К?рделі есептерді Turbo Pascal-ба?дарламасында шы?ару жодарын білу


Күрделі есептерді Turbo Pascal-бағдарламасында
шығару жодарын білу
1-есеп. М натурал саны берілген. Оның жай сан екендігін анықтау керек
Program pr1;
Var I,M,F: integer;
Begin
Repeat
Write(‘натуралсан енгізу М=’);
Readln(M);
Until M>0;
F:=0;
For I:=2 TO M DIV 2 do
If M MOD I=0 then F:=1;
If F=0 then writeln (M:6,’жай сан’)
Else writeln (М:6,’жай сан емес’);
End.
Есепті шешу алгоритмі:
1. Программа денесін айнымылылардан сипаттаудан бастаймын.
2. Натурал сан енгіземін.
2-ден М/2 аралығындағы натурал сандар М санының бөлгіші бола ма, соны тексеремін.
F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.
Айнымалылар:
М-зерттелетін сан;
І-цикл айнымалысы;
F-көмекші айнымалы.2-есеп. А натурал саны берілген. Оны жай көбейткіштерге жіктеу керек.
Program pr2;
Var I,A,F,J: integer;
Begin
Repeat
Write(‘натурал сан енгіз А=’);
Readln(A);
Until A>0;
Write(A:6,’=1’);
F:=0; J:=A;
For I:=2 to A DIV 2 do
Begin
If J MOD I=0 then begin F:=1;
{Цикл мұндай І көбейткіштердің А санында нешеу екендігін анықтайды}
While J MOD I=0 DO
Begin
Write(‘*’,I);
J:=J DIV I;
End;
End;
{F бірден үлкен жай көбейткіштердің табылғандығын анықтайды}
if F=0 then writeln (‘*’,A);
else writeln;
end.
Есепті шешу алгоритмі:
Программа денесін айнымалыларды сипаттаудан бастаймын;
Натурал сан енгіземін;
Параметрі І циклде А/2 – ден артпайтын натурал сандарды анықтаймын;
Егер мұндай сан бөлгіш болса, онда А-ны кішірейту арқылы санын анықтаймын;
F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.
Айнымалылар:
А-зерттелетін сан;
І,J-цикл айнымалысы;
F-көмекші айнымалы.3-есеп. Р және М натурал сандары берілген. Олардың өзара жай сандар екендігін анықтау керек. Өзара жай сандардың 1-ден басқа ортақ бөлшектері болмайды.
Program pr3;
Var I,P,M,K: integer;
F: Boolean;
Begin
Repeat
Write(‘натурал сан енгіз P=’);
Readln(P);
Write(‘натурал сан енгіз M=’);
Readln(M);
Until(P>0) and (M>0);
F:= False;
If P>M then K:=M else K:=P;
For I:=2 to K do
If (P MOD I=0) And (M MOD I=0) Then F:=TRUE;
If F then writeln (P,’,’,M,’ өзара жай сандар емес’)
Else writeln (P,’,’,M,’өзара жай сандар’);
End.
Есепті шешу алгоритмі:
1. Программа денесін айнымалыларды сипаттаудан бастаймын;
2. Р,М натурал сан енгіземін;
3.Параметрі І циклде 2-ден бастап ең кіші санға дейінгі сандарды анықтаймыз және әрбір Р,М сандарының бөлгіші болатындығын тексеремін;
F-тің мәніне байланысты нәтижені шығарамын.
Айнымалылдар:
Р,М –зерттелетін сан;
І-цикл айнымалысы;
Ғ-көмекші айнымалы;
К-Р,М сандарының кішісі.