План урока по познанию мира 2 класс на тему Воздух и его свойства


Дүниетану 2-сынып 21. 10. 2014

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ауа туралы, оның негізгі қасиеті жайлы мәліметтер алады.. Ауаның адамға, жан-жануарларға, өсімдіктерге қажет екені жайлы бір-біріне әңгімелеп айтады.
Ой-өрісін, дүниетанымын дами түседі.
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен таныс болады.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ауа туралы, оның негізгі қасиеті жайлы мәліметтер алады. Ауаның адамға, жан-жануарларға, өсімдіктерге қажет екені жайлы жүйелі әңгімелеп айта алады. Ой-өрісі , дүниетанымы дамиды.
Қоршаған ортаны қорғау керектігі түсінеді
Сілтеме «Дүниетану» оқулығы , «Дүниетану бақылау күнделігі» 2-сынып.
Түйінді идея Ауаның негізгі қасиеттерімен таныстыру.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару. Сөздер жазылған карточкалар тарату Оқушылар сабаққа дайындалады. Олар сөздер жазылған карточкалар бойынша топқа бөлінеді
1-топ- Күн
2-топ-Жел
3топ- Ауа
4-топ Жаңбыр
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сурет ж\е сұлба. Жергілікті жердің сұлбасы Ережелер карточкасын толтыру.
Әр топқа ережелер жазу тапсырылады.
Топ болып
Сурет,
Сұлба,
Масштаб,
Жергілікті жердің сұлбасы – деген 4 түрлі ережені еске түсіріп жазады.
Өзара топтық тексеру
Критерийлер:
Төртеуі де дұрыс - 5 ұпай
Үшеуі дұрыс -4 ұпай
Екеуі дұрыс -3 ұпай
Біреуі дұрыс – 2 ұпай
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау -Ашық ж\ е жабық сұрақтар қою. Оқушылар өткен тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.
ІV. Сабақтың мақсатын қою Сабақтың тақыры мен мақсаты:
Бүгін сабақта ауа туралы білетін боламыз Оның негізі қасиеттерімен таныс боламыз Тақырыпты дәптерге жазады
V. Жаңа сабақ 1. Миға шабуыл
-Ауа деген не?
-Ауа не үшін қажет? Оқушылар өз ойларны айтады
Оқулықтың 35-37 беттеріндегі мәтінді оқи отырып, ондағы баяндалған жағдайды тәжірибеде көрсету Оқушылар мәтінді тыңдайды.
VІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі 1.Деңгейлік тапсырмалар:
Топтар әрқайсысы әртүрлі тапсырма орындайды.
2. Жұппен жұмыс Топ(үлгерімі орта деңгейде) Бұл не екенін тап?
Оқушыларға бір құбылысты жасырады. (Мысалы: Жел- Ол ауа ауысуынан пайда болады, ағаштарды қозғалтады.)
2-топ (Үлгерімі жақсы деген қушылар) Постерде ауаның негізгі қасиеттерін жазу. Постерді әдемі безендіру керек.
3-топ (Дарынды оқушылар) «Галереяға саяхатқа» шығады.Онда көрген затты айтады- Әуе шары – ол-ыстық ауа толтырғанда жоғары көтеріледі.
Дирижабль туралы айтады.
Дәптер 19- беттегі тапсырманы жұппен орындайды.
Ауа кімдерге, нелерге керек? Дәптреге ауа не үшін қажет екенін жазады.
Оны өзара тексереді.
VІІ. Сабақтың қорытынды кезеңі
1.Сұрақтар қою: -Бүгін қандай тақырып өттік? Не білдік?
2.Кері байланыс .
«Табыс сатысы » әдісі бойынша оқушылардың сабақтағы іс-әрекетіне кері байланыс алу Оқушылар сұраққа жауап береді.
Төменгі сатыда қолы төмен тұрған адам- мен сабақта ештеңпе істемедім.
Ортаңғы сатыда қолы екі жаққа созылған адам- сабақ барысында тапсырмалар орындау кезінде менде қиындықтар болды.
Жоғарғы сатыда қолын көкке көтерген адам - менің қолымнан бәрі де келеді.
VІІІ.Үйге тапсырма
Ауаның сығылуы және жылуды ұстауы жайлы өмірден мысалдар келтіру.