Резерфорд т?жірибесі.Атомны? ??рамы.Атомны? моделі.(9-сынып)


Физика пәні мұғалімі :Абдираманова Қазипа Тулегеновна М.О.Әуезов мектебі ,9-сынып
Сабақ тақырыбы: Резерфорд тәжірибесі.Атомның құрамы.Атомның моделі.
Мақсаты:
білімділік: а) Атомның құрылысы ,моделі туралы түсінік беру
ә) Резерфорд тәжірибесін түсіндіру.
тәрбиелік: Топқа бөлу арқылы сыйластыққа тәрбиелеу,,ғылымға деген көзқарасты ерекшелеу.
дамытушылық: пәнге деген ынтасы мен қабілетін ерекшелеу, білімділік танымдарын өз бетінше жұмыс жасауға бағыттау арқылы дамыту.
Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, демонстрациялау.
Көрнекілік құралдар: слайдтар, магнит ,шыны Электронды оқулық , видеоролик.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, қазақ тілі
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
1.Диалог құру –шеңбер арқылы –ішкі және сыртқы шеңбер.
2 Оқушыларға өзіндік бағалауды түсіндіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
физикалық диктант/
ІІІ. Өткенді еске түсіру. ./ 1. Қызығушылықты ояту
Жаңа сабақты меңгеру.
II. Мағынаны тану
а) Жаңа тақырыпты игерту . /Презентация , постер жасап , қорғау/
ә) Демонстрация (магниттермен)
б) Бекіту сұрақтары
Жаңа сабақты бекіту. Ой- толғаныс
Қорыту. .
Үйге тапсырма
Бағалау
ІІІ. Өткенді еске түсіру физикалық диктант
Физикалық диктант, 5 минут
Ядролардың өздігінен бөлінуі-Радиоактивтілік
Ыдырау түрлері- альфа-ыдырау . β – ыдырау; γ – сәулелер
альфа-ыдырау .
Бета-ыдырау.
Радиоактивтік дегеніміз не?
Радиоактивтік құбылысын ашқан ғалым кім?
Радийдің α-бөлшекке ыдырау кезінде қандай элемент пайда болады?
Радиоактивтік ыдырау кезінде атомның қандай бөлігі өзгеріске ұшырайды-ядро әлде электрондық қабықша ма?
Радиактивті ыдырау заңын ашқан кім?
Жартылай ыдырау периоды деп қандай уақытты атайды?
Жартылай ыдырау периодына тең уақытта радиоактивті элемент ядросының қандай бөлігі ыдырайды?
Радиактивті ыдырау заңының формуласын жазып мұндағы физикалық шамаларды атап шық.
Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не?
Радиоактивті ыдырау қалай жүреді?
Альфа ыдырау деп .....
Бета ыдырау деп .....
ІІІ. Жаңа білімді меңгеруге даярлық

« Ой шақыру » стратегиясы
Ғылыми - зерттеулер жоғарыдағы сұрақтың нақты жауабын тапты. Ертедегі грек ғалымдары барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған болатын. Демокрит ондай бөлшектерді атомдар деп атады. (Атом – «бөлінбейді» деген мағынаны береді). Атомдық теория ХҮІІІ ғасырда жаңа қарқын алып дами бастады. М. В. Ломоносов, А. Лавуазье, Д. Дальтон және басқа ғалымдардың еңбектерінде атомдардың бар екені нақты дәлелденді. Бұл кезде де атомдар одан әрі бөлшектенбейді деп есептелді. Бірақ физика ғылымының дамуы барысында, ХІХ ғасырдың аяғына қарай атомдар бөлінбейтін қарапайым бөлшек емес, оның құрамы күрделі болуы тиіс деген ойлар туа бастады. Бұл жерде 1869 жылы Д. И. Менделеевтің химиялық элементтер қасиеттерінің периодты түрде қайталану заңын ашуы, яғни элементтердің периодтық кестесін жасауы үлкен рөл атқарды. Егер атомды күрделі бөлшек деп есептесек, атомдық масса өскен сайын элементтер қасиеттерінің периодты түрде қайталануымен түсіндіруге болар еді.Өткен сабақта біз атомның күрделі құрылысын айғақтайтын құбылысты қарастырған болатынбыз.Сұрақ:• 1896 жылы Беккерель қандай құбылысты байқады?• Кейбір химиялық элемент атомдарының өз - өзінен сәуле шығаруы қалай аталады?• Радиоактивті сәулелену құрамына кіретін бөлшектер қалай аталады?• Осы бөлшектер ненің ағыны?
