А? боса?аны? алтын ді?гегі-?желер т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Ақ босағаның алтын діңгегі - әжелер»
Мақсаты:
Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.
Келіңдер наурыз күнін қарсы алайық
Билейік жыр жырлайық, ән салайық
Қаһарлы қыстан өтіп, наурыз келді
Арқаны кеңге созшы, уа халайық.
Құрметті де аяулы ажелер, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің тобымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «АҚ БОСАҒАНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ- ӘЖЕЛЕР» атты сайысына қош келдіңіздер!
Олай болса ортаға әжелерімізді шақырайық.
____________________________
____________________________
____________________________
Жүргізуші:
Құрт пен майын жинаған
Балаларға сыйлаған
Бұл әжемнің өмірі
Таусылмайтын жыр маған.
Олай болса, әжелер бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
«Шаңырағым, шаттығым» - таныстыру;
«Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету; ((әже әлдиі. Бесік жыры)«Шебердің қолы ортақ» - ою қиып сол оюдың атын, қандай бұйымдарды өрнектеуге болатынын айту.
«Сіз білесіз бе?» - қазақ халқының ырым тыйымдарының мағынасын ашу;
«Ас - адамның арқауы» - үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.
Сайысымызға төрелік айтып, әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:
____________________________
____________________________
____________________________
Сайысымызды бастамас бұрын балалардың өнеріне кезек берейік
Ән: «Дастархан»
Тақпақтар:
1-бала:
Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз, Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз. 
2-бала:
Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар. 
3-бала
Түрлі-түсті әйбат, Гүлдер шықты жайнап. Қызығып ылғи барамын, Қырға шықты ойнап. 
4-бала:
Дастарханда дәніміз, Жайдарымыз бәріміз. Жарасу бар, жаулық жоқ, Қандай жақсы Наурыз! 5-бала
Көкке бояп өңірді, Көктем келді көңілді. Бау-бақшада, орманда, Құстар әні төгілді. 
6-бала:
Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді – жыл басы. Шуақ төкті жарық күні, Мейрамында халықтың. Би: «Батырлар»
Ал, олай болса, әжелер, бүгінгі сайысымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, бірінші кезеңімізге кезек берейік.
I кезең - «Шаңырағым, шаттығым». Бұл кезеңде өздеріңізді таныстырып өтесіздер.
Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!
Әлди әлди бөпешім
Әлпештейтін көкешім
Тербетейін жата ғой
Тәтті ұйқыға бата гой
Әже әлдиін естімеген бала жоқ шығар. Әже бесік жырымен баланы жұбата отырып оның келешегінен зор үміт күтеді.
II кезең – «Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету.
Шебердің қолы ортақ» - ою қиып сол оюдың атын, қандай бұйымдарды өрнектеуге болатынын айту.
«Сіз білесіз бе?» - қазақ халқының ырым тыйымдарының мағынасын ашу;
Ырым - тыйымдарЖаңа туған нәрестенің бас жағына ырымдап қандай заттарды қоямыз? Және не себепті? (Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышұан келмейді деп жорыған). 2-сұрақ. үш байлықты атаңыз (денсаулық, ақжаулық,бессаулық)
3-сұрақ. Алғашқы сүт.
Екіқабат әйел ұл тапқысы келсе және қыз тапқысы келсе бас жағына ырымдап қандай заттарды қояды? («ұл табамын» десе, еркектің қару жарағын, шалбарын басына ырымдап жатады. Қыз тапқысы келсе қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған).
2-сұрақ. Ер жігіттің үш жұрты
3-сұрақ. Көктемнің алғашқы көгі(гүлі)
Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, халық оны неге балап ырымдайды? (оны «үйірін шақырып жатыр» деп ырымдайды, оның соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар);
Егер, үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, халық оны не деп ырымдайды? (үйге береке, ырыс, байлық келеді дейді, оны төрге апарып үш рет аунатады).
2-сұрақ. Жеті атаны атаңыз
3-сұрақ. Көктемнің алғашқы асы
V кезең
«Ас - адамның арқауы» - үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.
Ата бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен шамасы келгенше сый құрмет көрсетіп, дастархан жайып, төр ұсынып, сол үйдің дәм - тұзын татырмай жібермейтін болған.
Ендеше, келесі кезеңіміз - «Ас - адамның арқауы».
Ойын:
Әділ қазы алқалары дайын боламын дегенше, әсем әнге кезек берейік. Ендігі сөзді төрешілерге берейік. (әжелеріміздің ұлттық киімін сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын, бәрін де есептеген жөн).
Қорытынды
Әділқазы алқалары сөз алып, әр номинация бойынша әжелерімізді марапаттайды, жүлде тағайындайды.
Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы әжелер! Бүгінгі «Ақ босағаның алтын діңгегі- әжелер» атты сайысымызға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ, береке тілейміз. Әмән да, аман болыңыздар!