А?и?атты жол?а алып, адалды?пен ?мір бастаймыз!


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Бекітемін ______
Мектеп: «Қ.Байсықов атындағы ОЖББМ» КММ-сі
Мерзiмі:08.09.2016 №1
Мұғалiм: Г.И.Бияшева Сынып: 1 Оқушылар саны-21
Тақырып: Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз! (1 сабақ)
Құндылық: ақиқат
Қасиеттер: шыншылдық, қарапайымдылық, адалдық 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға адалдықпен өмір сүрудің маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:оқушыларға адал өмір сүру мәнін түсіндіріп,қарапайымдылық қасиеті туралы айту
Дамытушылық:Оқушылардың бойындаы адалдық қасиетін дамыту
Тәрбиелік:оқушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, «Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталау. Ресурстар
Әңгімелеу:
«Елеместің адамгершілігі»
Мәтін бойынша сұрақтар:-Карт Елемеске қандай кеңес берді?
Елеместің өмірі қалай жалғасты?-Елемес қандай адам?-Оның адалдығын қандай істен көруге болады? Дәйексөз
«Ақиқат-адалдықтың бастауы» нақыл сөз.
Адалдық дегеніміз не?
-Адал болу оңай ма? Оқулық
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс:
Жақсылық жасайық
Оқушылар кітап,дәптер бойынша жұмыстанады дәптер
5.Топпен ән айту:
«Әдептілік әліппесі» Өлеңі: Ә.Асылбеков; Әні:М.Әубәкіров
-Атам менің әманда,
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
-Атам менің әманда,
Бол дейтұғын бауырмал.
Мынау байтақ ғаламда,
Қаншама дос, бауыр бар. 6.Бірге оқимыз:
«Түлкі мен ешкі» 2 –сабақ