Ж. Жабаевты? ?мірі мен а?ынды? ?ызметі


Күні: Сыныбы: 7 Пәні: әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Ж. Жабаевтың өмірі мен ақындық қызметі
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: ақын шығармаларындағы өзекті тақырыптың бірі – халқының алдындағы парызы мен міндетін өту, жастарды білімге шақыру
Дамытушылығы: ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен орындауға дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлауын, шығармашылық қабілетін арттыру.
Тәрбиелігі: Жамбылдың шығармаларын оқыта отырып, оқушыны жақсылыққа, өнерге баули отырып, ән мен жыр, өлең құдірітін сезінуге шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндірмелі, пікір алмасу, сын тұрғысынан ойлау
Көрнекілігі: венн диаграммасы, электронды оқулықтар қолдану
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақстан тарихы, география пәндері, өнер сабағы.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушының назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ – тапсырмалар арқылы бекіту.
ІІІ. Жаңа сабақ . Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдері
Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз, Хан және Жамбыл деген екі атауға кез боласыз. Менің әкем Жапа бір кезде осы тауларды көшіп – қонып жүрген.
Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын. Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып қойылыпты.
Бұл - 1846 жылдың ақпан айы екен. Менің әкем Жапа шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған.
Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымды егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды. Мен киіз үйде өстім. Сол кезде барлық қазақ балларындай мені де бесігіммен алып жүрді.
Менің ағам әкемнің інісі белгілі домбырашы болды. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. 14 жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым.
Үй – үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап маған си сияпат көрсете бастады.
15 ке толғанда мен атақты ақын Сүйінбай тұратын ауылға келдім. Домбырамды ұстап оның үйіне таяп келдім де, әндете бастадым. Өлеңіме риза болған Сүйінбай мені үйіне шақырып алып:
- Сенің ақындық дарының бар екен, даусың да жақсы, ұнайсың, жігітім, - деді. Қарт ақынның тілегі бойынша мен көптеген әндерді құйықылжыта айтып бердім. Оның біреуін сол үйде отырып шығардым.
Сүйінбай түні бойы ақындық шеберлігі жайында әңгімеледі. Сөйтіп мен оның шәкірті болдым, өлеңдерін жұртқа тараттым.
Тек 16 жасымнан бастап қана мен өз бетіммен жырлауға бел байладым, бірақ көрнекті ақындармен айтысқа түспедім. Алғашқы кезекте тек жас ақындармен сөз таластырып жүрдім. Мен Шу өзенін бойлап, көшіп – қонып жүрген ауылдарды аралап, оларға халық өлеңдерін, ертегілерін, қиссаларын, белгілі ақындардың өлеңдерін, өз өлеңдерімді айтып беріп жүрдім.
Осыдан кейін мен көптеген үлкен айтыстарға қатыстым, бірақ жеңіліп көрген емеспін.
Сахарадағы жыр үлкен күш. Дауылды тоқтата алмайтындай оны еш нәрсемен тоқтата алмайсың.
Оқулықпен жұмыс: Жамбылдың өз өмірі жайлы жазылған деректерді толықтыра оқу.
ІҮ. Жаңа сабақ бойынша білімін бекіту: «Атаның әлдиі», «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі.
Өлеңнің І – ІІ бөлімдерінің мазмұнынан баласын жоғалтқан әкенің қайғысын қалай байқауға болады?
ІІІ бөлімде әке өзіне қалай тоқтау айтады?
Екі өлеңнің өзектестігі неде?
«Жоқтау» туралы не білеміз?
Өлеңді толық оқу.
Үйге тапсырма:
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен өлеңдерін оқулықтан тыс оқу. Өлеңдерге теориялық талдау
Оқушыны бағалау.
Пән мұғалімі: А.И.Ахметжанова