Оқушылар презентациясы
Атомдық теорияны жақтаушылар атом ең ұсақ бөлшек, ол бөлінбейді деп қарастырған болатын. Бірақ атом құрылысының күрделі екендігі физикалық айғақтармен дәлелдеді. Адамдар атомның күрделі бөлшек екендігін, табиғатта одан да кіші бөлшектердің бар екендігін түсінді.Атомнан кіші қандай бөлшектерді білесіңдер? (электрон, протон, нейтрон)Атомның күрделі бөлшек екендігін анықтаған соң ғалымдар оның әртүрлі теориялық моделдерін ұсынды. Атомның алғашқы модельдерінің бірін 1903 ж Дж. Томсон ұсынды. Бұл үлгіде атом радиусы 10 - 10м оң зарядталған шар ретінде қарастырылады. Шардың ішінде тепе - теңдік жағдайының маңында электрондар тербеліп тұрады. Электрондардың теріс зарядтарының қосындысы шарға біркелкі таралған оң зарядты теңестіреді, сондықтан тұтас алғанда атом электр бейтарап бөлшек болады. Кейінгі зерттеулер бұл модельдің дұрыс емес екенін көрсетті, сондықтан Томсон моделі қазір тек тарихи тұрғыдан қарастырылады.Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шәкірттері Г. Гейгер және Марсденмен бірге тәжірибе жасады. Резерфорд жасаған тәжірибені қарастырып көрейік. Қорғасыннан жасалған контейнердің түбіне Альфа бөлшектер шығаратын радиоактивті Радий элементін орналасқан. Альфа бөлшектері өзекше (қалған альфа бөлшектерін қорғасын жұтып алады) тарала отырып фольганы соққылайды.Фольгадан өткен альфа бөлшектерді экран тіркеп отырады. Резерфорд альфа бөлшектерінің ауытқымай бірден фольгадан өтіп кететінін байқады. Алайда, альфа бөлшектерінің аз бөлігінің 900 – тан артық бұрышқа ауытқуы, яғни олар фольгаға соғылып кері бағытта ұшатыны таңдандырды. Сегіз мыңға жуық бөлшектердің біреуі ғана осындай үлкен бұрышқа ауытқиды екен. Резерфорд оң зарядталған альфа бөлшектерінің өз бағытынан ауытқуы, оның жолында оң зарядталған «бір нәрсемен» кездесуінен деп түсіндірді. Бұл ядро болатын. Ядро оң зарядталған, оның радиусы 10 - 15м. Атомның массасы түгел дерлік ядроға шоғырланған. Оны айнала әртүрлі орбитамен теріс зарядталған электрондар қозғалып жүреді. Ең шеткі электрон орбитасының радиусы атомның радиусына тең. Бұл үлгі Күн жүйесінің құрылымына ұқсайтындықтан оны атомның планетарлық моделі деп атады. Модель бойынша атом көлемінің басым көпшілігі «бос» болып шығады, ядроның радиусы атомның радиусынан 100 000 есе кішіБасқаша айтқанда атом массасы түгелімен ядрода жинақталған деуге болады. Сөйтіп, альфа бөлшектері фольгадан өткенде өз жолында электрондармен және ядромен кездеседі. Электрондармен кездескен альфа бөлшектері өз бағытын өзгертпей тура таралатын болса, ядромен кездескен альфа бөлшектері өз бағытын 1350 - 1500 өзгертеді екен. Алайда соңғыларының саны онша көп емес. Орта есеппен алғанда 8000 альфа бөлшектің тек біреуі ғана өз бағытын 1500 өзгертеді, (сурет). Атом күрделі жүйе, оның центрінде оң зарядталған ядро бар, оның заряды +Ze (мұндағы Z – элементтің реттік нөмірі). Ядроны айнала электрондар қозғалып жүреді, қалыпты күйде олардың саны Z - ке тең. Резерфорд мрделі атом құрылысын дұрыс түсіндіре білді.