Кіріспе ба?ылау ж?мысы та?ырыбы бойынша саба?


Күні: .09.2016
№4
Пәні:
География Мұғалім аты-жөні
Умутбаева Д.А. Астана қаласы
№77 мектеп- гимназия
Сынып: 9 «А» «Ә» Оқу-ісінің меңгерушісі
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе бақылау жұмысы.
Негізгі түйінді идея: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттайды.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін талдайды.
Дамытушылық мәні: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік мәні: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: АКТ, ДЖИГСО, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс,бағалау критерийлері
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, карта, атлас, кескін карта, статистикалық мәліметтер,түрлі-түсті қарындаш
Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сәлемдесу.
2.Ұйымдастыру.
3.Топқа бөлу.
4.Сабақ барысымен таныстыру.
5.Бағалау парағын таныстыру.
Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру Сәлемдесу
Өздерін ретке келтіру
Топқа бөліну
Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру
Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)
(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)
1. Экономика және экономикалық жүйе терминдеріне сипаттама беріңіз?
2.Пәннің мазмұнында қарастырылатын экономикалық мәселелер қандай?
3.Алғаш рет «Экономикалық георафия» терминін кім енгізді?
Жаңа сабақ
Тақырыпты ашу (1 мин.)
Сабақтың мақсатымен таныстыру Тыңдайды
Сабақтың негізгі бөлімі (25 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сыныпты санау арқылы 4 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
Топ мүшелерін әрбір тапсырманы бағалаудың бағалау критерийлерімен таныстыру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. Табыс критерийлері:
Барлық оқушылар:
1-тапсырма: Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттау
Әдісі: «ДЖИГСО»
Формативті бағалау: «Келісемін»+,«Келіспеймін»- 1.Қазақстан экономикасы қандай кезеңдерден өтті?
2.Нарықтық экономиканы қалай түсінесіздер?
3.Қазақстанның жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің себебі неде?
Оқушылар белсене қатысып,төрт топқа бөлініп отырады.
Оқушылар топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылар топта ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды.
1.Оқушылар Қазақстанның экономикасының даму кезеңдерін сипаттап, сұрақтар бойынша жауап жазады.
Қорыту. Күтілетін нәтиже (5 м.)
Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау) Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау (2 мин.)
Бақылайды, бағалайды.
Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма (2 мин.)
Қайталау..Атласпен жұмыс.