Образовательный материал


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР УНИВЕРСИТЕТІ
«Бекітемін»
әдіскер
Ғ. Ш. Әлбекова
_____________
«_____»_______________ж.

Математика
Ашық сабақ
Тақырыбы: Әріпті өрнектердің мәнін табу.
Білімді тиянақтау
Өткізген 1 «А» сынып жетекшісі:
Нұрғаламова Г.А.
Астана -2014
Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнектердің мәнін табу. Білімді тиянақтау
Білімділік мақсаты:
Әріптің берілген мәніндегі әріпті өрнектердің мәнін табу, әріпті өрнектер туралы білімдерін бекіту,есеп шығару, оған кері есеп құрастыру, сандардың қасиеттері туралы алған білімдерін еске түсіру, сатылап кешенді талдау технологиясы бойынша 6 санын талдау, өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін деңгейлік тапсырма арқылы тексеру.
Дамытушылық мақсаты:
Ауызша есептеу дағдыларын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін, сөздік қорын, қиялын дамыту; шапшаң есептеуге, тез ойлануға, ойын толық жеткізуге дамыту, математикалық тілмен сөйлеуге дағдыландыру
Тәрбиелік мақсаты:
Математика пәніне қызығушылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі:білімді тиянақтау
Көрнекілігі: слайд, деңгейлік тапсырма, сандар, өрнектер.
Қолданылатын әдіс: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: ана тілі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың ұраны айтылады.
«Математика – үлкен патшалық,
Сандықты ашып, сырын ұқ!»
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін таныстыру.
Бүгін біз сабақта өткен тақырыптар бойынша білімдерімізді тиянақтаймыз, ертегілер кейіпкерлерімізге көмек көрсетеміз,деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, қаншалықты меңгергенімізді тексереміз.
ІІ. Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Бізге бүгін қонақтар келді. Бәріміз амандасып, өзіміздің ақжарқын күлкімізді сыйлайық. Енді Сіздерді қонақтармен бірге «Ертегілер еліне» саяхатқа шақырамын. Сендер ертегілерді жақсы көресіңдер гой. Ал, ендеше саяхатты бастайық!
ІІІ. Өткенді қайталау.
- Бірақ, балалар, «Ертегілер елінің» қақпасы жабық екен. Оны ашу үшін
Ітоп 1ден 10 дейін санау
ІІ топ 1сан аттап санау
ІІІ топ 2 сан аттап санау
ІV топ дөңгелек сандармен санап шығу керек
Бұлар қандай сандардың қатарына жатады?
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
10, 20,30,40,50, 60, 70,80,90,100.
Балалар, қалай санасаңдар да ашылмай тұр.
- Менің ойымша, бұл қақпаның құпия сандарын білу керек шығар.
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Тауып көреміз бе?
Не байқап тұрсыңдар? Әріпті өрнектер. Не істеуіміз керек?
а+1 а+1+1 а- 1 8-а
а= 5
Құпия сандар шықты: 6,7,4,3
Әр санға түсінік беру:
- Осы сандар туралы не айталамыз?
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқанымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар. Осы сандардың ішінен

Ітоп
3 саны туралы не білеміз?
Үш көз
1.    Су анасы – бұлақ.
2.    Жол анасы – тұяқ.
3.    Дау анасы – құлақ.
Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Үш арсыз
1. Ұйқы арсыз.
2. Күлкі арсыз.
3. Тамақ арсыз.
Үш байланыс
1.    Әке – асқар тау.
2.    Шеше – мөлдір бұлақ.
3.    Бала – жағасындағы құрақ.
ІІ топ
4 саны туралы не білеміз?
Төрт тұлға: от, су, жел, жерТөрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік
Төрт асыл:1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат. 
Төрт түлік:
Түйе пірі – ОйсылқараЖылқы пірі – Қамбар атаСиыр пірі – Зеңгі бабаҚой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата ІІІ топ
Ал 7 саны өте киелі,ол туралы не білеміз?
Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, , ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы.
Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ

