Ашы? саба? «Мемлекеттік тіл – ?аза? тілі» Пысы?тауыш


Кішкенекөл қазақ – мектеп гимназиясы
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы

Ашық сабақ
«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі»
Пысықтауыш
Өткізген: Махамбетова Малика
2016-2017 о.ж.
«Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» күніне орай ашық сабақ.
Күні: 24.11.2016 жыл.
Сынып:  8-сынып
Пән: қазақ тілі.
Мұғалімі: Махамбетова Малика
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш (қайталау сабағы)
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақтардығы алған білімдерін бекіту, қайталау.
Білімділік: Оқушылар пысықтауыш туралы мағлұматтарын қайталай отырып, мемлекеттік тіл туралы білімдерін кеңейтіп, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтайды, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйренеді.
Дамытушылық: Оқушылар алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастырады, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыланады, есте ұстау, ойлану қасиеттері дамиды.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, тілді құрметтеп, патриоттық сезімге, жылдамдыққа, тілдік-эстетикалық сезімге тәрбиеленеді. Сабақ түрі: қайталау сабағы, түрлендірілген аралас сабақ.Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтастыру, түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта).Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, тірек-сызбалары бар плакат, ребус, сызбалар, слайд.Пәнаралық байланыс: әдебиет, математикаСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңі — 1 мин. II. Сабақтың мақсатын хабарлау — 1 мин. III. Үй тапсырмасын тексеру — 7 мин. IV. Сабақты зерделеу — 30 мин. V. Бекіту — 3 мин. VI. Үйге тапсырма — 1 мин. VII.Қорытындылау, бағалау — 2 мин.
Топтастыру:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен тақырыптарды еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар мен жауаптар жазылған кестелері беріледі. Кестелердегі дұрыс және бұрыс жауаптарды табу керек.
№ Сұрақ
№ Жауаптар1 Бастауыш дегеніміз не?
1 Бастауыш пен баяндауыш сөйлемде басты ойды білдіреді.
2 Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер дейміз?
2 Бастауыш сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді.
3 Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады?
3 Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Сұрақтары: Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? Ненің?
4 Толықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.
4 Баяндауыш білдіретін амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесі. Сұрақтары: Кімді? Нені? Кімге? Неге? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?
5 Анықтауыш дегеніміз не? Сұраулары.
5 Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. М/ы: Астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».)
Дұрыс жауаптар:
1 – 2 2 – 1 3 – 5 4 – 4 5 – 3
Миға шабуыл; сөзжұмбақ шешкізу:
Сұрақтары:
Әркім қазақ тілін білу.......
Ресми тіліміз ол .....
Тілді білмеген кезде біз ...... қолданамыз.
Сөйлем мүшелері тұрлаулы және ......... болып екіге бөлінеді.
Мемлекеттік тіліміз ........
... мәртебесі - ел мәртебесі.
... - мемлекеттің тоғыз қабат, тор көзді сауыты.
Заңда бап және ..... болады.
Туған жердің күні де....., түні де.....
Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш анықтауыш, пысықтауыштар олар сөйлем ........
П а р ы з
о р Ы с т і л і
С ө з д і к
т ұ р л а у с Ы з
Қ а з а қ т і л і
Т і л
з А ң
т а р а У
Ы с т ы қ
м ү Ш е с і
ІІІ. Жаңа сабақ:
Пысықтауыштың мағыналық түрлері Сұраулары Мысалдар
1 2 3
Мезгіл пысықтауыш
мезгіл үстеуінен
жатыс септігіндегі
мезгіл мәнді зат
есімнен
- септік шылаулы сөзден Қашан?
Қай кезде?
Қай уақытта? Ол бүгін келеді.
22 наурызда күн мен түн теңеледі.
Таңертеңгі шайдан соң Абай әке қасынан шығып,Майбасарға келе жатты (М.Ә.)
Мекен пысықтауыш
мекен үстеуінен
атау,ілік,табыстан басқа септіктерде тұрған зат есімдерден Қайда?
Қай жерде?
Қай жақта?
Қайдан? Әжесі үйде қалды.
Қайсар биыл мектепке барады.
Біз қала маңынан келдік.
Мақсат пысықтауыш
мақсат үстеуінен
-ғалы,-гелі,-п тұлғалы көсемшелерден
Үшін шылауымен келген есім сөзден Кім үшін?
Не үшін?
Неге?
Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді.
Ол әдейі кірді.
Мен осыны айту үшін сөйлестім.
Амал пысықтауыш
қимыл-сын үстеулерінен
еліктеуіштен
көсемше тұлғалы етістіктен Қалай?
Қайтіп?
Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі.
Бала жүгіре-жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде,ол сылқ-сылқ күлді.
Себеп пысықтауыш
-өткен шақтық есімшеден Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
Мөлшер пысықтауыш
- мөлшер үстеулерінен
- мөлшер мәнді сын есімдерден Қанша?
Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі
Емтиханға жаппай кірді.
Тақтайды ұзын кес.
ІV. Жаттығумен жұмыс:
2 - тапсырма. Сызба бойынша мемлекеттік тілге қатысты сөйлем құрастыру.1. Анықтауыш - бастауыш – пысықтауыш – пысықтауыш – баяндауыш.2. Пысықтауыш – бастауыш – пысықтауыш – баяндауыш.3. Бастауыш – толықтауыш – пысықтауыш - баяндауыш.Әр топ дәптерге жазады, топ мүшелерінің толық жазғанын күтеді, сөйлемдерін оқиды, талдайды.
V. Семантикалық карта: топтағы оқушылар бірлесіп сөйлем құрайды, ал өзге топтары сол сөйлемдерді талдайды. Сөйлем міндетті түрде мемлекеттік тіл тақырыбы төңірегінде болу керек
№ Пысықтауыштың түрлері
Сөйлемдер Мезгіл Мекен Мақсат Амал Себеп Мөлшер
VІ. Сабақты бекіту:
Синтаксистік талдау жасау.
топ1) Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.2) Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.3) Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
топ4) Бүгін мен де қимылдап көрейін.5) Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.6) Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
топ7) Бұ кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.8) Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.9) Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
VII. Үйге тапсырма: 68-бет, 54-жаттығу.VIII. Оқушылардың білімін бағалау: Топтар өзара бір-бірін бағалайды, кейін сабаққа қатысуы бойынша мұғалім бағалайды.
Рефлексия: мемлекеттік тілге арнау 4 жол өлең жазу. Әр топтан бір оқушы оқиды.