«А?аш ??дейтін токарлы? білдекті? ??рылысы. Ж?мысты ?йымдастыру ж?не токарлы? білдекте ж?мыс істеу ?ауіпсіздігі ережелері. Арнайы ?лгідегі сырт?ы беттерді жону»


Сынып: 7
Пәні: Технология
Күні: «__________» «___» «201 »
Сабақтың тақырыбы: «Ағаш өңдейтін токарлық білдектің құрылысы. Жұмысты ұйымдастыру және токарлық білдекте жұмыс істеу қауіпсіздігі ережелері. Арнайы үлгідегі сыртқы беттерді жону»
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды қазіргі заманғы ағаш өңдейтін
білдектер, машиналар туралы ақпараттандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға ағаш өңдейтін қазіргі заманғы
білдектердің құрылысы технологиялық машиналар және олардың қызметі, жұмыс
істеу принциптері, олардан бұйымдар әзірлеуді, үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға ағаш және басқа да материалдарды
құрал- саймандарды ұқыпты ұстауға, ТҚЕ қатаң есте сақтауға, эстетикалық ақыл
– ой және еңбек тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі: Технология оқулығы қолдан дайындалған нұсқау карта,
құрал – жабдықтар.
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері, биология
Сабақтың түрі: Жаңа білім алу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, нұсқау
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.

Сабақтың мазмұны:
466725290195Цилиндр пішінді тетіктерді қолмен дайындау – көлемді және ұзақ жұмыс, сонымен қатар бұйым сапалы болмайды. Цилиндр тетікті токарлық білдекте айтарлықтай тез әрі дәл етіп жасауға болады. Онда ағаштан алынған дайындама жону арқылы өңделеді. Токарлық білдектің негізгі бөліктері: тұғыр, электр қозғалтқышы бар алдыңғы басша, артқы басша, тіреуіш. Алдыңғы басшада айналдырық – электрқозғалтқыштан белдікті беріліс көмегімен
айналу қозғалысын қабылдайтын білік бекітілген.
Артқы басша ұзын дайындамалардың оң жақтағы
сүйеніші қызметін атқарады. Кескіш құралды
сүйемелдеп ұстап тұру қызметін тіреуіш атқарады. Ол
тұғырды бойлай және көлденең қозғалуы мүмкін.
Дайындамалардың өлшеміне қарай айналдырыққа
бұрап бекітетін түрлі саймандарды: үштістік,
қысқұрылғы (планшайба), қысқыларды қолданады.
Токарлық білдекте, әдетте қайың, үйеңкі, шетен, жөке ағашынан жасалған дайындамаларды өңдейді. Диаметрі 150мм дейін және ұзын емес дайындамаларды қысқыға бекітеді. Ұзын дайындамаларды бір ұшымен үштістікке бекітеді. Диаметрі үлкен және қысқа дайындамаларды қысқұрылғыға бекітеді. Тіреуішті оның сүйемелдеуші беті, білдектің айналу центрі сызығынан 2-3 мм жоғары деңгейде және өңделетін тетіктен 3 мм-ден артық емес қашықтықта қондырады. Жонып өңделген бұйымдардың көбі күрделі пішінді болады. Бұл пішіндер, конус және сфера тәріздес беттердің үйлесімінен тұрады. Білдекте жонуды арнайы кескіштермен – токарлық қашаулармен орындайды. Басқа ұстаханалық қашаулардан ол құралды сенімді ұстап, жеңіл басқаруға мүмкіндік беретін ұзартылған сабымен ерекшеленеді. Сапасына қарай өңдеу жұмысын алғашқы өңдеу (қаралтым) және тазалап өңдеу деп ажыратады және құралды таңдау осыған байланысты.
51911271724022343150-368300-22860060325
4467225212725
306070157480
Дайындаманы жонып болған соң ағаш кесегіне бекітілген зімпарамен ажарлайды.
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма «Ағаш өңдейтін токарлық білдектің құрылысы. Жұмысты ұйымдастыру және токарлық білдекте жұмыс істеу қауіпсіздігі ережелері. Арнайы үлгідегі сыртқы беттерді жону»