Резерфорд т?жірибесі. Атомны? планетарлы? моделі.


Пән: физика, 9 «а» - сынып БҚО Орал қаласы М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ-ң физика пәні мұғалімі Шарипова А.М.
Тақырыбы Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.
Мақсаты Атом құрылысының планетарлық моделін негізге алып, элементар электр зарядының сандық мәндерін анықтап, Менделеев кестесіндегі элементтердің ерекшеліктерімен, құрамын оқып үйрену.
Күтілетін нәтиже
А)Атом құрылысының планетарлық моделін біледі
В)Элементар заряд шамасының мәнін есеп шығару барысынлда қолдана алады
С)Д.Менделеев кестесіндегі элементтерді реттік номерімен массалық санына тең
Керекті жабдықтар оқулық, жұмыс дәптері, топшамалар, бейнекөрсетілімдер, шағын демонстрациялар
Сабақтың түрі. Қолданылатын әдіс – тәсілдер. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар.
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе
Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Топтарға негізгі атомның кішкене бөлшектерінің түрі арқылы топтарға бөліну«электрон, протон, нейтрон» . Оқушылар белгіленен таңбалардың суреттері арқылы топқа бөлінеді. «+», «-», «бейтарап» деп жазулар белгіленген ақ қағаздарды алып топтарға бөлінеді.Топ ережесін сақтауды оқушылардың жадына ескерту.
Оқушылардан өткен сабақ бойынша үй тапсырмасы сұралады. «Сұрақты ұстап ал әдісі арқылы топтарға сұрақтар беріледі» әр топтағы оқушы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын ағылшын тіліне аударады.
1.Өз өзінен көзге көрінбейтін бөлшектер мен сәулелерді шығаратын элемент. (Уран 92 элемент)
2. 1989 жылы Пьер Кюри және Мария Сколодовская Уран кенінен екі жаңа химиялық элементті тапқан болатын олар қандай элемент? (радий және полоний сәуле шығару белсенділіктері уранға қарағанда бірнеше мың есе артық)
3.Радиактивті элементтер дееніміз не? (Радий немесе уран сияқты өз өзінен ерекше сәуле шығарып тұратын химиялық элементтерді радиактивті деп атаймыз)
4.Радиактивті элементтердің шығаратын сәулесі неше түрге жіктеледі. (үш түрге альфа, бета және гамма бета сәуле ол теріс зарядты электрондар, альфа оң зарядталған бөлшектер ағыны, гамма сәулесінің өтімділігі жоғары болады.)
5.Атом дегеніміз не? ( ол ұсақ бөлшек және ол тағыда ұсақ бөлшектерге бөлінеді, протон, нейтрон, электрон)
6.Рентген сәулелерін кім ашты. ( 1895жылы неміс ғалымы В.Рентген ауасы сорылған түтіктердегі электр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулені байқады және осы сәулені рентген сәулесі деп атады) Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді. Шаттық шеңбері «оқушылар ауа райына байланысты бір- біріне сәттілік
тілейді». Топ басшысын сайлайды.
Оқушылар ортаға шыққан оқушыға дәрежесі жоғары және дәрежесі төмен сұрақтар қояды.
Бұл тұста қолпаштау арқылы бағалау жүзеге асады.
Тұсаукесер
Атомның құрылысы туралы түсінік беретін бейнекөрсетілім көрсету. Визуалды айғақтар көрсету арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Оқушылар суреттер бейне көрсетілімдер арқылы тақырыптың мәнін ашады
Негізгі бөлім
Оқушылар тақырыпты оқып шығып топтысып «Өкіл» әдісі арқылы топтағы оқушыларға тақырыпты бөліп беріледі.
10 минут ішінде оқушы оқып танысып, тақырыптары бірдей оқушыларды топтастырып әрмен қарай талқылайды, әр оқушы өзі оқып түсінген тақырыбын топқа келіп түсіндіріп талқылайды.
Жаңа тақырыптың мәнін ашуға оқушыларға шағын тәжірибе көрсетемін.
Тәжірибе: Шыны құтыға суды құйып, астынан спирт шамын жағамын, сол кезде оқушылардан құбылыстың мәнін түсіндіруге рұқсат беремін.Осы тәжірибе арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашып, оқушыларды сабақтың келесі бөліміне көшіремін.
Әр топқа тірек сызба ұсынылады. Оқушылар сол бойынша топпен жұмыстанып, ойларын ортаға салады.
І – топқа: « Атом құрылысының моделін ашу, Атом ядросының зарядына тоқталу»
ІІ – топқа: «Элементар электр зарядының мәнін ашу, электрон зарядының сандық мәнін жазу»
ІІІ – топқа: «Иондалудың мәнін ашып түсіндіру»
Әр топ оқушылары тірек сызба арқылы жаңа тақырыпты меңгереді. Ойларын басқа топ оқушыларымен бөліседі.
1 - тірек сызба «Атом құрылысының мәнін ашу»


2 - тірек сызба «Элементар электр зарядының мәнін ашу, электрон зарядының сандық мәнін жазу»

3 - тірек сызба «Иондалудың мәнін ашып түсіндіру»
Бұл екінші тірек сызба бойынша екінші топ оқушылары тірек сызбаларын алып, тақырыптын мәнін ашады.

Бұл тірек сызба бойынша оқушылардың ойын толық тыңдау, өзара пікірлесу, түсіндірген бөлімдерінің негізгі түжырымының дұрыстығына көз жеткізу үшін оқушыларға шағын бейне ролик ұсынамын. Тақырыбы « Атом құрылысы»
VІ. Қорытынды. Венн диаграммасы арқылы күнделікті өмірде кездесетін химиялық элементтер су мен тұздың айырмашылығы мен ұқсастығының мәнін ашу.

VІІ. Бағалау.
Сабақтың әр бөлімі бойынша оқушылардың жинаған әр түрлі түсті атомдарының санына қарап бағалаймын. Егер оқушы бес дөңгелек атом жинаса, ол оқушы беске бағаланады. Ал егер төрт дөңгелек түрлі түсті атомды жинаса, онда ол төрт бағасымен бағаланады. Ал егер үш дөңгелек жинаса, ол оқушы үш бағасымен бағаланады.
Топта ерекше көзге түскен, сұрақ-жауапқа тез, әрі жылдам, нақты жауап бере алған оқушыларды бағалау. (2мин)
Топтасып талқылайды, тақырыпты түсінеді.
Оқушылар әр топтың тапсырмасын мұқият қарап, «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Жинаған балдарына қарай бағалау: 5-10 балл «3»
10-15балл «4»
15-20 балл «5»
Қорытынды «Кезбе тілші»әдісімен сабақты қортындылаймыз Сабақты нақты қортындылайды
Үйге тапсырма Дальтон заңы. 10 жаттығу 5,6 есептер. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Бағалау
Кері байланыс жазу формативті
Блоб сынып бөлмесі күнделіктеріне баға қойғызады.
Парақты толтырады.
Сабақтың өзіндік талдауы
Кіріспе Тұсаукесер Негізгі бөлім Қорытынды Сабақты
бағалау