Технология п?нінен ашы? саба? С?ндік- ?олданбалы ?нер б?йымдарын а?аш жону білдегінде дайындау


Сабақтың тақырыбы: Сәндік- қолданбалы өнер бұйымдарын 17.03
ағаш жону білдегінде дайындау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік мақсаты: ағашты таңдау және қасиеттерін талдай білуге
үйрету,дайындаманы әзірлеп, білдекке орнату,
қауіпсіздік ережесін еске түсіру; ә) дамытушылық мақсаты: оқушылардың ой-өрісін,қиялын, ойлау қабілетін
дамыта отырып,өз бетімен жұмыс істеуге үйрету,
шеберлікпен тапсырманы орындауға баулу;
б)тәрбиелік мақсаты: кәсіби іскерлікке өзін дайындауға үйрету,
ұлттық қолөнерді сүюге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: түрлі қашаулар, көзілдірік,кілт, ағаш жону білдегі.
Көрнекіліктер: компьютер,проектор,түрлі суреттер.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: техникалық мәлімет,түсіндіру,практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысу дайындығын білу.
Өтілген сабаққа ой қозғау:
-Ағашты көркемдеп өңдеу түрлерін ата?
Ою,нақыштама, мозаика мен күйдіру, оюлы безендіру т.б жатады.
-Нақыштама дегенді қалай түсінесіңдер?
Нақыштама(гравировка) – ағаштың өте жұқа жоғарғы қабатын немесе оған жүргізілген жабындыны кескішпен алып тастау арқылы бедерлі суреттің пайда болуы.
-Инкрустация дегендіміз не?
Инкрустация(лат.incrustation –қабықпен жабу) –бұйымдар мен ғимараттарды мәрмәр, қыш, металл,ағаш кесінділерінен жасалған өрнектермен және бейнелермен безендіру.
-Интарсия деп нені айтамыз?
Интарсия(итал.intarsio – инкрустация) – ағаш заттардағы инкрустацияның бір түрі,текстурасы, түсі әртүрлі жұқа ағашпен бұйымның беткі жағын безендіру үшін кесіп жасалған фигуралар мен өрнектер.
Жаңа сабақ:
-Бұйымдарды тез жасау үшін бізге не қажет болуы мүмкін? -әрине білдек.
Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина.Металл кесу, ағаш кесу, тас өңдеу білдектері болады.Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады.Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру,сүргілеу, жону, тесу сияқты жұмыс атқаратын түрлері бар.
Білдектің тарихына тоқталсақ, біздің заманымыздан бұрынғы ІVғасырда сириялықтар қолданған механикалық құрал әлі күнге сақталған. Дәл осы құрал адамзат тарихындағы алғашқы білдек болып саналады. ХІVғасырда тоқтаусыз айналатын тегершік арқылы қозғалатын білдек жарыққа шықты. Алайда, ХVІІғасырға дейін білдектің қырғышынан басқа дүниелерінің бәрі ағаштан жасалып келген болатын.
1797 жылы англиялық механик Генри Модсли тұңғыш рет бүкілдей металдан жасалған озық білдек жасап шықты. Бұл әрине бу машинасымен жүретін еді. Модсли білдегінің жарыққа шығуы бүкіл білдек өнеркәсібін жандандырып, ХІХ ғасырдағы білдек дәуіріне аяқ басуға жол ашты.
Ағаш жону білдегіндегі жұмыс күрделі емес, бірақ та өңделетін тетік сезіну дағдысы мен ептілікті талап етеді. Тек сонда ғана бұйым қиял мен шығармашылық өз көрінісін табатын нағыз туындыға айналады.
Жону білдегінің аралық сатыларда пайдаланылатын ағаш өңдеуге арналған басқа машиналардан ерекшелігі сол, ол барлық операциялар үшін бастапқы өңдеуден әрлеуге дейін жарамды.
Білдектің барлық тетіктері екі болат бөренеден немесе шойын,немесе алюминий арқалықтардан жасалған тұғырға бекітіледі. Тұғырдың бір жағында ішінде айналдырықты айналдыратын электрқозғалтқышы (0,5-1,5ат күші) бар алдыңғы тұғыр орналасады. Осы алдыңғы тұғырда орналасқан жетектеме арқылы дайындама қозғалысқа енеді. Дайындама алдыңғы және артқы тұғырға бұрандалы қыспақпен бекітіледі. Бұйымның айналу жиілігін қолмен реттеуге болады. Дайындама материал құрғақ, бұтақсыз, жарықсыз болуы тиіс.
Дайындаманы білдекке бекітпес бұрын білдекті қосып қарауымыз керек. Басқалайда ақаулары жоқ екеніне көз жеткіземіз, сонан соң дайындаманы білдекке бекітеміз. Тіреуіш тұтқаның саңылауын 2-3мм етіп бекітеміз. Білдекте дайындама мен жұмыстанудың екі әдісі бар. Біріншісі бұйымның сыртын жонып өңдеу болса, ал екіншісі бұйымның ішін ойып қуыстап өңдеу. Бірінші жағдайды тез меңгеруге болады, ал екіншісінде біраз еңбектенуді талап етеді.

Центрлердің арасына қысылған дайындаманы өңдеу.Бұл тәсіл әртүрлі ұзындықтағы, алдыңғы және артқы тұғырлардың центрлері арасында бекітілген цилиндр формалы тетіктерді, яғни өте шағын шахмат фигураларынан бастап үстел аяқтарын, таяныш бағандарын, оқтау, әртүрлі спорттық кубоктар,майшам тұғырларына дейін жасауға болады.Жұмыстану кезінде қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтау керек. Жұмыс киімін, көзге көзілдірік киуді естен шығаруға болмайды. Бұйымды жону кезінде қашауды өте қатты басуға болмайды.
Практикалық жұмыс:
Оқушылардың жұмыстану кезінде қадағалап отырамын, және де білдек біреу болғандықтан қалған оқушылар бос отырмас үшін, оларды сәндік-қолданбалы өнер тақырыбына сай өру,тоқу және ағашты қолмен өңдеу жұмыстарына байланысты тапсырмалар беремін.
Бекіту сұрақтары:
-Білдек қай ғасырда пайда болды және оны кім ойлап тапты? Біздің заманымыздан бұрынғы ІVғасырда сириялықтар қолдана бастады. 1797жылы англиялық механик Генри Модсли жасап шығарды.
-Жону білдегіндегі жұмыс тәсілдерін атаңдар? Дайындаманы екі тәсілмен бекітеді. Бірінші тәсілде ағаш тетік горизонталь бағытта алдыңғы және артқы тұғырлардың центрлері аралығына қысылады. Екіші тәсілде дайындаманы алдыңғы тұғырға қысқы немесе қысқықұрылғының көмегімен орнатады.
Оқушыларды бағалау:
Жұмыс орнын жинау:
Үйге тапсырма:§21-оқу, 102-112беттер.
Сабақ аяқталды.
Сау болыңдар.