Архимед күшінің шамасы неге тең?
2. Көлемі 20см2 жез цилиндр динамометрге ілініп, шемішке майына батырылған. Осы кезде динамометр қандай күшті көрсетеді?
3.Суретте архимед күшін табу тәжірибесі көрсетілген. Суретті пайдаланып, осы эксперименттің маңызын түсіндіріңдер.

4.Суға батырылған көлемі 125смᵌ шыныдан, тозағаштан,алюминийден,қорғасыннан жасалған денелерге әсер етуші Архимед күші неге тең.
5.Тозағаштан жасалған суға батырылмайтын дөңгелектің массасы 4,8кг. Осы дененің тұщы судағы көтеруші күшін анықтаңдар.
6.Егер ағаштың тығыздығы 700кг/мᵌ болса онда әрқайсысының көлемі 0,6мᵌ болатын 10 бөренеден жасалған сал қандай ең үлкен көтеруші күшке ие болады.
Негізгі бөлім
Жұптық жұмыс. «Үш қадамдық сұхбат». Төртеуден топтарды жұптарға бөлінеді: А және Б, В және Г. 1 қадам А берілген мәтін бойынша сұхбаттайды Б, ал В сұхбаттайды Г. 2 қадам керісінше. 3 қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топта бөліседі.
Жеке жұмыс.
Суы бар ыдысқа ағаш өзекше, металл өзекше, картопты сал. Қай дене суға батады? Қайсысы жүзеді?
Суы бар ыдысқа кішкене бөліктермен ас тұзын сеуіп, оны шыны таяқшамен араластырып отыр. Осы кезде денелерде қандай өзгеріс болады?
3.Егер_____________________дене сұйыққа батады.
Дене Зат тығыздығы Дене бата ма, әлде жүзе ме?
Су Тұз ерітіндісі
Ағаш өзекше 520 Металл өзекше 7800 Картоп 670 4.Егер ________________________дене тепе – теңдік қалпын сақтайды.
5.Егер ________________________ дене сұйық бетіне көтеріледі.
6.Жанып жатқан керосинді өшіруге бола ма? Жауабын түсіндір.
7. Қандай суда жүзу жеңіл - өзенде ме, теңізде ме? Жауабын түіндір.
8. Сұйық тығыздығын өлшеуге арналған құрал ________________деп аталады.
9.Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын ___________деп аталады.
Қорытынды
Кері байланыс орнату. Бессаусақ арқылы сабаққтан алған әсерлерін жазу.
Үйге тапсырма Су көлігінің тұрмыта қолданудың маңызы. Қосымша материал
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? Ой жүгіртудің жоғары деңгейдегі дағдылары қалыптастырып, зейінін ,есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру.
Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Өлшемдер Мазмұны. Тапсырманың нөмірі Мұғалім
№1 №2 №3 Д (теориялық зерттеу) кестелер түріндегі мәліметтерін жүйелейді және түсіндіру; физикалық ұғымдарды, шамалардың анықтамаларын және олардың өлшем бірлігін анықтау. 6 0 0 6/максималды ұпай
Е (ақпаратты өңдеу) Есептің шартын анықтап және берілгенін жазып, түпнұсқаны қажеттілікке қарай ХБЖ-не аударып орындайды, кесте және схема түрінде берілгенін жүйелеп, талдаулар нәтижесінде қорытынды жасайды. 0 6 0 6/максималды ұпай
А (дүниенің бірлігі) Оқытылып отырған тақырыптың қолданбалы мағынасын бағалау; табиғат құбылыстарын сипаттау және түсіндіруде физикалық заңдылықтарға сүйене отырып ауызша және жазбаша түрде техникалық дамудың салдарын болжай алу. 0 0 6 6/максималды ұпай
Max 6 6 6 18
№ Жоспарланған жетістіктер
Дескрипторлар Д Е А