Ядро атом көлемінің өте кішкене орталық бөлігін алып тұрады. Ядроның диаметрі 10 - 12 – 10 - 13 см, ал атомның диаметрі 10 - 8 см шамасында. Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкейтетін болсақ. Атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.Атомдар қалыпты жағдайда бейтарап болатындықтан, электрондардың заряды мен ядроның заряды бірін - бірі теңгеріп тұрады.Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының зарядыqя= +Z*eЯдроның құрамына кіретін оң зарядты бөлшектерді протондар деп атайды.Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі реттік санына тең.Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы саны А әрпімен белгіленеді. Ол массалық сан деп атайды.A=Z+NМассалық сан мен заряд санын біле отырып, ядродағы нейтрондар санын таба аламыз:N =A - ZБір - бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.
VI.Сабақты бекіту
Тест жұмысы, 5 минут«Дұрыс жауабын табыңыз» (тест тапсырмалар)
1. Атом неден құралған?
А. Оң зарядты протондар мен теріс зарядты электрондардан.
В. Тек протондар мен электрондардан.
С. Электрондар, позитрондар мен нейтрондардан.
Д. Нуклондар мен электрондардан.
2.Нуклондарды ядроға біріктіріп тұрған қандай күш?
А. Гравитациялық.
В. Протондар мен электрондардың тартылыс күші.
С. Ішкі ядролық.
Д. Кулондық.
3. Атом ядросының байланыс энергиясы қандай шамаға тәуелді ?
А. Протондар мен нейтрондардың бір-біріне тартылу энергиясының шамасына.
В. Электрондардың кинетикалық энергиясына.
С. Массалар ақауына.
Д. Тек ядроның массасына.
4. 9 Ғ 19 ядроның байланыс энергиясының формуласын көрсетіңіз.
А. с2 * М В. с2 * ( 9 mp + 10 mn - Мя)
С. с(m+2n) Д. с2*(9m+10m-Mя)/19
5. Нуклондар бола алатын бөлшектер жұбы
А. электрон және позитрон. В. протон және нейтрон.
С. протон және электрон. Д. протон және нейтрино.
6. Атом массасының атом ядросының массасына қатынасы қаншаға тең
А. 1 В. 4000 С. 2000 Д. 1/ 2000
1. литий изотопының атомының құрылысы қандай?
2. және азот изотоптары ядроларының бір – бірінен айырмасы қандай?
3. Мына ядролардың құрамына кіретін протондар мен нейтрондар санын табу керек: 1) , 2) , 3)
, және оттегі изотоптары ядроларының бір – бірінен айырмашылығы қандай?
ІҮ. Үйге тапсырма: 1. § 52-53 32- жаттығу.
Атом: пайдасы мен зияны қандай?Эссе жазу
Бағалау парағы .Аты-жөні:
№ Үй тапсырмасы Презента-ция
/жаңа сабақ мазмұны/ Есептер Бекі-ту/
Тест Жалпы балы
Тео-рия физ диктант   №1 №2    
балы 5 8 10 5 5 7 40
               
Бағалау.
40– 33– “5”
32– 25 – “4”
24– 15– “3” 15 тен төмен болса – “2”
№ Үй тапсырмасы Презента-ция
/жаңа сабақ мазмұны/ Есептер Бекі-ту/
Тест Жалпы балы
Тео-рия физ диктант   №1 №2    
балы 5 8 10 5 5 7 40