Екі айнымалысы бар те?деулер ж?йесін шешуді? алмастыру т?сіліне есептер шы?ару


Қызылорда облысы
Арал ауданы
Аралқұм ауылы
№61 орта мектеп
Математика пәнінің мұғалімі
Бекниязова Бахиткуль Асылбековна
Сыныбы: 6
Тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешудің алмастыру тәсіліне
есептер шығару
Мақсаты:
білімділік: Өткен сабақтағы мағлұматтарды қайталау арқылы оқушылардың
білімділігін арттырып, тақырып бойынша түсініктерін байыту;
дамытушылық:Оқушылардың сабақ барысында ой-өрісі мен ойлау қабілетін
есептер шығару арқылы дамыту;
тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,
тазайындыққа тәрбиелеу;
Түрі: саяхат-сабақ
Типі: түсіндірмелі сабақ
Әдісі: дәстүрлі
Көрнекілігі: слайд, түрлі түсті бағалау фигуралары
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеп, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№1500 есептің дұрыс шығарылуын қадағалау, өткен сабақтағы өтілген мағлұматтарды пысықтау сұрақтары арқылы қайталау, бағалау барысында ескеру.
ІІІ. Барысы.
Оқушыларды 3 топқа бөліп деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды бөліп беру. 3 топтың да кезеңнен өту тапсырмалары түсіндіріледі.
Сыныпта №1499, №1501, №1502.
Дара Диегоның туған күніне бару үшін:
Көгал(№1499) → Трольдің көпірі(№1501) → Диегоның туған күні(№1502)
І – кезең. Дара мен Боти көгалдан өтуі үшін №1499 есептің шешуін табу керек.
Әр кезең сайынғы тапсырмаларда алғашқы болып шешуін қатесіз тапқан оқушыға белгісі тапсырылады. Сонан кейін есептің дұрыстығына және қатесіздігіне қарай және белгілері тапсырылады.
№1499
2х+у-х=-63х-х-у=0
2х+2у-х=-63х-х+у=0
х+2у=-62х+у=0→ х= -6 – 2у
2(-6 – 2у)+у =0; -12 – 4у+у =0; -12 – 3у =0; -3у=12; у=-4. х=6 - 2·(-4)=6+8= 2.
Жауабы: (2;-4)
3х+2у-у=274х+у-3х=23
3х+6у-у=274х+4у-3х=23
3х+5у=27х+4у=23 → х= 23 – 4у
3(23-4у)+5у=27; 69-12у+5у=27; -7у=-42; у=6. х=23-4·6=23-24= ‒1.
Жауабы: (-1;6)
5х-2у+4=062х+3-у=41
5х-2у-8=012х+18-у=41
5х-2у=812х-у=23 у = 12х – 23
5х-2(12х-23)=8; 5х-24х+46=8; 19х=38; х=2; у=12·2-23=24-23=1.
Жауабы: (2;1)
2х+3х+у=117х+3у-6х=-59 2х+3х+3у=117х+21у-6х=-59
5х+3у=11х+21у=-59 → х=-59-21у;
5(-59-21у)+3у=11; -295-105у+3у=11; -102у=306; у=-3. х=-59-21·(-3)= =-59+63=4. Жауабы: (4;-3)
ІІ-кезең. Дара мен Боти көгалдан өткеннен кейін «ашушаң қарт трольдің көпірінен» өтуі керек. Троль оларға шарт қояды, ол шарт №1501 есепті шығару керек.
№1501.
Бірінші шебер – х
Екінші шебер – у
х+у=130005х=4у+15500
х=13000-у513000-у=4у+15500
65000 – 5у=4у+15500;
9у = 65000 – 15500
9у= 49500;
у=5500. х=13000 – 5500 = 7500.
Жауабы: Бірінші шебер 7500 тг, Екінші шебер 5500 тг.
ІІІ – кезең. Трольдің көпірінен өткеннен кейін Дара мен Боти Диегоның туған күн кеші болып жатқан жерге жету үшін №1502 есептің шешуін табуымыз керек.
№1502.
Алма – х
Алмұрт – у
х+у=2753х+50=4у
у=275-х3х+50=4(275-х)
3х+50=1100 – 4х; 7х = 1050; х=150. у= 275 – 150 = 125.
Жауабы: Алма – 150 тг, алмұрт – 125 тг.
Сабақты қорытындылау:
101219015240Теңдеулер жүйесіТеңдеулер жүйесінің шешу тәсілдеріҚосуАлмастыруГрафиктікТеңдеулер жүйесінің шешімі табылады(х;у)Шексіз көп шешіміБір ғана шешімШешімі жоқ
Оқушыларды бағалау.
Әр топтағы жиналған бағалау фигуралары арқылы оқушыларды өз деңгейлеріне қарай бағалау.
Үйге тапсырма: №1504.
Оқушы ойлаған сан – х, у
х-у=83х+4=5у → х=8+у38+у+4=5у → 24+3у +4 = 5у; 2у = 28; у=14.
х = 8+ 14 = 22
Жауабы: оқушы ойлаған сандар 14 және 22.