Сыныптан тыс мерекелік кеш жоспарыАтамекен жыр-?нім, Т?уелсіздік ?раным


Тақырыбы: «Атамекен жыр-әнім, Тәуелсіздік ұраным» атты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған концерттік бағдарлама.
Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсандағы адал да аңғал Қазақ жастарының Кеңес империясының әділетсіз саясатына қарсы шыққан жойқын бұлқынысын, азат шеруін айта отырып оқушылар бойына елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Туған елі мен жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Оқушыларды көріністерге қатыстыра отырып батылдыққа, өз еркімен сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Электронды тақта, желтоқсан жайлы буклеттер, әр түрлі жазу жазылған плакаттар.
Концерттің барысы: Электронды тақтадан Тәуелсіздік жайлы 3-4 минуттық видео көрсетіледі. (Видеодан соң жүргізушілер ортаға шығады».
Жүргізуші: Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Біз Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты жандармыз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толуына арналған «Атамекен жыр-әнім, Тәуелсіздік ұраным» атты кешімізге қош келдініздер.(Сахна шымылдығы ашылады.)
1) Хор: «СЧАСТЬЯ ТЕБЕ ЗЕМЛЯ МОЯ»
Сөзі: Завальнюк Л. 
Әні: Саульский Ю.  
Жүргізуші: Айтам саған ағымнан қуанып шын,
Нар қазақпын жасырмайтын қуанышын.
Тарих саған жүгін артты, себебі,
Тәуелсіз таңнан жаралған ұланысың. Бастауыш сынып оқушыларының орындауында «Тәуелсіздік ұрпақтары» көркемсөз.
Жүргізуші: Бақытым - Республикам Қазақстан,Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.Саған жетпес құшағы әлемнің де,Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.Алдарыңызда қыздар тобының орындауында «Туған жер» әні.
Жүргізуші:Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланыңЖелтоқсан – Қайрат, Ләззат, СабираҚұрбаны болған жаланыңАл қоғамның адамнан бар ма асылы,Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,Бұғаудағы боздақтары кете бардыБірі атылып, ал бірі дарға асылып (көрініс)
Жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.«Ару» дуэтінің орындауында ән «Туған өлкен»
Монолог: Сетерхан Салтанат
(Видео «Тәуелсіз Қазақстан»)
Би: «Өзбек биі»
Жүргізуші: - Алдарынызда аудандық «Жас қанат 2016» байқауының 2 орын иегері Сетерхан Салтанат «Ахау елім» әнімен.
жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірін,
Алғандайсын жұлдыздардың жарығын.
Алтын заның құтты болсын қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын алыбым.
Армандарды жақындатқан тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік ел бақыты ертені,
О, халайық құтты болсын қуаныш!!!
Қадірлі достар, қымбатты көрермен қауым. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Атамекен жыр-әнім, Тәуелсіздік ұраным» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше күн жақсы. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Қош, сау болыныздар.