І Vтоп - 6 санына сатылай кешенді талдау жасайды:
Натурал сандар анықтамасы
Тану
Оқылуы
Мағынасы
Қасиеті
Сан сәулесі
Салыстыру
Міне көрдіңдер ме, сандарда қанша құпия сыр жатыр.
- Енді барлығын тыныш отырыңдар! Қақпаға кілтті салып, ашып көрейік.
«Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.
«Қасқыр мен қозы» ертегісінің суреті көрсетіліп тұрады.
Балалар, не байқап тұрсыңдар?
Қасқыр қозыны жеп қоймақшы ма?
Біз де ертегілер елінде жүргендіктен сиқыр жасап, қозыны құтқарайық. Мына кестеге назар аударыңдар, әр түрлі тәсілмен оқи отырып, мәнін дұрыс тапсақ қана қозыны құтқара аламыз.
С 7 5 4 6 а 7 3 2 8
С+3 10-а Деңгейлік тапсырманың І деңгейін орындаймыз
Жаубын жазамын, өз жауаптарымен салыстырады, дұрыс орындаған 5ұпай қояды.
- Балалар, экранға назар аударыңыздар, қозыны аман алып қалдық. Біз де қошақанмен бірге қуанайық.
V. Сергіту сәті.
VІ. «Түлкіге көмектесу».
- Мына суретте нелерді көріп тұрсыздар?
- Арыстан – қандай аң?
- Түлкі қандай?
- Түлкі қанша қумын, айлакермін дегенімен бүгін бір жамандыққа тап болған сияқты. Біз жамандыққа жаны қас мейірімді балалармыз ғой. Түлкіні арыстанның тырнағынан құтқарайық.
Кітаптың 143бетін ашып 3 есепті оқимыз
Талдау:
Бұл не?
Есептің құрылымын атап шығындар, ол неден тұрады?
Шарты
Сұрағы
Шешуі
Жауабы
Есепте кім туралы, не туралы айтылған?
7 саны нені білдіреді? Ол кімнің балығы?
Ал Бақытжан туралы не айтылып тұр?
Есептің негізгі сұрағы қандай?
Есептің қысқа шартын жазып, деңгейлік тапсырманың ІІ кезеңін орындаймыз.
Жауабын тексереміз, дұрыс шығарған оқушы 10 ұпайды қояды.
- Рахмет балалар, сіздерге түлкі риза болып, құйрығын бұлғаңдатып кетіп барады.
«Ертегілер» әні орындалып, слайд көрсетіледі.
- Балалар, өздерің байқап отырғандай ертегілерде аңдар, жануарлар ғана емес, Тазша бала да кездеседі.
Біздің «Ертегілер елінде» жүргенімізді Тазша бала естіп қалыпты. Бұлар менен де тапқыр қандай балалар, тексеріп көрейінші деп, тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба, тапсырмаларды?
Белгісіз санды табу:
5+ =10 8- =5 -4= 3
Қандай амалдар берілген?
Қосу амалының компоненттерін атап шығындар
Алу амалының компоненттерін атап шығындар
Ендеше есемізге түсірейік:
Белгісіз қосылғышты табу үшін не істейміз?
Азайғышты табу үшін не істейміз?
Азайтқышты табу үшін не істейміз?
Деңгейлік тапсырманың ІІІ кезеңін орындаймыз, мұндағы бос клетканын орнына мен әріп қоятын болсам не шығады? Теңдеу
Ендеше үшінші тапсырма, ол теңдеу
5+ х =10 8- х =5 х -4= 3
Тексереміз, дұрыс тапқан оқушы өзіне тағы 15ұпайды жазады.
Тапсырмаларды орындап Тазша баланы да риза қылдық
Әр топтың басшысы балалардың ұпай сандарын санап шыққанша мынандай ойын ойнап жіберейік:
«Ойымды жалғастыр» ойыны. ( шапшаң жауап беру керек)
Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
Рефлексия
Балалар біз бүгін ертегілер кеійпкерлеріне көмектесіп, білімдерімізді көрсеттік.
Не үйреніп, не білдіңдер?
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Сендерге ұнады ма сабақ?
Бағалау .
Үйге тапсырма:№3 дәптер-88 сабақ