Т?рбие са?аты Та?ырыбы: Жа?сылы? жасай білейік!


«Жақсылық жасай білейік» (тәрбие сағаты)
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың бойында жақсы әдетті қалыптастырып, жаман әдеттен аулақ жүруге, әрдайым жақсылық жасауға тәрбиелеу; Тәрбиелік мақсаты: Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; Сабақтың көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, слайд, тірек сызбалар; Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгіме, сұрақ-жауап, көріністер, өнер, т.б. Сабақтың барысы: • Ұйымдастыру бөлімі • Психологиялық дайындық. «Шаттық» шеңбері -Кәнекей, тезірек өзіміздің «Шаттық» шеңберімізге тұрып, бір-бірімізді қарсы алайық. Әсем гүлдей сүйкімді біз баламыз, Алдыменен амандасып аламыз. Озық оймен, ынта, жігер, талаппен Білім нәрін бойға жинап аламыз. • Негізгі бөлім. Тренинг «Тілек шоғы» Қыздар қолдарындағы гүл шоқтарын бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. «Өзгелерге денсаулық тілеп жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады» деген көріністі көрсету. -Сонымен жақсылық деген не екен? (балалар өз ойларын айтады, жауаптарын тыңдау) -Үлкендерге көмектескен жақсы. -Кішілерге қамқор болған жақсы. -Мәдениетті болған жақсы. -Ұқыпты болған жақсы. -Үлгілі оқушы болған жақсы. -Ал жаман істерге не жатады? -Өтірік айтқан жаман. -Біреудің затын сұраусыз алған жаман. -Үлкеннің айтқанын тыңдамаған жаман. -Өзіңнен кішілерді жылатқан жаман. Көрініс «Құс ұясын бұзбайық!» -Балалар, құстардың ұясын бұзған қандай қылыққа жатады? Әрине жаман қылыққа. 1) «Жақсы мен жаман» (Еламан оқиды, Аршат сомдайд) Қайыр күтпе баладан Бәрі жақсы баланың, Өз мысығын сабаған. «Беске» оқиды сабағын. Кім алдаса анасын, Айналайық баладан Оған қалай нанарсың? Көгершінді аяған. «Екі» болса алғаны- Адал болса досына, Бала қятқа қалғаны. Азаматың осы да. Ойнап жүріп жыласа, Ойнатса кім інісін Орынды емес бұл аса. Мақұлдаймыз мұнысын. Келсе сөзі анайы, Әділ болсаң ойында, Мақтамас бұл баланы. Жақсы мінез оның да. Жала жапқан басқаға- Өскен бала ауылда Барып тұрған масқара... Ойнар аттың жалында... Добын қимас ойнауға, Өзі түйме қадаса, Ұят сараң болса да. Мұндай бала тамаша. Кім мақтанса көбірек, Уәдесін сақтаған Жасайды мінез жөні жоқ. Баланы жұрт мақтаған. Ерінсе қол жуғанға, Болады әрі санауға, Нассың деймін мұндайға. Жақсылық көп қалайда. Мұнша уақыт санарлық Күтсе бала әжесін, Бар екен ғой жамандық. Жақсы мінез оның да. (Қастек Баянбай) 2) Ендеше жақсылық туралы қандай тақпақ білесіңдер? Алинұр- Әдеп сақтап әманда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бір жақсылық, Қайтарады саған да. Милана- Ынтымаққа қосыл да, Ықылас қай досыңа. Әр мақсатың нық болсын, Ақылыңнан тосылма. Дана- Ақылы бар баласың, Айтқан тілді аласың. Намысты боп өссең сен, Нағыз адам боласың. Закир- Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап, Самға биік, жолын атып жүр алда. Жігерің мен сеніміңді оттық қып , Жас қырандай қанат қағып қиялға 3.Топтастыру.(үш топқа тапсырма беру) I-топ:”Жақсылық” деген сөзге II-топ:”Жамандық” деген сөзге III-топ:”Жақсылық пен жамандық” туралы мақал-мәтел жазу (әр топ тапсырмаларын қорғайды,пікірлерін айтып,мақал-мәтелдің мағынасын ашады) 4.Көрініс:”Қамқорлық”. (Асан аяғын ауыртып алған,жылап отырған баланы үйіне апарып,сабаққа кешігеді) -Асан дұрыс істеді ме? -Қандай қорытынды жасаймыз? -Кішілерге қамқор болуымыз керек. 5.Балалар,сонымен өмірде жақсылық пен жамандық қатар жүретіндігін білеміз.Қайсысы жеңіп шығады деп ойлайсыз?(әрине жақсылық) -Ол үшін не істеу керек? (Жүрегіміз жақсылыққа толы болу керек) -Ендеше мен сендерге «Нағыз адам» атты әңгімені оқып берейін. Аптап.Қуаң даладағы жалғыз үйдің қасында құдық бар.Бұл үйде атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға бекітілген шелек бар.Жолаушылар мен әрі-бері өткен кісілер құдыққа бұрылып,су ішеді,атайға алғыстарын жаудырады. Бірде әлгі байлаулы арқан үзіліп,шелек терең құдық түбінде қалды.Атайдың одан басқа шелегі жоқ еді.Су тартып ішуге ыдыс табылмады. Келесі күні таңертең атайдың үйіне арбалы шаруа келді.Арбадағы сабанның астында шелегі көрініп жатыр екен.Жолаушы құдыққа көз жіберіп,атай мен немересіне бір қарады да,атына қамшы басып,әрі қарай жүріп кетті. -Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан. -Бұл адам емес,-деді атасы. Түске таман атай үйінің тұсынан екінші жолаушы өтіп бара жатты.Ол арбадағы сабанның астынан шелегін алып,арқанға байлады да,құдықтан су тартты.Өзі қанғанша ішіп,атай мен немересінің де шөлін қандырды.Қалған суды құрғақ құмға төге салды да,шелегін қайтадан сабан арасына салып,жүріп кетті. -Бұл не қылған адам?-деп сұрады немересі атасынан. -Бұны да әлі адам деуге болмайды,-деді атасы. Кешке қарай атай үйінің маңына тағы бір кісі тоқтады.Ол арбасынан шелегін алып,арқанға байлайды.Су тартып,сусынын қандырды,сонан соң алғысын айтып,жүріп кетті.Ал шелегі құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді. -Бұл қандай адам?-деп сұрады немересі. -Міне,бұл-нағыз адамның өзі,-деп жауап берді атасы. Балалар,неліктен бұл әңгімені «Нағыз адам» деп атаған? Бірінші,екінші жолаушыны неліктен адам емес деді? Үшінші жолаушыны «Нағыз адам» дегені неліктен? (оқушылар өз ойларын ортаға салады) -Осыдан қандай қорытынды шығарамыз? 6.Кубизм стратегиясы. (шаршының әр қабырғасына түрлі жағдаяттарды жазып,олардан шығу жолдарын қарастыру) Cабақты қорытындылау. Сонымен «жақсылық» дегеніміз-мейірімділік,әдептілік,үлкенді сыйлау,кішіге қамқор болу. Хор:ән «Бала тілегі».