Урок казахского языка в 4 классе 1-мамыр – ?аза?стан халы?тарыны? бірлігі к?ні


4 сынып _________
Сабақтың тақырыбы: 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі туралы білу, жаңа сөздермен сөйлемдерді дұрыс құрастыра білуді үйрету. 
Дамытушылық:Тапсырмалар арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденпаздық қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді дұрыс байланыстырып, ойды жүйелеп айтуға дағдылану. Тәрбиелік:Оқушылардың адамгершілікке, отаншыл болуға тәрбиелеу. 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
1. Сөздікпен жұмыс
Дүниежүзі – весьмир Бірлік - единство Алғашқыда – впервые Саяси маңызы – политическое значение Шешім қабылданды – принято решение Ынтымақтастық – солидарность Өткізіледі – проводится 
2. Мәтінмен жұмыс
Қазақстан халқының бірлігі күні 1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. Бұл күн «Қазақстан» атты шаңырағымыздың астында жиналған 130-дан аса ұлттық мейрамы-Ынтымақтастың күні. - Мына мәтін не туралы? - Бірлік күні мерекесі туралы 
1 ) Мәтінге сұрақ құрастырып жаз.
3. Сергіту сәті
4. Мақал-мәтелдер 1. Ел бірлігі – ел теңдігі
В единственарода – егосвобода2. Бірлік болмай тірлік болмас.Без единства жизни нет.
3. Бірлік, ынтымақ – байлықбақ.Согласие и единство – счастье и богатство
4. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ. 
Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Нет согласия – нет единства, 
Нет единства – нет счастья.
5. Байлық – байлық емес, бірлік – байлық.
Истинное богатство не в достатке, а в единстве.
6. Ырысалды – ынтымақ.
Счастья начало – согласие.
7. Бірлікті ел бұзылмас.
Единство народа все беды отводит.
8. Бірлігі жоқ ел тозады, 
Бірлігі күшті ел озады.
Народ, не знающий единства, с нуждой дружит; 
Народ сильный единством, со счастьем дружит.
ІV.Сабақты қорытындылау
V.Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
5 мақал-мәтел жаттау