Геометрия п?нінен жаратылыстану-математика ба?ытында?ы 11-сынып?а арнал?ан І жартыжылды? ба?ылау ж?мысы


Қысқы сессия
І жартыжылдық әкімшілік бақылау жұмысы.
11A сынып. Геометрия.
І нұсқа.
Тақырып: Көпжақтар және айналу денелері.
Мақсаты: Оқушылардың үшбұрышты және төртбұрышты призма мен пирамиданы, оның элементтерiн кескiндей алу, параллелепипедтiн, тiк және дұрыс призманың, дұрыс пирамиданың элементтерiн, беттерiнiң ауданын табуға берiлген есептердi шығара алу, цилиндр мен конустың беттерiнiң ауданын есептей алу білім, білік, дағдыларын тексеру
1. АВСА1В1С1 көлбеу призманың табаны – қабырғасы 4-ке тең болатын дұрыс АВС үшбұрыш. АА1 бүйір қыры 7-ге тең және әрбір АС мен АВ қырларымен 60º бұрыш жасайды. Призманың бүйір бетінің ауданын тап.
2. Дұрыс үшбұрышты пирамида биіктігінің табанын апофеманың ортасымен қосатын кесіндінің ұзындығы m және ол табан жазықтығымен α бұрыш жасайды. Пирамиданың толық бетінің ауданын тап.
3. Цилиндрге сырттай сызылған призманың табаны – доғал бұрышы 2α болатын ромб. Призманың биіктігі h және оның үлкен диагоналімен β бұрыш жасайды. Цилиндр табанының радиусын тап.
4. Конус қимасының табан жазықтығына көлбеулігі 60º. Оның арасындағы бұрыштары 30º екі жасаушысы арқылы жүргізілген қиманың ауданы 16 см2. Конустың толық бетінің ауданын тап.
5. Гипотенузасы 25 см және оған тұрғызылған биіктігі 12 см болатын тікбұрышты үшбұрышты гипотенузадан айналдырған. Пайда болған айналу денесі бетінің ауданын тап.
_____________________________________________________________________________
ІІ нұсқа.
1. АВСА1В1С1 көлбеу призманың табаны – қабырғасы 6-ға тең болатын дұрыс АВС үшбұрыш. А1 төбесі А, В, С төбелерінен бірдей қашықтықта орналасқан. Бүйір қыры 5-ке тең. Призманың бүйір бетінің ауданын тап.
2. Дұрыс үшбұрышты пирамида биіктігінің табанын апофеманың ортасымен қосатын кесіндінің ұзындығы m және ол пирамида биіктігімен β бұрыш жасайды. Пирамиданың толық бетінің ауданын тап.
3. АBCDEFA1B1C1D1E1F1 aлтыбұрышты дұрыс призманың биіктігі h, ол табан радиусы R цилиндрге сырттай сызылған. А A1 E1Е төртбұрышының ауданын тап.
4. Конустың төбесі арқылы өтетін қиманың ауданы 16 см2 және ол табанын хорданың бойымен қияды. Конустың жасаушысы осы хордамен 75º, ал конустың биіктігімен 30º бұрыш жасайды. Конустың толық бетінің ауданын тап.
5. Катеттері 30 см және 40 см болатын тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырған. Пайда болған айналу денесі бетінің ауданын тап.
_____________________________________________________________________________
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ (рубрикаторы дескрипторларымен):
Критерий Жетістік
деңгейі Дескрипторлар
А
(max6) 0 Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1 Көлбеу призманы жазықтықта дұрыс кескіндей алады.
1 Көлбеу призманың әрбір бүйір жағы қандай фигура екенін ажырата біледі.
1 Призманың бүйір бетінің ауданын дұрыс таба біледі.
0 Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1 Дұрыс алтыбұрышты призманы кескіндей алады.
1 Призмаға іштей сызылған цилиндрді біледі.
1 Қиманың ауданын дұрыс таба біледі.
В
(max6) 0 Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1 Дұрыс пирамиданы жазықтықта дұрыс кескіндей алады.
1 m кесіндісі мен α бұрышын дұрыс көрсете алады.
1 Пирамиданың толық бетінің ауданын таба алады.
0 Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
1 Тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырғанда пайда болған айналу денені сызбада кескіндей алады.
2 Тікбұрышты үшбұрышты гипотенузасынан айналдырғанда пайда болған айналу дененің бетінің ауданын таба біледі.
С
(max 6)
0 Оқушы төмендегі критерийлердің біреуін де орындаған жоқ.
2 Конустың қимасын сызбада кескіндей алады.
2 Сызбада бұрыштарды дұрыс көрсете алады.
2 Конустың толық бетінің ауданы таба біледі.
ТЕКСЕРУ БЕТІ:
Критерийлер бойынша ұпайлар саны Жалпы ұпайлар саны Бағасы
А В С 6 6 6 18 5
ҰПАЙЛАРДЫ БАҒАҒА АУЫСТЫРУ ШӘКІЛІ:
Жинаған ұпайлар саны Баға
16-18 «5»
13-15 «4»
9-12 «3»
0-8 «2»