Жер бетіндегі атмосфералы? ?ысым, басым желдер, ауа массалары (7класс)


Материктер мен мұхиттар географиясы Бекітемін:
Сабақ №7 7сынып Күні:26.09.2014
Сабақтың тақырыбы Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массалары
Сілтеме Мұғалімге арналған нұсқаулық СТО 51-бет
Блум таксономиясы
Марта Бронсон(2002ж) өзін-өзі реттеу
Жалпы мақсаттар Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массалары ұғымы туралы білу.
Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массалары айырмашылықтарын түсініп, талдаулары керек
Оқыту нәтижелері 1.Оқушылар Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массалары ұғымы туралы түсінеді
2.Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массаларын ажырата біледі
3.Оқушылар жаңа әдіс – тәсілдермен және кестемен жұмыс жасай алады.
Міндеттер 1. Креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізеді;
2. Жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамытады;
3. Оқушылар алға мақсаттар қойып, сол мақсаттарын жүзеге асыруға әрекет етеді
Негізгі дерек көздер АКТ, постер мен маркер, стикерлер
Оқыту әдістері: Диологтік оқыту. СТО.АКТ.Топтық жұмыс 1.Жеке жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Топтық жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Кіріспе Амандасу, оқушылардың бар назарын сабаққа бағыттау, топқа бөлу Сабаққа дайындық , зейіндерін аударып, ден қою
Білу
Өткенді қайталау өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады Жауаптарын ұсынады
Жаңа тақырыпқа дайындық -Енді топ ішінде мына тапсырманы талқылайық. «атмосфералық қысым»деген сөзге сипаттама берейікжәне мына көріністерге қараңыздар (Тақтада суретттер көрсетіледі)
-Балалар, тақтада қандай суреттерді көріп тұрмыз? (Оқушылардан жауапты күтеді) Өз болжамдарын айтады
Мақсатты қою кезеңі Олай болса, балалар, біз бүгін қандай тақырып өтеміз деп ойлайсындар? (Балалардыңбүгінгі тақырыптың атын айтуын күтеді). Бүгінгі тақырыпты үйрену үшін біз алдымызға қандай мақсат қоюумызкерек деп ойлайсындар? Балалар бүгінгі тақырыптың атын болжап, сабақтың мақсат – міндеттерін айтуға талпыныс жасайды
Түсіну
Жаңа тақырып Сыныпты «Жигсо-1» әдісі арқылы топқа бөлу І-топқа ІІ-топқа , ІІІ топқа, ІҮ-топқа, Ү-топқа үлестірмелер таратады Әр топ өздеріне берілген тапсырманы оқып, топ ішінде (топ басшысы, тәлімгер, хатшы, репортер, уақыт белгілеуші) ролдеріне бөлініп,әр топтан бір оқушы баяндап береді
Қолдану
Бекіту Балалар енді жинақтаған білімдеріңді тексеріп көрейік.Тақырып бойынша 5 сұрақ қойылады. 1.Сұраққа жеке өздері жауап береді
2.Сұраққа жауап бергеннен кейін ортаға салып топпен ақылдасып, берілген тапсырманы сабаққа белсенді қатыспайтын оқушыға қорғату керек.
3.Оқушылар өз жұмыстарын мұғалімнің келтірген жауабымен салыстырып, қателіктерін айқындайды
Талдау атмосфералық қысымға топтастыру әдісі арқылы талдау жасайық атмосфералық қысымның постерге ерекшеліктерін жазып, әр топтан бір оқушы қорғап шығады
Жинақтау Сонымен, біз бүгінгі сабақта не үйрендік, балалар? Қорытынды шығарады
Жаңа тақырыпты бағалау атмосфералық қысым не үшін қажет? Жауаптарын ұсынады
Бағалау Бағаны өзін-өзі бағалаудан алған нәтижелерімен салыстырып , баға қояды Балалар бір- бірін бағалайды
Рефлексия Балалар, бүгінгі сабақ туралы не айтасындар? Қиын ба екен? Сабақ түсінікті болды ма? Өз ойларын айтады
Орындауға арналған тапсырмалар Онда үй тапсырмасын белгілеп аламыз.Жер бетіндегі атмосфералық қысым, басым желдер, ауа массалары оқып келу. Үй жұмысын белгілеп алады