Кітап ?адірі М?хтар ?уезов


Күні: 7 .09.2015
Пән: әдебиеттік оқу
Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.
Сабақтың тақырыбы: Кітап қадірі М. Әуезов Сабақтың мақсаты: өлеңнің идеялық мазмұнын өмірмен байланыстыра ашуға жағдай жасау
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: оқушылардың кітап оқу мәдениетімен танысуға жағдай жасау, атақты ғұламалар мен дарынды адамдардың өміріндегі кітаптың рөлі жайылы ақпаратты талдайды;
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: кітапқұмарлыққа, кітаптың пайда болу тарихы мен кітаптың көмегімен өмірлері түбегейлі өзгерген адамдар өмірінен мысал келтіре отырып қызығушылықтарын арттыру, талдау, шығармашылық жұмыстар жасау.
Тұлғалық нәтиже: кітаптың адамның ішкі жан-дүниесін байытатындығын түсінгенін анықтау.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: портрет суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытынды лап өту.
«Өнер-білім бар жұрттар» жаттау
І. Қызығушылықты ояту.
Сандықша,, ойланып тұрған адамның, алтыннан жасалған зергерлік заттар суреттері.
Суретке қарап, не ойлайтындарыңды айтыңдар.
Кітап - алтын сандық:
Іші толған қазына, құт,
Оқы, оқы, ойыңа тұт.
Осы айтылған мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше. Бүгін біз адам өмірін кітап қалайша түбегейлі өзгерткенін білеміз. Кітаптың әрқайсымызға не беретіні туралы әңгіме етеміз.
Кітап оқып, білім алуға шақырған кімдердің өлеңдерін білесіңдер?
Сендерде осы ғұламалардың барлығы ауылдан шығып, алғашқы білімді молдадан алып, кітапқа деген құмарлықтары қалай пайда болды деген ой туды ма?
Ендеше , Абай Құнанбаевтың кітапқұмарлық қасиеті қалай пайда болғаны жайлы білгілерің келе ме?
Мағынаны тану.
М. Әуезов пен «Абай жолы » романы туралы қысқаша мәлімет беру.
Сөздік жұмыс.
Зере – әжесі, Ғабитхан – Құнанбай аулының балаларын оқытқан молда, Абай 8 жасынан Ғабитханда оқыған, Ұлжан – анасы, Күнке – Абайдың әкесі Құнанбайдың бәйбішесі
Мәтінді тізбектеп оқу.
Абайдың кітапқұмарлығын арттырған не болыпты?
Бұл ауылда кітапты қай мезгілде көп оқыған?
Мәтіннен ізде, дәлелде: Кітапты көп оқуға не бөгет болды?
Қыстың бітуі. Мал төлдейтін уақыт келді
Кітаптың аздығы
Бар кітаптың өзі қолына тие бермейтін
Абай сияқты қаншама ғұламаларымыз өз заманында кітап оқуға құмартқан. Бірақ жоғарыда айтылған себептер бойынша т.б. сол заманғы тәрбие, әдет-ғұрып, тіпті шамның жоқтығынан, майшам, пілте шамның көмегімен көрпенің астына тығылып оқитын болған. Тіпті оқуға рұқсат етілмейтін кітаптар болған.
Кітап оқуға қанша уақыт бөлесің?
Қай мезгілде оқисың?
Оқығаныңды кімге айтасың?
Кімнің отбасында кітап оқу үрдіске айналған?
Кімнің жеке кітапханасы бар?
Сергіту сәті
Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім,
Кітап көзі жабыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан
Кітап оқып, ой бөлісейік достар.
Ойтолғаныс.
Мақалға қайта оралу. – Осы мақалға қосарың бар ма?
«Бес жолды өлең » жаз
Есіңе сақта!
Кітапты қалай оқу керек:
Кітапты басынан аяғына дейін оқы.
Кітап оқығанда асықпа.
Оқыған кітабыңның аты мен авторын ұмытпа.
Оқу кезінде жол тастап оқу немесе оқылмаған парақтар болмауы керек.
Оқу барысында кездесетін түсініксіз сөздердің мағынасын кейінге қалдырмай, бірден сөздіктен тауып оқы не сұрап біл.
Оқығаның туралы ой түйіндеп отыр.
Оқыған кітабың ұнаса, оны досыңа ұсын.
Кітапты оқығанда нені естен шығармау керек:
Кітапты кір қолмен ұстама.
Кітап парақтарын ұқыптылықпен аш.
Парақты ашарда саусақтарыңды түкіріктеме. (Төрт саусағыңмен кітап бетінің ортаңғы жағынан басып отырып жоғары қарай бас бармағыңды жүргізсең, ашылу керек беті өзі ерекшеленіп отырады)
Кітап парақтарын бүкпе, белгілеуші сал.
Кітапқа қаламмен сызба.
Үй тапсырмасы Мәтінді оқу. (6-7) бет шығармашылық тапсырма
Бағалау