1 Оқушы төменде берілген өлшемдерінің біреуіне де жеткен жоқ 0 Архимед күшінің шамасы неге тең екенін анықтай алады 1 Суға батырылған көлемі 125смᵌ шыныдан, тозағаштан, алюминийден, қорғасыннан жасалған денелерге әсер етуші Архимед күшін таба біледі. 1 Көлемі 20см2 жез цилиндр динамометрге ілініп, шемішке майына батырылған кездегі динамометр қандай күшті көрсеткенін анықтай білуі 1 Егер ағаштың тығыздығы 700кг/мᵌ болса онда әрқайсысының көлемі 0,6мᵌ болатын 10 бөренеден жасалған сал қандай ең үлкен көтеруші күшке ие болады. 1 Суретті пайдаланып, эксперименттің маңызын түсіндіріңдере алады. 1 есеп шығару алгоритмін құра білуі; өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіру, математикалық есептеулер жүргізе алуы 1 Max 6 ұпай (6+0+0) 6 2 Оқушы төменде берілген өлшемдерінің біреуіне де жеткен жоқ 0 Суы бар ыдысқа ағаш өзекше, металл өзекше, картопты салғанда дененің суға бататынын, жүзетінін салыстыра алады 1 Суы бар ыдысқа кішкене бөліктермен ас тұзын сеуіп, оны шыны таяқшамен араластырғанда денелерде өзгеріс болатынын түсіндіре алуы 1 Берілген денелердің суда, тұзда бататынын немесе жүзетінін анықтауы 1 Жанып жатқан керосинді өшіруге болатынын жауабын түсіндіреді. 1 Қандай суда жүзу жеңіл - өзенде ме, теңізде ме? Жауабын түіндір. 1 Сұйық тығыздығын өлшеуге арналған құралды білуі 1 Сүттің майлылығын анықтау үшін қолданылатын құралдың атауын білуі. 1 Max 6 ұпай (6+0+0) 6 3 Оқушы төменде берілген өлшемдерінің біреуіне де жеткен жоқ
0
талданып отырған құбылыстың теориясын өз ойымен түсіндіре алады 1
Тақырыпты мысалдармен түсіндіре алады 1
Зерттеу мақсатын біледі,. 1
Зерттелетін дүниеге болжам жасайды 1
заңдарды түсінеді, ұғымдарға түсінік бере алады 1
Теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана біледі 1
Max 6 ұпай (0+0+6) 6
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:
Критерийлер бойынша ұпай саны Барлық жинаған ұпай Баға
Д Е А Баға айналдыру шкаласы
18мах баға
18-17 «5»
16-14 «4»
13-11 «3»
9-0 «2»
Сабақ №7
Сабақ тақырыбы Физика- табиғат туралы ғылым. Физикалық терминдер мен ұғымдар. Физика және техника. Қазіргі әлемдегі физика.
Мақсаты -Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.
- Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру,өмірде қолданысын түсіну.
Күтілетін нәтиже - физикалық құбылыстар, заңдар, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінеді.
- ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру, өмірдегі қолданысын түсінеді.
Негізгі идея Физика грекше фюзис-табиғат деген ұғымды білдіреді.
Физиканың мақсаты –табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.
Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.
Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар.
Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:
-Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.
-ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.
-Лазердің дүниеге келуі.
-Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.
Ресурстар
Тірек-карта, слайд, медиаобьект, плакат, стикер.
Бағалау
Критерий арқылы өзін-өзі бағалау, смайлик арқылы, бағдаршам..
Сабақ кезеңдері Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
(мұғалім және оқушы немен айналысады)
Кіріспе бөлімі
І.Ұйымдастыру (3 минут)
Амандасу.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу (құбылыстар арқылы 4 топқа бөлінеді)
Үй тапсырмасы.
Топтық жұмыс. «Сұрақтар шеңбері» Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріледі.
-Табиғат құбылыстары деп нені атайды.
-Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады.
-Күннің тұтылуын қалай түсіндіруге болады.
- Табиғат туралы қандай ғылымдарды білесің.
Мына құбылыстарға мысалдар келтір.
-Механикалық құбылыстар......................................
-Жылу құбылыстары.................................................
-Дыбыс құбылыстары...............................................
-Электр құбылыстары...............................................
