Ана тілінен ашы? саба? ?ауын мен ?арбыз


№ 19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Айсугурова Улбосын Амирхановна
Бекітемін:-----------------------
Мерзімі:
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ағаштар неге ашуланады? Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бағалау мақсатын үйрету.Сауатты оқуға қалыптастыру.Жан-жақты мәтінді талдауға үйрету, дағдыландыру.. Логикалық ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа , ептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың өз ана тіліне деген сүйіспеншілігі артады. Бағалау мақсатын меңгереді. Сауаттылығы қалыптасады. Берілген тапсырманы топ болып талдауға дағдыланады. Ой-өрісі дамиды. Ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиеленеді.
Сілтеме Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. «Оқушы анықтамалығы»
Негізгі идея:
жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, постер әдісі. Интерактивті тақта АКТ
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар. Бағалау парақтары.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг:
Күн, мен сенен жылу аламын,
Жүрегіме саламын.
Досыма сыйлаймын,
Сәттілік тілеймін!
Балаларға әртүрлі ағаштардың суреттерін таратып беріп (қайың, емен, шырша) топтарға бөлемін. Бүгін біз үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
І топ Емендер
ІІ топ Қайыңдар
ІІІ топ Шыршалар
Бейне таспан (осы бейне таспадан оқушылар ағаштар туралы бейне көріністерді көру арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбы ашылады.)
«Ойлан, жұптас, топтас»
Мәтін бөліктерімен жұмыс істей отырып постер қорғау және өзара сұрақ дайындау.
(Екі жұлдыз, бір ұсыныс)
«Есіңде болсын балақай»
І топ Қызыл кітапқа енген ағаштар
Слайд қызыл кітапқа енген ағаштар туралы айтылады.
ІІ топ Ағаштардан жасалған бұйымдар
Слайд ағаштардан жасалған бұйымдар туралы көрсетіледі.
ІІІ топ Ағаштар туралы мақал мәтел құрастыру.
Слайд ағаштардың пайдасы туралы айтылады.
(Бағдаршаммен бағалау)
«Біз зерекпіз»
1.Алмабектің айыбы ***
***
***
2.Мына мақалдарды толықтырып жаз.
*********** еңбегімен озады.
*********** езілумен тозады.
*********** ертеңі бітпейді
3.Табиғатпен адам арасындағы қарым- қөатынас---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
4.Мына сызбаға сүйеніп Б. Соқпақбаевтың шығармаларына талдау жаса.

Авторы

Шығармаларының аты.

Басты кейіпкерлері
Автордың негізгі ойы
5.Венн диаграмма
жеміс ағаштарыжемісі жоқ ағаштар
( Басбармақпен бағалау)
Кубизм әдісі арқылы әр топқа сұрақар беріледі.
ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау
№ 19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Айсугурова Улбосын Амирхановна
Бекітемін:--------------------
Мерзімі:
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Қауын мен қарбыз. Жолтай Әлмашев
Сабақтың мақсаты: Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқуға, ертегінің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.
Өзара бірін-бірі бағалауды үйрету.
Сөздік қорын молайту, өзін еркін ұстауға қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.
Күтілетін нәтиже Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.
Сөздік қоры дамиды.Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.
Елін, жерін қорғай білуге тәрбиеленеді, сыныптың реттелігі қалыптасады.
Сілтеме Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Негізгі идея:
Блум таксаномиясымен жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, блум таксаномиясы, интерактивті әдіс,постер әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия

І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б) Психологиялық сабаққа дайындық:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Армысың жарық күнім Көңіл-күйім ашылады,
Шуағымен берген білім, Өзіңдей боп жарқырайды.
Ертегі ,өлең үйрететін Бүгін бізде мол дайындық
Құрметтейміз ана тілін! Қабыл алшы жарық күнім !
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісі не жайлы?
Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы).
Қараағаштың қылығы қандай адамды елестетеді?
Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті?
Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
ІІІ. Өткенді пысықтау: Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер қауын, қарбыз жеп көрдіңдер ме? Оның дәмі қандай? Олар туралы жұмбақ білесіңдер ме?Ү. Жаңа сабақ. Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқу; сөздік жұмыс: Түйнек – өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні. Тұз тағылары – далада тіршілік ететін жабайы аңдар. Пәлек – қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені. Сұрақ-жауап: Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді? Қауынды кім тауып алады? Қарт қауынның дәнін не істеді? Қарбыздың жағдайы не болды? ҮІ.
Білімін тексеру. 1.Бұл ертегіден нені түсіндің? 2. Ертегі қалай басталатынын дәптеріңе жаз.(Ерте- ерте, ертеде, ешкімнің табаны тимеген ен далада Қауын мен Қарбыз жайқалып өсіп тұрыпты...) 3. Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы.
ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нелер жайлы? «Дән – Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесің? Бұл үзіндіні, яғни Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?
ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу. 2. Бағалау .

