Сауыс?ан мен к?кек


Сабақтың тақырыбы: «Сауысқан мен көкек» .Заттың атын білдіретін сөздер.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Құстар туралы білімділерін кеңейту. Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін жетілдіру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан - жақты ойлауға үйрету.Дамытушылық. Оқушылардың сөздік қорын,ойын дамыту. Сөйлеу мәдениетін, оқу мен жазу дағдыларын арттыру.Тәрбиелік. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу/, дискуссия, ассоциациялық әдіс, жазбаша, ауызша, ойын, көрнекілік, диалогті сөйлеу, топпен жұмыс.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, / плакат/ «Ауыл көрінісі», дидактикалық материалдар (құстар, ұялар, жемсауыт, талдар), тест тапсырмалары. Кестелер «Ой қозғау», «Ассоциациялық аймақ құру, құстардың атрибуттары» (қаз, тауық, сауысқан)Пәнаралық байланыс: дүниетанумен, өмірмен табиғатпен.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал.ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
1.Сұрақ-жауап әдісі
- Балалар бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай мезгіл?
- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құстар туралы не біеміз? (балалардың әңгімелеуі)
2. «Құстарым келіңдер» өлеңін мәнерлеп оқыту.
III. Жаңа сабақ.
1.Ой қозғау.
Қайталап атымдыӘн салып аламынКез – келген ұяғаЖұмыртқа саламын /көкек/
Жем көрсе,
Шықылықтап қалтаңдайды.
Сескенсе,
Жыпылықтап жалтаңдайды. (сауысқан)
- Балалар бүгін біз сендермен «Сауысқан мен көкек» ертегісімен танысамыз.
2) Оқулықпен жұмыс. /Ертегіні тізбектей оқыту/3) Интерактивті тақтамен жұмыс.(Ертегі мазмұнына сай суреттер көрсете отырып, сұрақтар қойылады)- Сауысқанның көкекке ұя салуға ұсыныс жасау себебі не?- Көкектің қандай ойы болды?- Сауысқан ұяны қалай салды?- Көкек қандай құс?4) Ой қорыту.- Ертегіден қандай ой түйдіңдер?/жалқау болмай, еңбекшіл, іскер болу керек/5) Ертегіні рольге бөліп оқыту.
IV.Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегімБәрі осыдан басталғанМынау басым ақылдыБәрін осы басқарғанМынау менің оң қолымМынау менің сол қолымБарлық істі атқарған.
6) Дәптермен жұмыс.
А) Көркем жазу.
Ә) 89-жаттығу. Керекті сөздерді қойып жазып, заттың атын білдіретін сөздердің астын сызу.
7) Топпен жұмыс1-ші топ. Сауысқан мен көкекке мінездеме беру.2-ші топ. Көкекке хат жазу.
8) Тестпен жұмыс. 1. Заттың атын білдіретін сөздерді көрсетА) бес, алты ә) қызыл, көрікті Б) оқушы, дәптер2 «Жолбарыс» сөзінде неше буын бар?А) 3 ә) 2 б) 43.Жуан дауыстылар қатарын белгіле:А) а, ә, ы, у.Ә) а, е, о, у, ыБ) а, о, ы, ұ4. Тасымалдауға болмайтын сөздің қатарын тапА) аю, ою, ұяӘ) астық, арқа, тауықБ) ер, шығыс, алтынVІ. Үйге тапсырма. 90 - жаттығуКім? Кімдер? Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу. Ертегіні оқу.VІІ. Бағалау. Оқушылардың білімдерін саралап бағалау.