-Магниттік құбылыстар............................................
-Жарық құбылыстар..................................................
Негізгі бөлім
Жұптық жұмыс. «Блиц-кездесу» Оқушылар жұпта отырып, берілген сөздер бойынша түсіндіру, талқылау.
-Кестеде денелердің мысалдары келтірілген. Оң жақтағы графаға осы денелердің қандай заттардан тұратынын жазыңдар.
Дене Зат
Терезе Шыны стақан Ағаш қасық Темір пышақ Қаламсап Қарындаш -Төменде аталған заттар мен денелерден: қар, гүл, ұшақ, су, стақан, алюминий, бор, қағаз, заттарын бір бағанға, денелерін екінші бағанға жеке көшіріп жаз.
Заттар Денелер
Жеке жұмыс. «Лездеме» Конверттен бір сөзді бір рет алу, Сөздің өзін атамай түсіндіру. Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.
11849103879853242310387985-Төменде көрсетілген техникалардың атын және олардың не үшін қолданылатынын жаз
11811095885
-38100-227330
Қорытынды
Кері байланыс орнату.
V «қанат белгі» (әлдеқашан белгілі нәрсе) - «алу» (белгісі түсінігіне қайшы нәрсе) + «қосу» белгісі қызықты және тосын нәрсе ? «сұрақ белгісі» (егер бір нәрсе анық емес, көбірек білуге құштарлық пайда болса)
Үйге тапсырма Қазіргі әлемдегі физиканың жетістігі. Презентация
Нені дамыта аласыз?
Нені өзгерткіңіз келеді? зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыру
Оқушылардың білімдік жетістіктерін бағалаудың жалпы критерийлері
Өлшемдер Мазмұны. Тапсырманың нөмірі Мұғалім
№1 №2 №3 А (дүниенің бірлігі) Оқытылып отырған тақырыптың қолданбалы мағынасын бағалау; табиғат құбылыстарын сипаттау және түсіндіруде физикалық заңдылықтарға сүйене отырып ауызша және жазбаша түрде техникалық дамудың салдарын болжай алу. 6 0 0 6/максималды ұпай
С (қолдану) Ауызша жауаптарда және әртүрлілік деңгейдегі (базалық, ортадан жоғары, жоғары) жазбаша тексеру жұмыстарында білімі мен білігін ұтымды пайдалану; физикалық шамаларды өлшей алу, мәліметтерді жинау және оларды жаза білу, қажет болғанда тиісті өлшем бірліктерді қолдана алу керек. 0 5 6 11/максималды ұпай
Max 6 5 6 17
№ Жоспарланған жетістіктер
Дескрипторлар А С
1 Оқушы төменде берілген өлшемдерінің біреуіне де жеткен жоқ 0 талданып отырған құбылыстың теориясын өз ойымен түсіндіре алады 1 Тақырыпты мысалдармен түсіндіре алады 1 Зерттеу мақсатын біледі,. 1 Зерттелетін дүниеге болжам жасайды 1 заңдарды түсінеді, ұғымдарға түсінік бере алады 1 Теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана біледі 1 Max 6 ұпай (6+0+0) 2 Оқушы критериийлердің ешқайсысын орындаған жоқ 0
Физика тарихынан жекеленген фактілерді анықтайды 1
Ғылыми зерттелген жаңалықтарды жинақтайды 2
Жекеленген тақырыптар бойынша проблемаларды анықтайды, зерттеу мақсатында болжам жасайды. 1
Физикалық құбылыстарды суреттейді, физикалық шамалардың өзара байланысын кескіндейді. 2
Тәжірибеде іскерлік-дағдыларын арттыра отырып, теориялық біліммен ұштастырады. 1
Тәжірибе жасауда қорытынды шешім қабылдай алады 2
Max 11 ұпай (0+0+11) ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:
Критерийлер бойынша ұпай саны Барлық жинаған ұпай Баға
А6
С11
17 Баға айналдыру шкаласы
17мах баға
17-16 «5»
15-14 «4»
13-9 «3»
8-0 «2»