№19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Айсугурова Улбосын Амирхановна
Бекітемін:----------
Мерзімі:
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Аққу , шортан һәм шаян
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.ауызша сөйлеуді, мәнерлеп оқуы, өз ойын жүйелі айта білуі қалыптасады.
Сөздік қоры дамиды.Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.
Елін, жерін қорғай білуге тәрбиеленеді, сыныптың реттелігі қалыптасады.
Сілтеме Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Негізгі идея:
Модулдік әдіс тәсілдер арқылы меңгерту
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, блум таксаномиясы, интерактивті әдіс,постер әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия

І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б) Психологиялық сабаққа дайындық:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Армысың жарық күнім Көңіл-күйім ашылады,
Шуағымен берген білім, Өзіңдей боп жарқырайды.
Ертегі ,өлең үйрететін Бүгін бізде мол дайындық
Құрметтейміз ана тілін! Қабыл алшы жарық күнім !
Оқушы көңіл-күйін «бармақпен» бағалау.
ІІ. Сабақ мақсатымен таныстыру: - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.
Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.
Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.
І топ: Шаян тобы
ІІ топ: Аққу тобы
ІІІ топ: Шортан тобы
Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.
А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.
Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған «Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.
( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)
Балалар, олар қайда өмір сүреді?
Олар не істемек болды?
Олардың жүктері неге қозғалмады?
Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?
Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.
1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.
А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?
Мысал бізді неге шақырады?
Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.
Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.
2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:
Бірлік болмай, тірлік болмас.
2.Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.
3 – тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.
Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.
Шортан айтады:
– Мұны көлге апарайық, - дейді.
Шаян айтады:
– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.
Автор:
– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»
Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.
4-тапсырма. Семантикалық карта
Т Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,
Қане, қанат жазайық.
Аққу болып ұшайық,
Көлде жүзген балықтай,
Жүзіп, жүзіп алайық.
Қане, айналып, қарайық.
Қорытынды. Мақал-мәтелдер:
1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,
Төртеу түгел болса, төбедегі келер.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.
Бағалау:
№19 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Айсугурова Улбосын Амирхановна
Бекітемін:-----------------
Мерзімі:
Пәні: Ана тілі Сыныбы: 4 сынып
Сабақтың тақырыбы:
Ара мен шыбын
Сабақтың мақсаты: А)Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Ә)Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Бағалау мақсатын түсіндіру. Ой- өрісі дамыту.
Б) Ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.ауызша сөйлеуді, мәнерлеп оқуы, өз ойын жүйелі айта білуі қалыптасады.
Сөздік қоры дамиды.Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.
Елін, жерін қорғай білуге тәрбиеленеді, сыныптың реттелігі қалыптасады.
Сілтеме Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Негізгі идея:
Модулдік әдіс тәсілдер арқылы меңгерту
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, блум таксаномиясы, интерактивті әдіс,постер әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар.
Тапсырма көздері:
Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Ү. Үй тапсырмасы
ҮІ. Рефлексия

І. Ұйымдастыру
а) Сәлемдесу
б) Психологиялық сабаққа дайындық:
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Армысың жарық күнім Көңіл-күйім ашылады,
Шуағымен берген білім, Өзіңдей боп жарқырайды.
Ертегі ,өлең үйрететін Бүгін бізде мол дайындық
Құрметтейміз ана тілін! Қабыл алшы жарық күнім !
Оқушы көңіл-күйін «бармақпен» бағалау.
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Топтарға бөлініп, сайыс-сабақты өткізу. Санамақ айту жолымен топтың басшысын таңдайды. Үш қатардан топ басшысы шығып, ішіндегі топтың аты жазылған қағазды оқиды.
І топ – «Оқу» тобы ІІ топ – «Жазу» тобы ІІІ топ – «Өнер» тобы.
( Топтың аты тақтаға ілінеді. Топ басшыларына ұпайды есептейтін бағалау парағы беріледі. Олардың міндеті – жауап берген өз тобының балаларын белгілеп отыру. Жинаған фишканы санап, әр топтың ұпайы есептеп шығарылады.топтың аты жазылған әрбір қалташаға ұпайды салып отырады.)
ІІІ. Жаңа сабақ: Кіріспе . жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Автор туралы қысқаша дерек.
Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы туып, 1986 жылы қайтыс болған. Ол Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы Өнер институтының театр факультетін бітірген. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Анау мен Мынау», «Бір дорба», т.б. көптеген жинақтары бар. Оспанхан Әубәкіров – талантты сатирик. Сатирик деп адамның бойындағы теріс қылықтарды сынап, мысқылдап жазатын жазушыны айтамыз.
Үнтаспадан «Ара мен Шыбын» диалогын тыңдату.
Тірек сызба бойынша мысалды талдау.
Кім
Кімге айтты
Не деп
Неліктен



Ара мен Шыбын бейнеленген сурет бойынша екеуіне мінездеме, сипаттама беру.
ІҮ. Сабақты бекіту: «Кім мықты?» сайысы.
А). «Өнер» тобының тапсырмасы. Ара мен Шыбын қанатын жамылып, рөлге бөлініп ойнайды.
Ә). «Оқу» тобы мысалдағы түйінді ойды жазады.
Б). « Жазу» тобы Ара мен Шыбын жайлы «Егер мен Шыбын болсам ...» тақырыбына эссе жазады.
«Кім ақын?» тапсырмасы. Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.
Жұмысты тез әрі дұрыс орындағандары үшін ұпай беріледі.
«Кім ұтқыр?» тапсырмасы. Бұл тапсырма бойынша мынандай сұрақтар таратылып беріледі. Оқушылар ойларын мына сұрақ негізінде жинақтайды:
«Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
«Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
«Кім тапқыр?» тапсырмасы.
Мысал бойынша мақал-мәтел тауып жазу тапсырмасы беріледі.
Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады.
Қонақ асыңа емес, қабақ-қасыңа риза.
Еңбекшінің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
Ү. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?
ҮІ. Үйге тапсырма:1. оқу, кестені толтыру. 2.Бағалау.