Сынып са?аты «Адамгершілік т?рбие»


Сабақтың жоспары
Поурочный план
The plan of the lesson
Күні/ Дата/ Date:
Топ/ Группа/ Group:
Пән/ Предмет/ Subject: ТІӘ
Сабақтың тақырыбы/ Тема занятия/ Theme: Сынып сағаты «Адамгершілік тәрбие»
Сабақтың түрі/Вид занятия/ Kind of the lesson: машықтамаға дайындық сабағы
Мақсаты/ Цели занятия/ Objectives :
білімдік / образовательная/ educational: сынып сағатында ойын элементтерін қолдану түрлерімен,әр этапта қолдану мақсатымен таныстыру
дамытушылық/ развивающая/ developing: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Есте сақтау, сөйлеу мәнерін дамыту.
тәрбиелік/ воспитательная / bringing-up: Тәжірибелік әрекет етуге дайындау, өз бетімен жұмыс істеуді қалыптастыру.
Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Resources: презентация
Сабақтың барысы/ План занятия/ Plan
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен материалды пысықтау
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту
ІV.Бекіту кезеңі
V.Қорытынды
VІ.Үйге тапсырма
Әдебиет/ Литература/ Literature:
«Бастауыш мектеп» журналы 2015ж
Интернет жүйесі
Мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студентердің сабаққа дайындығын тексеру.Назарларын сабаққа аудару. Колледж талаптарын ескеру.
ІІ. Өткен материалды пысықтау
Топтардың тапсырмаларын тексеру,талдау жасау. Өзіндік талдау жасату.
ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту
Студенттермен жағдаяттарды қарастыру.
Анасы: Асан,тез тұр! Мектепке бару керек.
Асан: Тұрғым келмейді. Бармаймын.Қойшы!
Әжесі: Мына тәттілерді кім жеп қойған? Мен бәріне бір-бірден дайындап қойып едім?
Немересі: Мен жедім. Сен тәттілерді аяйсың ба? Сен кәрісін,саған олар керек емес.
Жолаушы: Балақай,көмектесіп жіберші! Автобус аялдамасы қай жерде орналасқан?
Бала: Мен қайдан білемін? Мен онымен жүремін бе?
Мұғалім: жаңағы оқушыларды қайырымсыз деп санауға бола ма?
Студенттердің жауабы.
«Қайырымдылық» дегеніміз не?
Қайырымдылық

Тақырыпты ашу. Кішіпейілділікке жататын сөздер жаздыру.
Олар: рахмет,кешіріңіз,ғафу етіңіз т.б. Бұл сөздер не үшін керек?
Кішіпейіл адамның моделін құрастырамыз?
Мінезі жақсы,шыншыл,дөрекі сөйлемейтін,бастысы – ешқашан тәртіп ережесін бұзбайтын адам.
Бұл ережелер қашан,қалай пайда болды? Ол туралы көп адамдар ойлана бермейді. Бұл ережелер теккке пайда болмады. Халық арасында бірте –бірте ғасырлар бойы қалыптасты.Адамның бөлмеге кірген сәтінен бастап,оның сөйлеу мәнері,қалай амандасуы,алғашқы қандай сөздер айтуы,қалай отыруы,қолын қалай ұстауына қарап оның қаншалықта тәрбиелі екенін айтады. Ел ішінде : «Басқаларға өзіңе қалай қарым-қатынас болғанын қаласаң,сондай қарым-қатынас жаса» деген сөз бар.Кішіпейіл болу деген -
өзіңді қалай ұстау деген түсінік.Ауасыз өмір сүруге мүмкін болмаса,кішіпейілділіксіз де өмір сүру жоқ.
Естеріңізде болсын,Кішіпейілділік-зұлымдықтан,арам ,жаман ойлардан ең қажетті ем.
Қандай кинофильмдерден кішіпейілділікке мысал келтіруге болады.
Студенттердің жауабын тындау.
Сергіту кезеңі
Презентация қарау,талдау.
1.Слайд Ежелгі Египет
Адамдардың алғашқы тәрбие туралы кітапшы Ежелгі Египетте шықты.
Қытайда да адамдардың үстел үстінде өзін қалай ұстау қажеттігі туралы ережелер шықты.
2.Слайд Жақсы жүріс-тұрыс ежелде хандар мен ханшаларға керек болды.Олар өздерінің қол астындағы адамдарды таң қалдыру үшін қажет болды.
3.Слайд Ресей елінде І Петр кезінде пайда болды.Қазіргі кезге дейін келген.
ІV. Бекіту кезеңі
Топтарға тапсырма
І топ Қоғамдық көліктегі қарым-қатынас.
ІІ топ Қонақтағы қарым-қатынас
ІІІ топ Жұмыс орнындағы қарым-қатынас
Әр жағдайға мысалдар жазу,нақты мысалдар келтіру.Өздерінің жаңадан қосатындары бар ма?
V.Қорытынды Рефлексия «Алма ағашын безендіру» өз тілектерін жазып,толтыру.