Бастауыш сыныптар аралы?ы, ?нші, биші балапан


Әнші, биші балапан
Байқаудың мақсаты: Талантты оқушыларды тану, дарынды оқушылардың өнерін шыңдау. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Байқаудың барысы:
1-жүргізуші. Армысыздар, көктем көңіл көрермен!
Шашу бүгін шашылады өнерден.
2-жүргізуші. Армысыздар, ақ жаулықты аналар!
Армысыздар, асыл мінез арулар!
1-жүргізуші. Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы, бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.
2-жүргізуші. Иә, қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп, ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші. Ендеше, осы өнер қайдан шығады?
2-жүргізуші. Менің ойымша, оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім болуы және шеберлік қажет.
1-жүргізуші. Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген сөз бар. Қай өнерге болсын жастайынан машық болуы керек.
2-жүргізуші. Ендеше біздің мектебімізде өнерлі оқушылар бар ма?
1-жүргізуші. Әрине, бар.
2-жүргізуші. Бүгінгі біздің байқауымыздың мақсаты әнші, биші, тума талант иелерін анықтау.
1-жүргізуші. Ендеше тұрмайық ,байқауымызды бастайық.
2-жүргізуші. Қане, сахна сыртында жүрегі лүпілдеп, үміті желкілдеп, үкілері үлпілдеп, өнері өрге өрлеп тұрған мектебіміздің сахна гүлдерін балапандарымызды сахнаға шақырайық.
1-жүргізуші.Енді мектебіміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына сөз кезегін береміз.
2-жүргізуші. Байқауымыздың әділ де, нақты бағалануы үшін әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Әділқазылар тізімі:
1. Мектебіміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызы
2.Мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Диана Айтбекқызы
3. Мектебіміздің психологі Сүлейменова Майра Рахымқызы
1-жүргізуші. Әнші балапан сайысына тұңғыш рет қатысып отырған, ең кішкентай бүлдіршіндері Ерланқызы Кәмиланың «Ақ мамам» әнін қабыл алыңыздар.
2-Жүргізуші. Қазағымды қуантқан әніменен
Қымбат бізге сендер айтқан әрбір өлең
Халқыменен тебірентіп ән салатын
Сендерді қазағымның жаны дер ем, дей отырып, даярлық тобының оқушысы Санатқызы Гауһарды «Құттықтаймын мама туған күнінмен!» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші. Жас болса да өмірдің бағамын білетін, ойы ұшқыр, алғыр, талантты Ғалымжанқызы Айшаны «Анашым қартаймашы» әнімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші.Қазақ халқы әдемілікті қадірлеген халық. Қыз баланы ерекше қадірлеп, ару деп атаған. Ару сөзінің ішіне әдемі қылықты, келбетті, ажарлы, ақылды деген ұғымдар жатады.
1-жүргізуші.Осындай ару деген ұғымға лайық қыздар бар ма?
2-жүргізуші. Йә, бар. Ол – Абдрахан Сагдиана.
1-жүргізуші. Сагдиананың орындауында «Достар» әні қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші. Анаға деген құрметімізді әнмен де, жырмен де, әдемі сөзбен де жеткізсек артық болмайды. Өзінің анасына ыстық сезімін әдемі әнімен жеткізгелі отырған Мақсатқызы Назеркені «Анашым, ана жаным» әнімен ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші. Талдырмаш мүсін, тартымды келбет, сүмбіл шаш, қиғаш осының бәрі жиналып, бір адамда болса, ол адамды кандай адам дейміз?
2-жүргізуші. Ондай адамды «сымбатты» дейміз. Демек, ортаға Сәмет Алуаның «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші. Мойылдай қара көзді, нәзік, мың бұрала билей алатын, мектеп табалдырығын биыл ғана аттаған өнерлі қыздарымызды білесің бе? Өздері өнерге жақын, сегіз қырлы бір сырлы, тал бойына тамаша мүсіні жарасқан, ортада «Қамажай»биімен 1-сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші. Бүгінгі еліміздің қырмызымыз
Арайлы болашақтың ұл – қызымыз
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Қанатты, жарқыраған жұлдызымыз!
«2» сынып оқушыларының орындауында «Вальс» биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші. Би билеп сахынаның үлен төрінде, он саусағы майысқан биші қыздарымыз 3 сынып оқушыларының «Балалық шақ» биімен ортаға шақырамыз.
2-жүргізуші. Жалпы адам баласы дүниеге келген перзенті үшін ат таңдап, оған өз армандарын қосып, үміттене, болашағының бақытты болуын көксеу мақсатында есімін қояды. Атап айтсақ, Ажар сол есімінде айтылғандай қазір сахнаға ару қызымыз болатын өнерліні ортаға шақырамыз. Қол соғып құрметпен қырғыз биі «Қара Жорға» қарсы алайық.
1-жүргізуші. Қызықтырып өнерге
Жетелеймін баланы
Ұлттық өнер емеспе
Дамытатын сананы
Әнші,биші баланы
Адам етіп бағалы
Өнерпаз қып баулысам өнер отын жағады.Сахнаға бүгінгі әнші, биші балапан сайысына қатысқан оқушыларды шақырамыз
Қорытынды
1-жүргізуші. Қорыта келгенде: Бүгінгі байқауымыздың шарықтау шегіне жеттік. Байқау болғандықтан, жарыс болғандықтан жеңіс те, жеңіліс те бар. Таза талантта бар, әуесқой дарын да бар. Осының бәріне сыни көзбен қараған, сыншыларымызға сөз кезегін береміз.
Байқауға қатысушыларды марапаттау рәсімі.
2-жүргізуші. Құрметті қатысушылар сіздерді бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтаймыз.
Байқау соңы.
«Әнші балапан» әні орындалады.
1-жүргізуші. Кішкентай әнші, биші балапандар өнерлерін өрге жүзсін. Қанаттарын талмасын. Биіктерге самғасын деп, бүгінгі байқауымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!