Т?рбие са?аты 1-мамыр — ?за?стан халы?тарыны? бірлігі к?ні


1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні
 
Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен, «1-Мамыр», «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.
 
Жүргізуші: Құрметті балалар, әріптестер!
         Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
         «Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
          Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кеңелсін.
          Қазақ халқы өте қонақжай халық. Келген қонағын қуана-қуана қарсы алады. Ендеше бірінші қонақтарымызды қарсы алайық.
4 топ: Тақпақтар:
 
Диара: Мамырдың бірі, достық күні
            Ән салып, билеген халықтың үні.
            Тұтасып, тойлаған ұлттар,
            Керемет мереке, мамырдың бірі.
 
Ксения:    Достық – шырағымыз,
                 Достық – ұранымыз.
                 Достық туымыз,
                 Достық әніміз.
 
Арсен:     Дос болып түрлі халықтар,
                 Жасайтұғын ғасырмын.
                 Бақыт шымын әлемге
                 Ұмытылмас асылмын.
 
Бекзат:     Бейбітшілік ұраны,
                 Жарқыраған алтын күн.
                 Ән қанатты қыраны
                 Еркіндігі халқымның.
 
 
Айжан:    Достықты үлгі санаған,
                 Бір үйде біз тұрамыз.
                 Қалған ата-бабадан,
                 Бірлік асыл мұрамыз.
 
 
Ән «Керек маған тыныштық».
 
Би «Көбелектер»
 
3 топ
Тақпақтар:
1-бала:  Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,
               Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
               Болашақ ұрпғыңның бақыты үшін,
               Жайнай бер, Ұлы Отаным - Қазақ елім.
 
 
2-бала :  Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
                Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
                Бүгінде бар әлемге данқың жетті,
                Тәуелсіз Қазақстаным – елім менің.
 
3-бала:       Жасампаз жыр - әнім,
                   Өзіңсің ғажапстан .                   Өсиет, ұраным,
                   Отаным –Қазақстан.
 
Ән «Домбырасыз ән қайда»
 
Би: «Шығыс биі»
 
 
5 топ
Тақпақтар:
Мадина:   Біз балдырған тең басқан!
                  Дос құшағын кеңге ашқан.
                  Тілегіміз әділдік!
                  Ашық болсын кең аспан!
 
Мадияр:  Дос болайық бәріміз,
                 Жарасып тұр әніміз.
                 Тыныштықты сақтаймыз,
                 Атсын күліп таңымыз!
 
 
Нурали:  Әрқашан дос біргеміз,
                 Ажырамас іргеміз.
                 Ілгері жүріңдер,
                 Достық жырын біліңдер!    
 
Би «Достық биі»
 
Ән «Көбелек»  Васильева Руслана
 
Ән «Ақ тілек»  5 топ балалары.
 
Жүргізуші:  Осымен 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік фестивалімізді аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар!