Урок ?ауын мен ?арбыз


Пәні Ана тілі 4 – сынып.
Сабақтың тақырыбы Жолтай Әлмашев. Қауын мен қарбыз.
Сабақтың мақсаты Оқушылардың ертегіні түсініп, өз сөздерімен әңгімелей білуге ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Оқушылардың өздігінен шешім қабылдай білуіне дағдыландыру.
Күтілетің нәтиже Оқушылар ертегі мазмұнын өздігінен ізденіп ашады, топ жұмысына белсене араласа алады, өз бетімен жұмыс жасап ойын жеткізеді.
Түйінді идеялары Ертегідегі түйінді ойды анықтайды, танымдық белсенділігі артады.
Сабақтың әдіс - тәсілі Жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Ойлау деңгейі Мұғалімнің әрекеті Оқушынын іс - әрекеті Күтілетін нәтиже Қандай ресурс
Білу Ұйымдастыру.
Миға шабуыл.
Мақтарал ауданы қауын – қарбыз егіншілігі жөнінде ой тастау. Көкөніс суреттерімен топқа бөлу. Аулымыздағы қауын – қарбыз өнімдері жөнінде ойланып, көрген білгендерін ортаға салады. Өздері қалаған көкөністерді алу арқылы топқа бөлінеді. Тақырыпты өздері ашады. Өзара татулық орнайды. Оқулық, Сурет, Плакат
Түсіну Топтық жұмыс. "Қауын мен қарбыз" ертегісі бойынша 3 топқа тапсырма беру. 1 – топ. Ертегідегі қауын мен қарбыз. Олардың сайға домалауы.
2 – топ. Қауын мен қарбыз ел ішінде. Атасы мен немересі.
3 – топ. Қауынның ерлігі. Қарбыздың қорқақтығы. Бүгінгі қауын мен қарбыз. Топтасып жұмыс жасап, ортақ қорытындыға келеді, білімі кеңейеді.
Қолдану Постермен жұмыс Әр топ өз бөлімдеріне постер қорғайды. Тақырып мазмұнын баяндайды. Берілген тапсырма бойынша өз пікірін өзгелермен бөліп, өзгені тындайды, ой қорытады.
Талдау " Аяқталмаған сөйлем" Оқушылар ертегінің мазмұнына байланысты бір сөйлемді бастайды келесі топ сөйлемді аяқтайды. Мысалы: Дарбыз домалап шығайын десе _________________. Көшбасшылық танылады.
Жинақтау "Дән – көкөніс жүрегі" тақырыбында эссе жаздыру. Оқушылар ойын жинақтап эссе жазады. Оқушы сыни тұрғыдан ойланады. Талантты, дарынды оқушы дараланады.
Бағалау "Жасыл елге үлес" бағалау критерилары - топтық жұмыс.
- аяқталмаған сөйлем.
- эссе.
- қорытынды.
Ынталанады. Бағалау әділ өтеді.
Кері байланыс "Екі жұлдыз, бір тілек " Оқышылар екі ұнаған нәрсе, бір ұсыныс, пікір білдіреді Кері байланыс білдіреді.