Урок Т?л?ааралы? ?арым-?атынас?а арнал?ан психологиялы? тренингтер


HYPERLINK "https://www.kspi.kz/kaz/fakultetter/psikhologiya-zhne-pedagogikaly/zhanalyktar/2807-%D0%BF%D1%81%D0%B8%D1%85%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%87%D0%B5%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9-%D1%82%D1%80%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%BD%D0%B3-%D1%8D%D1%84%D1%84%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BC%D0%B5%D0%B6%D0%BB%D0%B8%D1%87%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%B2%D0%B7%D0%B0%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%B9%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B8%D1%8F-2" Тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг
Тренинг мақсаты ұжымшылдықты, басқа топтың мүшелерімен табысуды, жағымды эмоциялық фонды құру. Тренинг қатысушылары тренинг тобының негізгі ережелерімен таныстырылды.
Студенттерге мынадай жаттығуларда қатысу ұсынылды:Жаттығу 1. «таныстырылым» - қатысушыларға 3 топқа бөліну ұсынылды: "европалықтар", "жапондар" және "африкалықтар", содан кейін әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық ойыншылармен «өз тәсілмен» амандасуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды тренинг жағдаятына кірістіру.Жаттығу 2 . «жарнама» - қатысушылар 2 топқа бөлініп, минуттан кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топтың жағымды қасиеттерін тану.Жаттығу 3. «қызықты санамақ» - жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді дамыту.Жаттығу 4. «театр: бәрі қатысатын пьеса» - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ – сценаристер, екінші топ – режиссерлер, үшінші топ – актерлер, төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.Жаттығу 5. «миссис Мамбл» қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей « кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі « жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын» деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.Жаттығу 6. «не істегенімізді тап» - қатысушылар белгілі бір іс – әрекетті көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс – әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топты біріктіру .Жаттығу 7. «имитатор» - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды эмоциялық жа,жағынан ашу.Жаттығу 8. «психологиялық көмек» - қатысушыларға «мені мынау үшін жақсы көрмеуі мүмкін ....» сөйлемін аяқтау беріледі. Ал көршісі «бәрібір сен жақсысын, өйткені ......». Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушылардың төмен өз бағалауын көтеру.Жаттығу 9. «қоңырау» - қатысушылар бір – біріне тығыз тұрып, шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал басқалары оны тербетеді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне деген сенімділікті арттыру.Жаттығу 10. «мен саған сыйлаймын» - қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, бір – біріне жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.Тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Студенттер тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен қатысты. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.
Педагог-психолог С.Ж.Сулейменова