Бірлігі жарас?ан к?п?лтты мемлекет — ?аза?стан


Атырау облысы Атырау қаласыМ.Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Құрақбаева Айзада Тілегенқызы
Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан көпұлтты мемлекет – Қазақстан»Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.Көрнекілігі: «Ынтымақ галереясы» атты плакат, тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.
Жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.Татулығын жырға қосам ұлттардың,Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.Тілі бөлек болғанымен тілек бір,Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
 Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Баршаңызға, әр отбасына береке - бірлік, бақыт - байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
1.
2. Россия таң шығынан жаралған,Россия таң нұрынан нәр алған.Россия аралықтар, өлшемдер,Биік заңғар тұлғасының бәрі арман - деп ортаға Ресей елінен келген қонақта шақырамыз.3. Кім сүймейді ет жақынын туысын,сыған ұлты –туысымның бірісің.Тұрды биік туысымдай бұл достық,Ел басына төнгенде де ұлы сын - енді ортаға Украина елінен келген қонақты шақырамыз.
4. Қадірменді бір досымыз - өзбегім,Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,Өз көзімдей күлімдейді көздерің,- деп Өзбекістаннан келген қонақты шақырамыз.5. Онша үлкен болмаса да көлемі,Азербайжан, Грузия таудың елі, көл елі.Азербайжан, грузин, армян ағайын.Тағы сені құшып сүйгім келеді - деп ортаға Азербайжан, Грузия мен армян елінен келген қонақтарды шақырамыз.Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,Қазақстан арайлы туған өлкем.Одақтың ортан қолдай ұлысың сен,Достығымен жарасып жайған өркен.Міне, Қазақстан Республикасына қош келдіңіздер.