Т?уелсіздік ел тілегі т?рбиелік іс — шара


Мақсаты: Балаларды Отансүйгіштікке,патриоттыққа тәрбиелеу. Рәміздерді жатқа білуге, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Күміс күй мен әнге толып тұла бой,
Қуанышқа кенелтеді асыл ой.
Шаттандырған баласы мен бабасын,
Республика күні бүгін-ұлы той.
Армысыздар ұстаздар,бүлдіршіндер! Біздің Отанымыз-Қазақстан.Бұл туған еліміз -ең ғажап ел. Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.Республика күні мерекесі құтты болсын! Еліміз егемендік алып, дербес ел болғанымызға міне, 25 жыл толып отыр. Сіздер тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршіндерсіздер. Өмірлерің әрқашан мәнді де, сәнді болсын, аспандарың әрдайым ашық болсын.«Балдәурен» тобы бүлдіршіндерінің дайындаған «Тәуелсіздік-ел тілегі!» тақырыбында өткелі отырған ертеңгілігіміз қош келдіңіздер!
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сөйлер сөзім,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Әнұраны!
Хор: «Әнұран»
Жүргізуші: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен күн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!
Балалардың туған еліне, Отанына деген ақ тілегін өлең жолдары арқылы жеткізгелі отыр.

1.Айдын: Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күмістен.
2.Саят: Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат әдемі.
Тұнығындай көңілдң,
Ортада-аспан әлемі.
3.Жұлдыз: Отан әркім анасындай,
Қастерлейді бағалап.
Өйткені, Отан баласындай,
Бізді өсірер аялап.
Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Хор: «Қазақстаным»
4.Қасиет: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
5.Нұрсая: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Ердігім-Елтаңбам.
Жүргізуші: Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан

Көркем сөз: Қ. Аманжолов. «Елбасына»
Асем:
Ән: «Туған жер» Құндыз, Саят, Ұлжан,Даулет
Жүргізуші: Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанатты.
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
Ән: «Елтаңбасы елімнің» Асем, Нұрсая.
Би: «Сарбаздар» би тобы.
Қазіргі уақытта егеменді еліміз көптеген жетістіктерге жетті, бүкіл әлемге танылды. Осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі.
Бейнетаспадан үзінді тамашалау.
Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан даласында,
Жарасады сәніміз.
Ұлы Отанның аясында,
Жадырайды жанымыз.
Бүгін, міне, егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Аспанымыз ашық,
Жүзіміз жарқын болсын деп тілейміз. Сөз кезегін балабақша әдіскеріне береміз.
Егеменді еліміздің болашағы-сіздерсіздер. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын!


«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Тәуелсіздік-ел тілегі!»
( ертеңгілік)
«Боранқұл бөбекжайы» МКҚК
«Балдәурен» тобы
Өткізген: тәрбиеші Куракбаева А.
2016 жыл.