Т?уелсіздік — ел тілегі ерте?гілігі ересек топ


Тақырыбы: « Тәуелсіздік - ел тілегі » ертеңгілігі.
Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге, қорғауға тәрбиелеу; ұлттық тілді жақсы меңгеруді үйрету , ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.Сөздік қорларын молайту, тілдерін дамыту.
Көрнекілігі: Рәміздер, Алматы, Астана қалалары туралы слайд, шар, жалаушалар.
Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша , шар ұстап музыка ырғағымен залға кіреді.
Жүргізуші: Қадірлі қонақтар, құрметті бүлдіршіндер! Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Бүгін еліміздің мыңдаған жылдар бойы армандаған , сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріппен жазылып қалатын Тәуелсіз күні мерекесіне арналған «Тәуелсіздік -ел тілегі » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
-
Тәуелсіздігімізге арналған мерекемізді әнұранмен бастайық.
1.Жанарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем , байлығы мол ынтымақты
Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.
-Бұл қай ел, балалар?
-Қазақстан -біздің ел.
-Біз осы күнге қалай жеттік?
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын қыстау кезеңдерін бастан кешірді. Егеменді еліміздің тәуелсіздігі үшін үлкен шайқас болды. Бұған барлық қазақ жастары , студенттер қатысты. Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Кезінде біздің астанамыз, елордамыз Алматы қаласы болған. Алматы -өте әсем,сұлу қала.Онда әйгілі Медеу мұз айдыны бар.Оның апорт алмасын білмейтін адам жоқ. Қазақстан Республикасының аты шығып, ту тіккен жері -киелі Алматы дейміз. Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Егеменді еліміздің тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде көптеген өзгерістер болды. Ешкімге тәуелсіз бақытты елміз, өз жалауымыз, өз елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.
2.
1. Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім –елтаңбам.
2. Қазақстан байрағы,
Зеңгір аспан көгілдір.
Алтын күні төрінде,
Тамылжытып төгіп тұр.
3. Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,
Атын атап ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер,
Кішілерге аға болып үлгерді.
4. Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні бұл.
Құндақтағы сәбидің,
Қазақ болған күні бұл.
5. Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні бұл.
Бір-бірімен жарысып,
Бауырласқан күні бұл.
6. Күн болды бұл күн керемет
Ақ түйенің қарны жарылған.
Ел болдық , шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
7. Астанамыз –ән қаласы,
Айналасы дән қаласы.
Көк туын көкке көтерген ,
Отанымның панасы.
8. Аман болсын Нұрсұлтандай атамыз,
Халқымызға пана болған данамыз.
Әрқашанда мақтан етіп жүретін,
Жазық маңдай, кең пейілді данамыз.
Қазіргі астанамыз күміс қала, жас қала -Астана. Астанада Ел басы Н.Ә. Назарбаев тұрады және жұмыс жасайды. Біз өз елімізді,жерімізді Отанымызды құрметтеп , қорғауымыз керек.
Ән «Астана».
Би: «Жайдарман».
Алдаркөсе келеді.
-Балалар, сәлеметсіңдер ме? Сәлемдесу.
-Неге көңілсізсіз, ата?
-Менің есегімді көрген жоқсындар ма?
-Не тойлатып жатырсыңдар?
-Тәуелсіздік күнін тойлатып жатырмыз. Келіңіз, бізбен көңіл көтеріңіз. Есегініз де келіп қалар.
-Қазақтың ұлттық ойындары «Киіз үй құрастыру», « Кім жылдам? » ойнайық.
Келесі тамашалайтындарыңыз оркестр .
Би: « Көңілді сыңар ».
Есектің дауысы шығады. Есек қоржынмен кіреді.
-Алдаркөсе : Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.....
Балаларға сыйлықтарын беріп, қоштасады.
Қорытынды сөз: Құрметті қонақтар! « Тәуелсіздік – ел тілегі » атты ертеңгілігімізге келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Әрқашан күн сөнбесін , аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын!
« Достық » әні.
КМКҚ «Дәншік» балабақшасы

Ересектер тобында өткізілген
« Тәуелсіздік -ел тілегі »
атты ертеңгіліктің жоспары
Тәрбиеші: Кусаинова С.Г.
Көкпекті ауданы. Самар ауылы
2012 жыл.
КМКҚ «Дәншік» балабақшасы

«Құлыншақ» даярлық тобында өткізілген
«Алтын күз келді бақшама»
атты ертеңгіліктің жоспары

Тәрбиешілер : Кунанова А.Д.
Кусаинова С.Г.
Музыка жетекшісі: Бекмұрат Айжан

Көкпекті ауданы. Самар ауылы
2015 жыл.