Технологиялы? карта: «?уес балапан»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Кіші саласы: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Әуес балапан (зкр –ц дыбысы)
Міндеті: Балаларды дыбыстық артикулациялық дыбыстармен таныстыру, оқшау және сөздерде, буындардағы дыбыстардың дұрыс айтылуына жаттықтыру, ойлау, есте сақтау, фонетикалық есту қабілетін дамыту.
Іс-әрекеттің кезеңдері Тәрбиеші іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотиватциялық-қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістікАмандасу.
Шаттық шеңбері
Бүгін аптаның нешінші күні?
Бұл ненің дауысы екен?
Тосын сәт:
Музыка қойылады, балалар бұл ненің дауысы, естідіңдер ме?
Қане барлығымыз бірге салып көреміз бе?
Бұл дыбыс қайдан естіліп жатыр екен?
Балапан қонаққа келеді.
Тәрбиеші балапанмен амандасады.
Балапан: Сәлеметсіз бе апай ?
Сәлеметсіңдер ме балалар ?
Мен сендерге қонаққа келдім және
сендерге арнаған тапсырма бар
орындайсыңдар ма?
Мен жұмыртқаны жаңа жарып шыққан балапанмын өзім туралы білгім келеді және сендермен бірге ойын ойнағым келеді.
Тапсырманы тәрбиешіге береді. Ішінде балапанның суреті мен
артикулциялық жаттығу болады.
Ал балалар олай болса балапанмен
бірге тапсырмасын орындайық.
Артикулциялық жаттығуларды
орындау: «Бақа», «Піл»
Тәрбиеші:балалар балапан
өзі туралы мәлімет білгісі
келеді екен?
Балапанның түсі қандай?
Орысша қалай аталады?
Балапан туралы мәлімет айту. Ал енді есте сақтау қабілетімізді тексеріп көрейікші.
«Ойлан тап» ойыны:
Шарты: тақтаға сурет ілінеді,
балалар көздерін жұмады, сол
кезде бір сурет алынып тасталады.
Көзімізді ашамыз қандай сурет жоқ.
Дидактикалық ойын: «Анасын тап»
Шарты: берілген үй құстарының балапандарына анасың тауыр, көрсету.
Балапанмен қоштасу. Балалар сендер менің тапсырмамды жақсы орындағандықтан сендерге
сыйлығым бар. Балапанның суреті үлестіріліп беріледі. Енді менің кететін уақытым болды.
Сау болыңдар балалар! Тәрбиешімен амандасу
-Екінші күні, Сейсенбі
Балапан
-Иа
Балапанның дауысын салады.
Цип-цип, цип
Сәлеметсіз бе балапан?
Иа, орындаймыз
Тапсырманы қуана орындайды.
Сары.
Цыпленок
Ойынды бар қызығушылықтарымен ойнайды.
Сыйлықтарды көріп қуанады.
Сау бол балапан!
Рефлексивті – қозғаушы Қортындылау.
Балалар бүгін қонаққа кім келді.
Орысша қалай аталады екен?
Сабақ ұнады ма?
-Балапан келді.
- Цыпленок.
- Иа ұнады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: балапанның дауысын
Түсінеді:балапан туралы мәліметті
Қолданады:балапанның суретін, артикулциялық жаттығуды.