Урок по новой технологии по географии в 6 классе на тему Гидросфера-жерді? су ?абаты


Сынып 6 «А»
Тақырыбы Гидросфера  - жердің су қабығы
Сілтеме Календарлы -  тақырыптық жоспарлау,   6 сынып оқушыларына арналған «Физикалық география» оқулығы,жүз бір жұмбақ ,мың бір мақал кітабы, Ы. Алтынсаринның өлеңдер  жинағы.
Мақсаты Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру, атмосфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру. Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауға дағдыландыру. Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеп шығармашылық  ойларын өсіру. Өз ойларын еркін жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру. 
Күтілетін нәтиже «Судың да сұрауы бар» деген мақалдың мазмұнын түсіну. Мәтінді толық талдай білу, өз пікірлерін еркін жеткізу, өз ойларын дәлелдей алу, тату болып, бірігіп істеген жұмыстың нәтижелі болатынын ұғыну.
Ресурстар Жарты  шарлар картасы, глобус, плакат, фломастер, таратпа материалдар, стикер, «идеялар корзинасы», презентациялар, интерактивті тақта, флипчарт.
Қолданылған модульдер Сыни тұрғыдан ойлау, ақпаратты коммуникациялы технологияларды пайдалану,
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен  амандасу,  сабаққа психологиялық дайындық жасау. Көңіл күйді көтеру. 1 мин
Миға шабуыл  Жерде неше географиялық қабық бар?Біз үлкен жер қабығын оқып бітірдік. Ол қандай жер қабығы? Дұрыс атмосфера, яғни ауа қабығы.
(1 слайд) 1 мин
                   Сыныпты   4 топқа бөле отырып  үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ жауап Әр топқа 2  сұрақтан беріледі. Интерактивті тақтада жер ғаламшары шыққан сұраққа жауап береді.(2 слайд)
  3 мин
Түрлі тапсырмалар 1 топ – кроссворд «Барометр»
2 топ – географиялық диктант
3 топ – сиқырлы сандық «иә», «жоқ»
4 топ – синквейн «Ауа»
Топтар жұмыс жасағанша топбасшылар флипчартпен сәйкестіктіктерді табады.
(1 флипчарт)  7 мин
Жұмбақтар сайысы Атмосфера тарауына байланысты жұмбақтар беріледі.(4,5,6.7,8,9 слайдтар)
  2 мин
                                                      Сергіту сәті.                                                 
Ғарыш кеңістігіне кімнің  сапар шеккісі келеді? Олай болса ғарыш кемесіне мінейік. Барлығымызға сәт сапар тілейік. Жерді ғарыштан тамашалағанға не жетсін балалар?! Қараңдаршы  біздің ғаламшар басқа ғаламшарлардан әдемі емес пе?! Қарайықшы, жердің басым бөлігі қандай түспен берілген? Дұрыс көк түспен, жерге қайта оралатын уақыт келді. Сәл сергідік пе балалар? Тамаша.
(10 слайд) 2 мин
Жаңа сабақ Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған
Көңілің суын ішсең ашылады
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар
Өзеннен рақат тауып басылады.
- Балалар бұл кімнің  өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өлеңі. Жалпы суретке қарап, оқылған өлеңге қарап қандай қабықты өтетінімізді біліп отырған сияқтымыз. Яғни ғарыш кемесінен білім - теңіз кемесіне мініп сапарымызды жалғастырайық. (11 слайд)  2 мин
   Әр оқушыға кеменің суреті  беріледі. Бірдей кемелері бар оқушылар топқа бірігуі керек. Нәтижесінде сынып 4  топқа бөлінеді. Жер бетіндегі бар тіршілік иесі үшін гидросфераның маңызы өте зор екендігін барлығымыз өте жақсы білеміз, дегенмен де соны түсіндіру оқушылардың міндеті болмақ.  1 мин
Топтық жұмыс Тынық мұхит тобы  - Табиғаттағы су
Атлант мұхиты тобы –Табиғаттағы су айналым (Үлкен және кіші су айналым)
Үнді мұхиты тобы - Судың маңызы мен ластануы, оны қорғау.
Солтүстік мұзды мұхит тобы -  Венн диаграммасы бойынша атмосфера мен гидросфера  қабықтарын  салыстыру. (12 слайд) 7 мин
Кластер құру Әр топтан бір оқушы шығып флипчартпен жұмыс жасайды (2,3 флипчарт). 4 оқушы атмосфералық жауын шашын және бұлтқа кластер құрады.  
Постер қорғау Әр топ өздеріне тиесілі берілген тапсырма бойынша өз ойларын, пікірлерін айтып  еңбектерін қорғайды. 3×4=12 мин
Синквейн Әр топ «Су» деген сөзге синквейн (бес жол өлең )құрайды.  
   3 мин
Бағалау Бағалауды  келесі параметрлер бойынша топбасшылар  жүзеге асырады. (15 слайд)
Оқушының   аты- жөні Өткен сабақ Жаңа сабақ Қорытынды баға
       
       
2 мин
Рефлексия Қандай әсер алдық? Қандай қорытынды шығарар едің? 1 мин
Қосымша оқу және қосымша тапсырма § 35 оқу және сұрақтарға жауап беру, «Су  -тіршілік көзі» эссе жазу, сурет салу. Жұмыс дәптерін толтыру. (16 слайд) 1 мин