«Т?уелсіздік тол?ауы» атты мерекелік кеш


Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты мерекелік кешінің сценарийі
1- жүргізуші:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,
Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздік. Тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне азаттығым, теңдігім.
Бостандықта байлығым мен ендігім,
Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!
1- жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, аяулы оқушылар және де қадірменді қонақтар. Бүгінгі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік толғауы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!2-жүргізуші:
Қазақ елі тәуелсіздігін алғанына биыл 25 жыл толды. Өз алдына егеменді ел болып, тәуелсіз ел атанды, қазақ халқы үшін, әрине, үлкен қуаныш. Өз елін, өзінің кіндік қаны тамған туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қараса көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке.
1-жүргізуші:
Шарықта, шарла көкті көк байрағым,
Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.
Мен сенің салтанатты сағатыңа
Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.
Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным
Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.
«Әнұран» орындалады.
2- жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім менің Бүгінде бар әлемге даңқың жетті Тәуелсіз Қазақстан – елім менің1- жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі, О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші: Құттықтау сөз қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің жетекшісі Искакова Гүлданай Смайлқызына беріледі.
жүргізуші:
Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
жүргізуші:
Ортаға 5 «Ә» класының оқушысы Қалиева Қанағатты «Туған жер» әнімен шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Қазақстан –сан ғасырлық тарих бар,
Қазақстан-бұл азат ел таныңдар.
Көк байрағы , елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлт бар.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым,
Күншілмен де тіл тауып жарасатын.
Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен,
Қазақтың шығаратын Алаш атын.
9 б класы оқушыларының орындауында қазақ биі. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші: Еліміз өз Тәуелсіздігін жария етіп, әлемге жар салған уақытта басқа мемлекеттерде тұрып жатқан бауырластарымыз ата жұрты Қазақстан үшін шын қуанды, шын шаттанды. Еркіндік, азаттық біздің халқымыздың ежелгі арманы еді. Атажұрт үшін, азаттық үшін жан беріп, жан алысқа небір сұрапыл шайқастар өтті. Сол шайқаста қаншама арыстың қаны төгілді, жаны қиылды. Тамыры тереңге байланған алып бәйтеректей қазақ халқы талай боздағынан айырылды, талай тозақты көрді, талай теңселді, бірақ құламады. Құламау үшін қаншама қыршынды құрбандыққа шалды. Мінеки, бүгінде біз – Тәуелсіздіктің берік тұғырына мінген егеменді елміз.
2- жүргізуші: Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде Тәуелсіз Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай дәрежеге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
(бейнеролик)
(ЕГЕР БЕЙНЕРОЛИКТІҢ СӨЗІ ЖОҚ БОЛСА, ТӨМЕНДЕГІ СӨЗДІ ОҚУ)
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ- дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
1- жүргізуші:
Далада думан, қалада думан жыр бүгін
Ғасыр бойы аңсайда күткен бұл күнім.
Жасай бер, жаса
Қалдырған бақыт бұлбұлым.
5 «Г» класының оқушысы Такишев Әділді ортаға шақырамыз. Әділдің орындауында _________________________ әні.
2-жүргізуші:
25 жыл, тәуелсізбін, дербеспін
Күмәндана қоймас бүгін енді ешкім
Бодандығым ғасырларға жалғасқан
Қазір, міне артта қалды келмес күн
Болат Диана мен Имуханбет Ырысбектің орындауында «___________________ » әнін қабыл алыңыздар.
1- жүргізуші: Армандаған күнге де жеттік. Мемлекеттік егемендігімізді алып, тәуелсіз ел болдық.
2- жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа астанасы бой көтергеннен бері 18 жылдың ішінде әлемді сүйсіндірді, сұлулығымен таң қалдырды. Бас аяғы 25 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды. 5 б класс оқушысы Абрахманов Амирді өз өнерімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!!!
1-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік- ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш!
5 б класының биші қыздарының қазақ биін қарсы алыңыздар!
2- жүргізуші:
Қазақстан қасиетті ұғым бұл
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т – білдіреді теңдікті,
Ә — әдептілік, әлдікті.
У – уайымсыз уақытты,
Е – егемендік елдікті
Л – дейді лағып лепірме
С – сенімділік секілді ең,
І – ілтипат пен ізет қой,
З – зиялылық тілек қой.
Д – шақырады достыққа,
К – дейді күн боп көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.
1-жүргізуші:1991 жылдың желтоқсан айының 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алып, Қазақстан Республикасының Жоғарғы кеңесі Тәуелсіз, Демократиялық және Құқықтық мемлекет деп, біздің еліміздің Тәуелсіздігі жарияланды.
2-жүргізуші: Әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Міне, содан бері егемен еліміз, өзгелермен тереземіз тең.
Ортаға 11 класс оқушылары Абдолов Санжар мен Абдолла Айымгүл, 10 класс оқушысы Садықов Амандықты шақырамыз.
1-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – алтын күн
Жанымызды жарылқайтын жарқын күн.
Атандың сен барлық әлем тілінде
Атыңменен «Қазақ» деген халқыңның.
2-жүргізуші:
Қазақстан, Қазақстан – ұлы анам
Есіміңді естігенде қуанам.
Қазақстан – қиял жетпес биік тау
Қазақстан – жазғы күнгі гүл алаң.
9 а класының биші қызы Болат Диананың орындауындағы «Қазақ» биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: Елбасымыз «Ел ертеңі жастардың қолында» дегендей еліміздің тұғыры мықты болуы сендерге байланысты. Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  естен шығармайық.
2-жүргізуші:
Жиырма бес жыл, жиырма бес жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
6 «В» класс оқушыларының орындауында «Жаса, Қазақстан» әні. Қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Тауелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
25 жасың құтты болсын нұр елім.
25 жылда шықтың талай белеске,
Қазақстан жасай берші гүл елім
Қалиева Қанағатты «Нағыз қазақ» әнімен сахна төріне шақырамыз. Қарсы алыңыздар!!
1-жүргізуші:
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
2-жүргізуші:
Туған жерді сүю – парыз
Сүю үшін білу – парыз
Қасиетін ұғу – парыз
Күзетіне тұру – парыз
Ортаға 7 класс оқушылары Бекбулатова Айдана мен Әлкен Заринаны, 10 класс оқушысы Резепин Вадимді шақырамыз.
1-жүргізуші:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
2-жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық ,Нұрлы достық, Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты.
1-жүргізуші: 6 В класының биші қыздарының орындауындағы «Қазақ» биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз.
2- жүргізуші: 6 в класс оқушыларының орындауында «Алға, Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
2-жүргізуші
Құтты болсын Тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі!
1-жүргізуші:
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың парызымыз.Құтты болсын Тәуелсіздік мейрамы,Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.Аңсаған сан ғасырлық арман болып,Қол жеткізген шындық жырын жырлады.2-жүргізуші
Қуаныштан қалай кеуде кермеспінБұл күнімді бір ғасырға бермесінАқ түйенің қарны бүгін жарылдыТәуелсізбін, егеменмін, дербеспін!Осымен «Тәуелсіздік толғауы» атты кешімізді аяқтаймыз. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!
1-жүргізуші:
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!