1 мамыр – Халы?тар бірлігі мерекесіне арнал?ан «Досты? ?нін шыр?айы?!» атты сазды ба?дарлама


1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарлама
1-Дамир: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар!
2-Даяна: 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Достық әнін шырқайық!» атты сазды бағдарламамызды бастауға рұқсат етіңіздер!
3-Исмаил: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Даяна: Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Дамир: Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау – Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.
Даяна: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – барша қазақстандықтардың борышы.
Исмаил: Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Даяна: Баршаңызға, әр отбасына денсаулық, береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Дамир: Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
Бәрі бірге: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН АҒАЙЫН!
Даяна: 1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.2015 жыл Қазақстан халқы Ассамбллясы жылы .
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Исмаил:  Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
                        Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
                        Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
                        Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Даяна: Ұлтаралық татулық арқасында  бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай.Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
Дамир:  Біздің білім ордамыздың ұйытқысын келтіріп отырған бәріміздің басшымыз Сергеева Лариса Васильевна. Ендеше, апай, көпшілікке деген жүрекжарды ақ тілегіңізді білдіру үшін өзіңізді ортаға шақырамыз. /мерекелік лебіз айтады/
Даяна: Құрметті қонақтар! . Әрине, қазіргі таңда елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады Бүгінгі мерекемізде біз ауылымызда тұратын ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
                        Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
                        Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
                        Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Исмаил: Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
                        Қайта тудым өмірге қайта келдім.
                        Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
                        Айта бергім келеді, айта бергім.
Даяна: Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді.Алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық дәмімізді ұсынатын, ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдеріне алғашқы сөз кезегін береміз
Дамир: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің биылғы оқу жылындағы бастауыш сынып түлектерінің ата –аналары атынан беріліді.
Даяна :                            Ортақ мекен жер шары,
                                                  Төбемізде бір аспан.
                                                  Барлық ұлттың баласы,
                                                  Достығымыз жарасқан
Исмаил: Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, Орыс мәдени орталығына сөз кезегін береміз./Орыс халқының сәлеміін қабыл алыңыздар/
Дамир:Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің тәрбие-ісінің орынбасары Додай Айнұр апайға сөз беріліді
Даяна:                            Ортақ бізге бір Отан,
                                                  Ортақ жердің байлығы.
                                                  Еңбек ортақ, жыр ортақ,
                                                  Ортақ бізге барлығы.
Имаил: Сөз кезегін Өзбек мәдени орталығына береміз./Өзбек халқының сәлемін қабыл алыңыздар/
Даяна : Мерекелік құттықтау сөз кезегі ардагер-ұстаз Гүлжихан апайға беріледі.
Дамир :                          Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
                                                Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
                                                Елім менің биіктігі шарайнам,
                                                Қыран құсы көгінде мың самғаған!
Даяна: Қазақ жері ортақ Отан, ортақ өлке болып, әр азаматтың мекеніне айналған. Келесі кезекті армян мәдени орталығының өкілдеріне береміз.Армян халқының сәлемін қабыл алыңыздар.
Дамир: Мерекелік құттықтау сөз кезегі 2-сынып атаналарына беріледі.
Исмайл: Жер-Ана бәрімізге ортақ. Осынау сахара кең қазақ даласында көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті ынтымақта, бауырластықта өмір кешуде
Даяна:                        Ағайын-туған – бар адам,
                                               Адалдық үшін жаралған.
                                               Бар қымбат туыстық,
                                               Баянды болсын тыныштық!
Дамир: Ортаға көршілес қырғыз мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз./Қырғыз халқының сәлемі/
Даяна:                         Республикам менің,
                                              Республикам менің,
                                              Абатым!
                                              Көркіңді көрсе – мейірі көздің қанатын!
                                      Қуат бар сенде лапылдап от боп жанатын,
                                               Шуақ бар сенде достасып бірге табатын.
Исмаил: Сөз кезегі украин мәдени орталығының өкілдеріне беріледі./украин халқының лебізі қабыл алыңыздар
Дамир: Мерекелік құттықтау сөз кезегі 3-сынып атаналарына беріледі
Даяна:                         Тілегі бір,
  Жүрегі бір.
                                               Достармен біз біргеміз.
                                               Туыс барда құрыштан да,
                                               Берік біздің іргеміз!
Дамир: Өз құттықтау лебізін білдіру үшін ортаға азербайжан мәдени орталығының өкілдерін шақырамыз./азербайжан халқының лебізі/
Даяна:                      Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
                                            Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
                                            Қайталанып, жаңарып айтылады,
                                            Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
Исмаил: Сөз кезегі поляк мәдени орталығына беріледі.Молдаван халқының құттықтауы
Дамир: Мерекелік құттықтау сөз кезегі 1-сынып атаналарына беріледі
Даяна:                      Жақсылыққа, бақытқа,
                                            Талпынған әр уақытқа.
                                            Бала біткен дос-бауыр,
                                            Болмасын еш тосқауыл!
Дамир: Келесі кезекте ортаға карей мәдени орталығының өкілдеріне береміз./Карей халқының лебізі.
Даяна:                      Қайсарлығы қара тасты үгіткен,
                                            Қаһарынан қас дұшпаны үріккен.
                                            Қайырымдылығы тас жүректі жібіткен,
                                            Арғы тегі Алаштан тараған,
                                            Керегесін ағаштан құраған елміз!
Дамир: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз!
Исмайл: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
Даяна: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз!
Дамир: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Исмайл:Даянаның орындауында « Достар ән»
Дамир : бірінші ,екінші сынып оқушыларының тамаша биін тамашалаңыздар.
Даяна: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет.Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Мерекелік құттықтау сөз кезегі мектебіміздің оқу-ісінің орынбасары Егеутаева Лайлагул апайдан сұраймыз.
Дамир: Қазақстан сияқты мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
Исмайл: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
Дамир: Ынтымақтастық жасасын!
Исмайл: Қазақстан жасасын!
Даяна: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын! Осымен, бүгінгі «Достық әнін жырлайық!» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.
Бәрі бірге: Сау саламатта болыңыздар!
\s